Қазақстандағы спорттық ғимараттар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлім. 2В- Аудан. Шамалар
№ 64 сабақ. Тақырыбы: Есептер шығару
Оқу мақсаты: 3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару
3.5.1.5 тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданын және қабырғаларын табуға берілген есептерді талдау және шығару
Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, сызғыш, кестелер, тапсырмалар жазылған қима қағаздар, координаттық тор көздер сызылған парақтар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Шама-заттың немесе құбылыстың қасиетін сипаттайды. Шамалар ұзындық, уақыт. масса, сыйымдылық, аудан, көлем, жылдамдық т.б. бірлікт ер шамасы. Кез келген шаманы өлшейді. Ол үшін ол шаманы өлшеудің негізгі бірлігін және басқа да бірліктерді іріктеп алады. Олардың арасындағы қатынастарды тағайындағанда -сәйкес шаманы өлшеудің жүйесі шығады.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Ынталандыру.
Ж.Ж. «Ойлан тездет». Мұндағы «артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»?
10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 – дөңгелек сан емес)
1, 7, 14,21,27. (1саны 7-ге бөлінбейді)
12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 – үш таңбалы сан)
24, 11, 13, 15, 17, 19, 19, 12. (24 санында – екі ондық бар)
Т.Т. Сұраққа жауап
Шама дегеніміз не? Шамаларды өлшеу үшін не істеу керек? Оларды біз қайда қолданамыз?
Шама-заттың немесе құбылыстың қасиетін сипаттайды.
Шамалар ұзындық, уақыт. масса, сыйымдылық, аудан, көлем, жылдамдық т.б. бірлікт ер шамасы.
Кез келген шаманы өлшейді.Ол үшін ол шаманы өлшеудің негізгі бірлігін және басқа да бірліктерді іріктеп алады. Олардың арасындағы қатынастарды тағайындағанда -сәйкес шаманы өлшеудің жүйесі шығады.
Т.Т. Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты кестелерді салыстыру.
1. Кестедегі бағандарды салыстыр.Не өзгерді?
Не тұрақты болды?
Заттың құны тұрақты болып, оның саны кемісе , онда бағасы қалай өзгереді?
Заттың бағасы | Заттың саны | Заттардың құны |
20 мың теңге | 60 | 1200 000 теңге |
40 мың теңге | 30 | 1200 000 теңге |
80 мың теңге | 15 | 1 200 000 теңге |
2. Кестедегі бағандарды салыстыр. Не өзгерді? Не тұрақты болды?
Заттың жалпы массасы тұрақты болып, оның саны кемісе, онда заттың массасы қалай өзгереді?
Заттың массасы | Заттың саны | Жалпы массасы |
20кг | 8 | 160кг |
40кг | 4 | 160кг |
80кг | 2 | 160кг |
Кестені толтыр, жалпы массаны және қаптың санын қалай табамыз?
Қаптың массасы | Саны | Қаптардың жалпы массасы |
60 кг | 6 | ? Бірдей |
40 кг | ? | ? Бірдей |
Шешуі: 60*6=360 кг 360:40=9(қ)
Жауабы: 9 қап
Белсендіру.
Ауызша санау.
1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 дм, ені 7 дм. Оның ауданын табыңыз.
2. Шаршы қабырғаларының ұзындығы 6 см. Шаршының ауданы мен периметрін табыңыз.
3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 7 см, ені 5 см. Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табыңыз.
4. Қабырғалары 6 см және 8 см тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табыңыз.
5. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 дм, ені 5 дм. Оның ауданын табыңыз.
6. Қабырғаларының ұзындығы және -ге тең тіктөртбұрыштың ауданын есептеп шығарыңыз.
7.Тіктөртбұрыштың ені 7 дм, ал ұзындығы 12 дм. Ауданын есептеңіз.
8. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 9 дм, ені . Оның ауданын табыңыз.
9. Шаршы қабырғаларының ұзындығы . Ауданын табыңыз.
10. Қабырғасы 4 см болатын шаршының периметрін есептеңіз.
11. Тіктөртбұрыштың ені 9 дм-ге , ал ұзындығы одан 6 дм ұзын. Оның ауданын табыңыз.
12. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 7 см. Оның ауданын табыңыз.
13. Қабырғаларын 1 дм-ге арттырыңыз. Оның ауданын табыңыз.
Шыққан аудандардың өлшемін салыстырыңыздар. Тапсырманы орындаудағы ортақ тақырыпты тап деген ұсыныс тастау. Ортақ тақырып аудан және периметр.
Аудан дегеніміз не?. Периметр дегеніміз не? Тіктөртбұрыш, шаршы ауданы мен периметрін қалай табамыз?
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңызда туындаған қандай да бір қиындықты тауып, оны түзейміз.
Т.Т. Кестені толтыр. Аудан мен периметрді табу формуласын еске түсір.
S=ахв, Р=(а+в)х2
Тік төртбұрыштың ұзындығы | Тік төртбұрыштың ені | Тік төртбұрыштың ауданы | Тік төртбұрыштың периметрі |
? см | 4 см | 32 см кв | ? см |
7 см | 5 см | ? см кв | ? см |
9 см | ? см | 27 см кв | ? см |
7 см | 4 см | 20 см кв | ? см |
Жауабы:
Тік төртбұрыштың ұзындығы | Тік төртбұрыштың ені | Тік төртбұрыштың ауданы | Тік төртбұрыштың периметрі |
8 см | 4 см | 32 см кв | 24 см |
7 см | 5 см | 35 см кв | 24см |
9 см | 3 см | 27 см кв | 24см |
7 см | 4 см | 20 см кв | 22см |
Өздік жұмыс
Есепті шығар және салыстыру жаса.
Тік төртбұрыштың ұзындығы 24 см, бұл оның енінен 8 см артық. Тік төртбұрштың ауданын тап.
Ұзындығы-24 см 8 см артық
Ені -?
24см-8см=16см
S=24смх16см=384см.кв
«Ойлан, тап» өрнек түрінде жаз. Тапсырма тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі мен ауданын табу үдерісінде, кеңістік ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.
- Қабырғасы х см шаршының қабырғасын 2 см ұзартқанда алынған жаңа шаршы периметрін
- Ұзындығы а см, ені 4 см тік төртбұрыштың ұзындығын 3 есе арттырғанда алынған жаңа тік төртбұрыштың периметрін
- Қабырғасы х см шаршының қабырғасын 2 есе кеміткенде алынған жаңа шаршының периметрін
- Ұзындығы а см, ені 4 см тік төртбұрыш ұзындығын 3 см кеміткенде алынған жаңа тік төртбұрыштың ауданын
1.Хх2см-жаңа шаршының қабырғасы
Р= (Хх2см +Хх2см)х2- жаңа шаршы периметрі
2. ах3-жаңа тіктөртбұрыш ұзындығы
4 см-ені
Р=((ах3)+4см)х2
3. а:2- жаңа шаршы қабырғасы
S=(а:2) х (а:2)
4.а-3-жаңа тіктөртбұрыш ұзындығы
Ені-4 см
S=(а-3) х 4см
Ж.Ж. Салыстыр
6 дм 8 см * 60 см52 см * 5 дм 1 см11 кг + 30 кг * 90 кг – 60 кг31 кг – 19 кг * 15 кг – 7 кг1 м * 80 см10 дм * 1 м19кг + 18 кг * 15кг + 17 кг59 кг – 9 кг * 50 кг
Ж.Ж. «Кім жылдам?» Берілген өлшем бірліктеріне өрнекте. Тапсырманы жұпта орындауды ұсыныңыз. Оқушылардың талдауларын тыңдаңыз, егер олар қателескен болса, онда тағы да ойлануды ұсыныңыз. Математикалық сөйлеу ережесіне
және шамалардың өлшем бірліктерін дұрыс пайда-
ланғандарына назар аударыңыз.
9 км - 89м= 8 км 911 м
8 т – 785 кг =7 т 215 кг
4 ц 56 кг -65 кг = 3 ц 91 кг
8 км - 59м =7 км 941 м
7т - 546кг= 6 т 454 кг
5 ц 96 кг -78 кг = 5 ц 18 кг
Қиындықтарды түзету
Мұғалім орындалу барысының дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Сіз қай жерде қате жібердіңіз?
– Қате кетудің себебі неде?
– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаса, өз іс-әрекетіңіздіңң мақсатын құрастырыңыз.
(Қосымша тапсырма орындау).
– Қиындық туындаған балалардың әрі қарайғы мақсаты қандай? (Қатені түзету).
– Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.
Әркім өз оқу мақсатын айтады.
Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы орындауды ұсынады.
Мен:
- – шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығаруды және талдауды;
- – шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептердің шешуін жазуды;
- – аудан бойынша тіктөртбұрыштың қабырғаларын табуды;
– қабырғалары бойынша тіктөртбұрыштың ауданын табуды білемін.
Өткен материалды қайталау
Баланың даму деңгейі бойынша мұғалім жекелей тапсырма береді.
9км656м х 9=86904м
13км72мх6=78432м
8кг754гх8=70032г
19т775кгх6=118650кг
345тг89тх7=21938 тиын
18м35смх8 =14680см
Т.Т. «Сыз, ауданын тауып көр». Үш топқа үш түрлі фигура беріледі ауданын табуды тапсыру. Тапсырма ауданды өлшеу мен формула бойынша шамасын табу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?