Қысқы мереке. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Көбейту және бөлу
№80 сабақ. Тақырыбы: Қысқы мереке
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу
3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару
3.1.2.9 100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану
3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану
3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау
3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану
Сабаққа қажетті ресурстар: кеспе қағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар
Берілген сабаққа қысқы мерекеге арнап шырша дайындаңыз.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу «Аққала», «Шырша», «Мұзайдын».
(Ұ.Ж) Графикалық диктант
Сабақты оқушыларға торкөз дәптердің парағын таратып беруден бастаңыз.Оқушыларға жұмбақ жасырыңыз.
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің.
-Шешуі «шырша»
-Шырша екендігін қандай белгілері арқылы білдік?
(Жасыл ине киемін, жаңа жылды тойлайсың)
-Енді шыршаны графикалық диктант түрінде саламыз.
Дәптердің парағының ортасынан бастап, бұрыштап екі торкөз солға қарай, 1 торкөз оңға, екі торкөз бұрыштап солға, бір торкөз оңға, екі торкөз бұрыштап солға қарай, бір торкөз оңға қарай,екі торкөз бұрыштап солға қарай, бір торкөз оңға қарай, бір торкөз бұыштап солға қарай, екі торкөз төмен қарай, екі торкөз оңға қарай, екі торкөз жоғары қарай, бір торкөз бұрыштап жоғары қарай солға, бір торкөз оңға қарай, екі торкөз бұрыштап жоғары қарай солға, бір торкөз оңға қарай, екі торкөз бұрыштап жоғары қарай солға, бір торкөз оңға қарай, екі торкөз бұрыштап жоғары қарай солға, бір торкөз оңға қарай,
екі торкөз бұрыштап жоғары қарай солға.
Салған шыршаларын тақтаға жапсырады.
- Қандай мерекеде шырша қажет болады? (Жаңа жыл)
Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың», «Керемет», «Тамаша» т.с.с
«Шырша»
(Т.Ж) Сабақты әрбір топқа тапсырма жазылған қима қағаз таратып беру арқылы жалғастырыңыз. Оқушылар есепті алдымен топта талқылайды. Ортақ шешімге келеді.Дұрыс жауабын ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, есептің шығару жолын түсіндіреді. Топтар бір –бірінің жұмысын бағалайды.
Жауабы: 120 ойыншық.
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.
Шығарып көр
(Т.Ж)Топтық жұмысты одан әрі жалғастырыңыз. Оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратып беріңіз. Оқушылар тапсырманы алдымен жұпта орындайды. Топта бірігіп, талқылау. Ортақ шешімге келу.Дайын жауап арқылы топтар бір –бірінің жұмысын тексереді. Бұл жұмыс барысында оқушылар санның/шаманың үлесін табу және үлесі бойынша санды/шаманы табу дағдысын бекітеді.
Жауабы:
- топ
240 м қоршау қалды.
2-топ
𝟏/𝟐 бөлігі қалды.
3-топ
𝟏/𝟑 бөлігін жүрді
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.
«Қызыл» - білемін
«Жасыл»- әлі де білгім келеді
«Сары» - түсінбедім
«Мұзайдыны»
(Ж.Ж) Сабақты жұптық жұмыспен жалғастырыңыз. Оқушыларға мұзайдының құрастыру үшін геометриялық фигуралар таратып беріңіз. Оқушылар жұбымен тіктөртбұрыш пішінді мұзайдының құрастырады. Құрастырған тіктөртбұрыш пішінді мұзайдынының аданы мен периметрін табады. Жұптар дәптерлерін ауыстырып бір –бірінің жұмысын тексереді.
Жауабы:
Р= (2+3) ∙2=10 (см)
S = 2∙3=6( см²)
Геометриялық фигуралар арқылы бағалау жүргізіңіз.
«Жұлдызша» -5
«Төртбұрыш» -4
«Үшбұрыш» -3
«Шыршаны безендіру»
(Ұ.Ж) Сабақты ұжымдық жұмыспен жалғастырыңыз. Оқушылар шыршаны безендіру үшін өрнектерді шығарады. Әрбір дұрыс жауабы үшін шаршыға ойыншық іліп отырады.Оқушылар мысалды шығару барысында нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін қолдану дағдысын бекітеді.
Жауабы:
10;40; 5; 700; 90; 9; 300; 8; 800;
Сөздік бағалау жүргізіңіз «Тамаша», «Керемет», «Өте жақсы» т.с.с
Сабаққа «Көңіл - күй шыршасы» арқылы рефлексия жүргізіңіз.
-білемін
-әлі де үйренгім келеді
- қиын боды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?