Тіктөртбұрыштың ауданы. Есеп шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

Тақырыбы: Тіктөртбұрыштың ауданын. Есеп шығару

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.1 тіктөртбұрыштың ауданының формуласын: S=a · bшығарып алуды және қолда-нуды;

3.3.1.3 тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен ауданын табуға берілген есептерді талдауды және шығаруды;

3.1.3.2 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын алфавитінің бас әріптерімен белгілеуді, оларды белгіленуі бойынша оқуды.

Сабаққа қажетті ресурстар: Әрбір оқушыға арналған: ламинатталған қағаздар, маркерлер;оқушылар санына қарай өлшемдері әртүрлі қағаздан жасалған тіктөртбұрыштар , таратпа қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Есептерді шығаруда ауданды (S = a · b) және периметрді (P = (a + b) ∙ 2) табу формулалары қолданылады. Есептерді шығару барысында формуладағы белгілі шаманы белгісіз шама арқылы өрнектеуді білу:

а = S : b, b = S : а, анықталған шамаларды бір формуладан екіншісі арқылы өрнектеп таба білу. Мысалы, ені 6 см, ал ауданы 24 см² болса, тіктөртбұрыштың

периметрін тап. Онда, а = 24 : 6 = 4 (см), P= (a + b) ∙ 2 = 20 см.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе

Математикалық диктант

(Ұ.Ж) Сабақты оқушылардан математикалық диктант алудан бастаңыз. Бір деңгейден келесі деңгейге өткен сайын тапсырма күрделене түседі. Оқушы өз мүмкіндігіне дейін шығаруына болады. Оқушылар тек жауабын ғана жазады.

Дайын жауап арқылы өзін –өзі тексереді, бағалайды.

Жауабы:

А деңгей

В деңгей

С деңгей

210

36

6

7

9

36м²

6

9см

9см

40

4см

18

Бағалау шкаласы

12 – 11 балл «5»

10 – 7 балл «4»

6 - 4 балл «3»

3 – 0 балл «2»

Оқушыларды топқа бірігу Алдын-ала дайындалған тіктөртбұрыштар мен шаршыларды оқушыларға таратып беріңіз. Ауданын табу арқылы топқа бірігу.

-Фигуралар кіші шаршыларға бөлінген. Әр кіші шаршы 1 см²-қа тең.

-Берілген фигуралардың аудандарын қалай таптыңдар?

- S = a · a формуласы қай фигура үшін қолданылды? Неліктен?

Жауабы:

S = 9 см²

S = 7 см²

S = 12 см²

S = 16 см²

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы» т.с.с

Есепті шығар

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған қима қағаз таратып беріңіз. Оқушылар алдымен жұпта, содан кейін топта орындайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарын дұрыстығын дәлелдеп береді. Тапсырма сабақта меңгерген дағдыларды бекітуге арналған. Қиындық туғызған жағдайда оқушыларға жетекші сұрақтар қою.

  • Есепті шығару үшін қандай формула қажет болды?
  • Үлеске қатысты қандай ережені қолдандық?

Жауабы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1)4 • 3 = 12 дм² 1 ұпай

2)12 : 3 • 2 = 8 дм² 1 ұпай

3)12 – 8 = 4 дм² 1 ұпай

Ж: 4 дм² торт қалды. 1 ұпай

Бағалау Ұпай санымен бағаланады. Максималды 4 ұпай

1-амал

1 ұпай

2-амал

1 ұпай

3- амал

1ұпай

Жауабы

1ұпай

Барлық

ұпай саны

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

Ұ.Ж) Оқушыларды интербелсенді тақтадағы тапсырмамен таныстырыңыз. Есепті шығару үшін, фигуралардағы белгісізді табу үшін қай формула керек екенің сұраңыз. Оқушылар кезектесіп есепті шығарады. Сәйкес фигурадағы белгісізді формуланы сәйкестендіреді.

Жауабы:

А) -b = S : a

Ә)- S = a · a

Б) - a = S : b

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

(Ж.Ж) «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушылар берілген тапсырманы алдымен өзі жек орындайды. Содан кейін жұбымен талқылап пікірлеседі. Жұптағы оқушылар өздерінің ортақ шешімін ламинатталған параққа жазады. Содан кейін бірнеше оқушыдан сыныпқа өз есептерін түсіндіруді сұраңыз, ал қалған оқушылар жауаптарын онымен салыстырады. Кері есеп құрастыруға қиналған оқушыларға жетекші сұрақтар қойыңыз.

-Тапсырманы орындауда қандай қиындық туындады?

-Дәптердің 1 торкөзінің ауданы нешеге тең?

-Оны қандай шамамен анықтадық?

Жауабы:

S =50 мм²

Кері есеп

a = 10 мм : a = 10 мм

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

(Ж.Ж) Оқушылардың тіктөртбұрыш ауданын табуға берілген есептерді шығаруды меңгергенің пысықтауға тапсырма беріңіз. Оқшыларға тапсырманы 3 деңгейде таратыңыз. Дайын жауабы арқылы оқушы өзін -өзі тексереді және бағалайды.

Жауабы:

А деңгей

S = 5 · 3 = 15 cм²

В деңгей

20 см ² : 5 см = 4 см (b)

С деңгей

20 см ² : 5 см = 4 см (b)

Геометриялық фигура арқылы бағалау жүргізіңіз

Сабақ соңында «Табыс баспалдағы» арқылы рефлексия алыңыз.

-Күнделікті өмірде фигураның ауданын табу қажет пе?

Не үшін?

-Бүгінгі сабақта өзіңді қай сатыда тұрмын деп санайсың?

Неліктен?

(Оқушы пікірін стикерге жазады, табыс баспалдағына жапсырады)

  • 4 · 3 = 12 дм² 1 ұпай
  • 12 : 3 · 2 = 8 дм² 1 ұпай
  • 12 – 8 = 4 дм² 1 ұпай

Ж: 4 дм² торт қалды. 1 ұпай

а) a = 10 мм

b = 5 мм

S = ? мм²

10 · 5 = 50 мм²

Ж: S = 50 мм²

ә) a = 10 мм

b = ? мм

S = 50 мм²

50 : 10 = 5 мм

Ж: b = 5 мм

ә) a = ? мм

b = 5 мм

S = 50 мм²

50 : 5 = 10 мм

Ж: a = 10 мм



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу