Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

Тақырыбы: Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану

Сабаққа қажетті ресурстар: кеспе қағаздар әр топқа; ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Бұл сабақта дөңгелек сандарды көбейту және бөлуді бекіту керек

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу «Алғырлар», «Тапқырлар», «Ұшқырлар».

(Ұ.Ж) Математикалық диктант

Сабақты математикалық диктан алудан бастаңыз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдануды пысықтайды. Оқушылар қойылған сұрақтардың қысқаша жауабын жазады. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар жұптасып бірін –бірі тексереді.

Жауабы: 7; 800; 3000; 250; 6; 9;3400;90

Сөздік бағалау жүргізіңіз.

"Балық аулау".

(Т.Ж) Сабақты әрі қарай топтық жұмыспен жалғастырыңыз. Әрбір топқа мысалдар жазылған балық пен шелектің суретін таратып беріңіз. Оқушылар кез келген ауланған балықтағы мысалды орындап, оны шығарады және жауабына сәйкес сан жазылған шелекке салады.Топтар балықты дұрыс шелекке салынғанын салыстырып, тексереді, бірін –бірі бағалайды.

Жауабы:5400; 1200; 300; 6000; 600; 8000

«Смайлик» арқылы бағалауды ұйымдастырыңыз.

Кілтін тап

(Т.Ж) Топтық жұмысты одан әрі жалғастырыңыз. Әрбір топқа үйлер мен кілттің суретін таратып беріңіз. Оқушылар үйлердегі өрнекті шығарады. Жауабы бойынша әрбір үйдің кілтін табады. Топтар үйдің кілтін дұрыс тапқаның салыстырып, тексереді, бірін –бірі бағалайды.

Жауабы: 2; 10; 72; 54; 2; 36

«Смайлик» арқылы бағалауды ұйымдастырыңыз.

(Т.Ж) Есепті шығарып көр. Сабақты әрбір топқа әртүрлі тапсырма таратып беру арқылы жалғастырыңыз.. Оқушылар алдымен есепті түсініп оқиды.Оқушылар қажет болған жағдайда есептің сызбаларын сызып, қандай амалдар қолдану керектігін талдайды. Ортақ шешімге келіп, ламинатталған парақтарға қысқаша шартын немесе сызбасын, шешуін, жауабын жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, келесі топқа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Дайын жауап арқылы оқушылар тексеріп, бағалайды.

Жауабы:

1-топ

Жауабы:8 бәліш.

2-топ

Жауабы:40 дәптер

3-топ

Жауабы:9 тоқаш

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.

Жұбыңды тап

(Т.Ж) Әрбір топқа тапсырма жазылған қима қағаз таратып беріңіз. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы өз жұбын табады. Оқушылар берген мысалды алдымен жеке орындайды. Содан кейін жауаптары сәйкес келетін өрнектерден теңдік құрастырып, өз жұптарын табады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу туралы алған білімдерін тиянақтайды.

Жауабы:

1-топ

450:50= 360:40 720:90= 240:30 3000:100=10∙3

2-топ

4300:430= 200:20 140:20= 700:100 5∙10=500:10

3-топ

4∙100=4000:10 120:20= 600:100 7∙10=7000:100

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Сабақ соңында СМС әдісі арқылы сабақты аяқтаңыз.

Оқушылар қағаздан жасалған ұялы телефонға сабақтын қалай өткенің және қаншалықты жемісті болғанын смс арқылы жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу