Тіктөртбұрыштың ауданын табу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Аудан. Шамалар

Тақырыбы: Тіктөртбұрыштың ауданын табу

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.1 заттың беткі ауданын өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алуды;

3.3.1.3 тіктөртбұрыштың ауданын табатын формуланы S=a·b қорытып алуды және қолдануды; аудан өлшем бірліктерін: см2, дм2, м2, га салыстыруды және амалдар орындауды;

3.1.3.2 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын алфавитінің бас әріптерімен белгілеуді, оларды белгіленуі бойынша оқуды үйренеді.

Сабаққа қажетті ресурстар Әрбір топқа:торкөзді флипчарттың беттері (өзіңіз торкөз-дерге бөліп сызып қоюңызға болады);қабырғалары 1 см, 1 дм, 1 м болатын шаршы-лар; рулеткалар және үлкен сызғыштар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Берілген сабақта оқушыларды тіктөртбұрыштың ауданын табатын формуламен таныстыру керек: S = a ∙ b, мұндағы: S – тіктөртбұрыштың ауданы, а – тіктөрт-бұрыштың ұзындығы, b – тіктөртбұрыштың ені. Ауданның өлшем бірліктерімен таныстыру: квадрат сантиметр,квадрат дециметр, квадрат метр. Ауданның өлшем бірлігі деп қабырғасы 1 см, 1 дм немесе 1 м-ге тең болатын шаршыны қабыл-даймыз. Оны былай белгілейміз: «см2» – «квадрат сантиметр». Оқушыларға фигуралардың төбелерін латын алфавитінің әріптерімен белгілейтінін ескертіңіз.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе.

Оқушыларды топқа бірігу Алдын-ала дайындалған пазлдарды құрастыру арқылы топқа бірігу

1-топ Шаршылар

2-топ Тіктөртбұрыштар

3-топ Үшбұрыштар

4-топ Дөңгелектер

Әр топ өз тобының атауына сәйкес фигураның қасиеттерін атайды. Мысалы, шаршы жазық фигура. Оның 4 қабырғасы, 4 төбесі, 4 бұрышы бар. Барлық қабырғалары тең. Бұрыштары тік.

Кіріспе тапсырма.

Ой ширату

(Ұ.Ж) Сабақты «Артығын тап» ойынын ойнаудан бастаңыз. Берілген кестеден артық сөздерді табады.

Жауабы:

дөңгелек

тіктөртбұрыш

нүкте

шаршы

цилиндр

түзу

конус

пирамида

шеңбер

кесінді

текше

шаршы

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Керемет», «Тамаша», «Ақылдым сол» т.с.с.

Венн диаграммасы

(Ұ.Ж) Ұжымдық жұмысты оқушыларға үшбұрыш пен шаршыны таратып беруден бастаңыз. Олар Венн диаграммасы арқылы екі фигураны салыстырады. Ұқсастығы мен айырмашылығын айтады.

- Ұқсастығы неде?

- Айырмашылығы неде?

- Қай фигураның ауданы үлкен?

- Оны қалай таптық?

Фигураларды беттестіру арқылы аудандарын салыстыруға болады. Үшбұрыш шаршының бетіне сыйып тұр. Демек, шаршының ауданы үлкен деген қорытынды жасалады.

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

(Ұ.Ж) Сабақты оқушыларға тіктөртбұрыш пен шаршы таратып беруден бастаңыз. Олардың ауданын қалай табуға болатындығын сұраңыз.

- Екі фигураның ауданын қалай салыстырамыз?

-Беттестіру әдісі арқылы салыстыруға бола ма? Неліктен?

-Шаршы тіктөртбұрыштың бетіне сыймайды.

-Демек, өлшем арқылы салыстырамыз. Ол үшін екі фигураны да кіші шаршыларға бөлемі

Бұл тапсырма арқылы оқушылар өлшем арқылы салыстырып, тіктөртбұрыштың ауданы үлкен деген қорытынды жасайды.

Жауабы:

16см², 18см²

Сөздік бағалау жүргізу «Керемет», «Тамаша», «Ақылдым сол» т.с.с.

(Ұ.Ж) Оқушыларға алдын - ала дайындалған тіктөртбұрыш таратып беріңіз. Оқушылар тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің өлшемдерін алады. Сол сандарды әріптермен ауыстыру арқылы ауданның формуласын шығаруға болады.Тіктөртбұрыштың ауданын формула арқылы табуға болатындығы мысалдар арқылы көрсетіледі.

Жауабы: 24см²

Сөздік бағалау жүргізу «Керемет», «Тамаша», «Ақылдым сол» т.с.с.

2) S = a • b арқылы дөңгелектің, тік емес төртбұрыштың ауданын табуға бола ма?-Жоқ

Бұл фигуралардың ауданын палетка арқылы табамыз. Өйткені, олардың қарама-қарсы қабырғалары тең емес, бұрыштары тік емес.

Жауабы: 15см²,17см²

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Шаршы

(Т.Ж) Топтық жұмысты оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратып беруден бастаңыз.Оқушылар топтасып берілген фигуралардың ауданын табады. Топтар бір-бірімен жұмыстарын алмасады. Тақтада көрсетілгген дұрыс жауапқа қарап топтар бірін-бірі тексереді. Ұпаймен бағалайды.

Жауабы:4см², 9см²

Бағалау парағы

Бағалау парағы топ №

Қате жоқ «5»

1 қате

«4»

2 қате «3»

а)Шаршы

б)Шаршы

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырмаларды таратып беру.Оқушылар тапсырманы жұптасып орындайды. Тапсырманы орындап болған соң сағат тілінің бағытымен жұптар дәптерлерін ауыстырады. Дайын жауап арқылы бірін –бірі тексереді.

Жауабы:

S = 7 • 3 = 21 см ²

Геометриялық фигура арқылы бағалау жүргізу

(Ж.Ж) Оқушыларға өткен тақырыпты тиянақтау үшін жеке жұмыс беріңіз.

Жауабы: 15см²

Қабілеті жоғары оқушылар үшін

Жауабы:20см²

Қабілеті төмен оқушылар үшін

Геометриялық фигура арқылы бағалау жүргізу

Сабақ соңында «Желкенді қайық» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.

Оқушыларға желкенді қайық салынған қима қағаз таратып беріңіз.

-Ұнаса, сәтті орындаған болсан, желкенді жасыл түске боя;

-Қиындықты кездестірсең, сары түске боя;

-Барлығы қиын болды, мұғалімнің көмегі қажет болды десең, қызыл түске боя.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу