Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№78 сабақ. Тақырыбы:Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • Толық ондықтар мен жүздіктерге көбейту мен бөлуді орындау.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту мен бөлу тәсілдерін түсіндіру.

Оқушылардың кейбірі:

  • дөңгелек сандарды көбейту мен бөлуді ереже бойынша түсінідіріп, есептер шығару.

 Бағалау критерийлері

-толық ондықтар мен жүздіктерге көбейте және бөле алады;

- толық ондықтар мен жүздіктерге көбейту және бөлу тәсілдерін түсіндіре алады;

- дөңгелек сандарды көбейту мен бөлуді ереже бойынша түсінідіріп, есептер шығара алады.

 Ғылыми тіл

 

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Көбейту мен бөлу тәсілдері.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Санды толық ондықтар мен жүздіктерге қалай бөлуге (көбейтуге) болады?

 Құндылықтар

Адамгершілік қасиетті қалыптастыру

 Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

 АКТ қолдану дағдылары

Өрнектерді интербелсенді тақтада орындау

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейту мен бөлу кестелері. 10 мен 100-ге көбейту және бөлу

Сабақ барысы

Жоспар

ланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақ

тың басы

Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

Оқушыларды топқа бірігу Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу. «Алғырлар», «Тапқырлар», «Ұшқырлар»

Кіріспе тапсырма.

(Ұ.Ж) Математикалық диктант

Оқушылар нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдануды пысықтайды. Оқушылар қойылған сұрақтардың қысқаша жауабын жазады.

Тапсырма:

  • 420 мен 60 бөліндісі нешеге тең?
  • 80 мен 10 көбейтіндісі нешеге тең?
  • Бірінші көбейткіші 30 екінші көбейткіші 100 көбейтіндінің мәні нешеге тең?
  • 25 ондыққа 10 онықты есе артыр.
  • 600 бен 100 бөліндісі нешеге тең?
  • Бөлінгіші 810 бөлгіш 90 бөліндінің мәні неше?
  • 34 пен 100 көбейтіндісі нешеге тең?
  • 900-ді 10есе кеміт. Қандай сан шықты?

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар жұптасып бірін –бірі тексереді.

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Ақылдым сол», «Керемет», «Жақсы»

Слайд№2

Топқа бірігуге арналған қима қағаз

«Алғырлар»

«Тапқырлар»«Ұшқырлар»

Слайд№3,4

Сабақтың ортасы

"Балық аулау".

(Т.Ж) Сабақты топтық жұмыспен жалғастыру.Әрбір топқа мысалдар жазылған балық пен шелектің суретін таратып беру. Оқушылар кез келген ауланған балықтағы мысалды орындап, оны шығарады және жауабына сәйкес сан жазылған шелекке салады.Топтар балықты дұрыс шелекке салынғанын салыстырып, тексереді. Топтар бірін –бірі бағалайды.

Тапсырма:

60∙90 120∙10 5∙60

200∙30 30∙20 100∙80

«Смайлик» арқылы бағалау

Кілтін тап

(Т.Ж) Әрбір топқа үйлер мен кілттің суретін таратып беру.Оқушылар үйлердегі өрнекті шығарады. Жауабы бойынша әрбір үйдің кілтін табады. Топтар үйдің кілтін дұрыс тапқаның салыстырып, тексереді.Топтар бірін –бірі бағалайды.

Тапсырма:

120:60 800:80 7200:100

540:10 200:100 3600:100

«Смайлик» арқылы бағалау

(Т.Ж) Есепті шығарып көр. Әрбір топқа әртүрлі тапсырма беру. Оқушылар алдымен есепті түсініп оқиды.Оқушылар қажет болған жағдайда есептің сызбаларын сызып, қандай амалдар қолдану керектігін талдайды. Ортақ шешімге келіп, ламинатталған парақтарға қысқаша шартын немесе сызбасын, шешуін, жауабын жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, келесі топқа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Дайын жауап арқылы оқушылар тексеріп, бағалайды.

Тапсырма:

1-топ

5 бәлішке 200 теңге төлесе, 320 теңгеге

неше бәліш сатып алуға болады?

2-топ

20 дәптерге 140 теңге төледі, 280 теңгеге

неше дәптер сатып алады?

3-топ

Сатып алушы 180 теңгеге 3 тоқаш алды,

540 теңге неше тоқаш сатып алады?

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Жұбыңды тап

(Т.Ж) Әрбір топқа тапсырма жазылған қима қағаз таратып беру. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы өз жұбын табу керек. Оқушылар берген мысалды алдымен жеке орындайды. Содан кейін жауаптары сәйкес келетін өрнектерден теңдік құрастырып, өз жұптарын табады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу туралы алған білімдерін тиянақтайды.

Тапсырма:

1-топ

450:50 720:90 3000:100

360:40 240:30 10∙3

2-топ

4300:430 140:20 5∙10

200:20 700:100 500:10

3-топ

4∙100 120:20 7∙10

4000:10 600:100 7000:100

«Смайлик» арқылы бағалау

Слайд№5

Слайд №6

Слайд№7-10

Ламинаттал-

ған парақ, маркер,

таратпа қағаз

Слайд№11,12

Сабақтың соңы

Рефлексия

СМС әдісі

Оқушылар қағаздан жасалған ұялы телефонға сабақтын қалай өткенің және қаншалықты жемісті болғанын смс арқылы жазады.

Слайд№13



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу