Қысқы мереке. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№80 сабақ. Тақырыбы:

Қысқы мереке

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

3.1.2.9 100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану

3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау

3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • Толық ондықтар мен жүздіктерге көбейту мен бөлуді орындау.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту мен бөлу тәсілдерін түсіндіру.

Оқушылардың кейбірі:

  • дөңгелек сандарды көбейту мен бөлуді ереже бойынша түсінідіріп, есептер шығару.

 Бағалау критерийлері

-толық ондықтар мен жүздіктерге көбейте және бөле алады;

- толық ондықтар мен жүздіктерге көбейту және бөлу тәсілдерін түсіндіре алады;

- дөңгелек сандарды көбейту мен бөлуді ереже бойынша түсінідіріп, есептер шығара алады.

 Ғылыми тіл

 

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Көбейту мен бөлу тәсілдері.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Санды толық ондықтар мен жүздіктерге қалай бөлуге (көбейтуге) болады?

 Құндылықтар

Өмір бойы білім алу

 Пәнаралық байланыс

Дүниетану

 АКТ қолдану дағдылары

Өрнектерді интербелсенді тақтада орындау

Алдыңғы меңгерілген білім

Тоқсан бойы өткенді қайталау

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай,Қуанатын күн келді.Күліп шықты күн бүгін.Қайырлы таң, қайырлы күн!

Оқушыларды топқа бірігуі Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.

«Аққала», «Шырша», «Мұзайдын»

Кіріспе тапсырма.

(Ұ.Ж) Графикалық диктант

Оқушыларға торкөз дәптердің парағын таратып беру. Оқушыларға жұмбақ жасыру.

Жасыл ине киімім, 

Жайлаймын тау биігін. 

Жаңа жылды тойласаң, 

Төріңдемін үйіңнің.

-Шешуі «шырша»

-Шырша екендігін қандай белгілері арқылы білдік?

(Жасыл ине киемін, жаңа жылды тойлайсың)

-Енді шыршаны графикалық диктант түрінде саламыз.

Дәптердің парағының ортасынан бастап, бұрыштап екі торкөз солға қарай, 1 торкөз оңға, екі торкөз бұрыштап солға, бір торкөз оңға, екі торкөз бұрыштап солға қарай, бір торкөз оңға қарай,екі торкөз бұрыштап солға қарай, бір торкөз оңға қарай, бір торкөз бұыштап солға қарай, екі торкөз төмен қарай, екі торкөз оңға қарай, екі торкөз жоғары қарай, бір торкөз бұрыштап жоғары қарай солға, бір торкөз оңға қарай, екі торкөз бұрыштап жоғары қарай солға, бір торкөз оңға қарай, екі торкөз бұрыштап жоғары қарай солға, бір торкөз оңға қарай, екі торкөз бұрыштап жоғары қарай солға, бір торкөз оңға қарай,

екі торкөз бұрыштап жоғары қарай солға.

Салған шыршаларын тақтаға ілу.

-Қандай мерекеде шырша қажет болады? (Жаңа жыл)

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Керемет», «Тамаша» т.с.с

Ширату

Оқушыларға мұздан соғылған қысқы мұз қалашығының иллюстациясын қарап шығуды ұсыну. Оқушылардан сәулетшілер мен құрылысшылар мұндай құрылысты неге салатынын сұрау. Оқушылар мұндай құрылыс мерекелік көңіл күй сыйлайтынын, ертегіде жүргендей сезінуге себін тигізетінін айтуы мүмкін.

Онда қысқы күндері қыдырып, шана немесе сырғанақ тебу арқылы қызықты өткізуге болатынын айту. Балалардан осындай қалашықтың құрылысын жасауға қатысқыларың келе ме деп сұрап көру. Олардың кез келген құрылыстың неден басталатынын біле ме екенін

сұрау. Шағын топқа бірігіп, мұз қалашығының құрылысы бойынша өз жоспарларын сызуды ұсыну.

Оқушылар өз әрекеттерінің жоспарын А3 форматты парақ бетіне сыза отырып, жоспарлай алады. Пәнге деген ынтасын арттыру және оқу әрекетінің тәжірибеге бағыттылығын қалыптастыру мақсатында, сабақ барысында оқулықтағы тапсырмаларды орындауды оқушылардың жоспарларына байланыстыра отырып, үнемі қайтадан оралып отырған жөн.

Слайд №2

Топқа бірігуге арналған қима қағаздар

Слайд №3,4,5

Сабақтың ортасы

«Шырша»

(Т.Ж) Әрбір топқа тапсырма жазылған қима қағаз таратып беру. Оқушылар есепті алдымен топта талқылайды. Ортақ шешімге келеді.Дұрыс жауабын ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, есептің шығару жолын түсіндіреді.

Топтар бір –бірінің жұмысын бағалайды.

Тапсырма:

Шыршаны безендіру үшін әрқайсысында 12 қызыл ойыншығы бар 5 қорап және әрқайсысында 10 сары ойыншығы бар 6 қорап ойыншық әкелінді. Шыршаны безендіру үшін қанша ойыншық керек болды?

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Шығарып көр

(Т.Ж)Оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратып беру. Оқушылар тапсырманы алдымен жұпта орындайды. Топта бірігіп, талқылау. Ортақ шешімге келу.

Дайын жауап арқылы топтар бір –бірінің жұмысын тексереді. Бұл жұмыс барысында оқушылар санның/шаманың үлесін табу және үлесі бойынша санды/шаманы табу дағдысын бекітеді.

Тапсырма:

1-топ

Балалар мұзайдынын жасауды ойлады. Ол үшін қабырғасы 300 м шаршы пішінді жерді таңдады және оның мұз кесектермен қоршады. Бірақ оның бөлігін қар басып тастады. Қанша метр қоршау қалды?

2- топ

Балаларға жаңа жылдық сыйлық дайындады. Сыйлыққа

64 кг алма мен 32 кг апельсин әкелінді. Жемістің бөлігінен сыйлық дайындады. Қанша бөлігі қалды ?

3-топ

Ұзындығы 81 км жолдың 27 км бірінші шаңғышы, ал екінші шаңғышы 17 км жүріп өтті. Бірінші шаңғышыға қарағанда екінші шаңғышы қанша км кем жүрді? Бірінші жолаушы жолдың неше бөлігін жүрді?

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

«Қызыл» - білемін

«Жасыл»- әлі де білгім келеді

«Сары» - түсінбедім

«Мұзайдыны»

(Ж.Ж) Оқушыларға мұзайдының құрастыру үшін геометриялық фигуралар таратып беру. Оқушылар жұбымен тіктөртбұрыш пішінді мұзайдының құрастырады. Құрастырған тіктөртбұрыш пішінді мұзайдынының аданы мен периметрін табу. Жұптар дәптерлерін ауыстырып бір –бірінің жұмысын тексереді.

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау.

«Шыршаны безендіру»

(Ұ.Ж) Оқушылар шыршаны безендіру үшін өрнектерді шығарады. Әрбір дұрыс жауабы үшін шаршыға ойыншық іліп отырады.Оқушылар мысалды шығару барысында нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін қолдану дағдысын бекітеді.

Тапсырма:

600:60 4∙10 500: 100 7∙100 540:6

810 :90 30∙10 240:30 8∙100 25∙10

Сөздік бағалау жүргізу «Тамаша», «Керемет», «Өте жақсы»

Слайд №6,7

Ламинатталған парақ, маркер

Слайд №8,9,10

Слайд №11,12

Слайд №13

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Көңіл - күй шыршасы»

-өте жақсы

-әлі де үйренгім келеді

- қиын боды

Слайд № 14



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу