Қазақстандағы спорттық ғимараттар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
64-сабақ. Есептер шығару
2В-Аудан, Шамалар
Тақырып: Қазақстандағы спорттық ғимараттар | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару 3.5.1.5 тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданын және қабырғаларын табуға берілген есептерді талдау және шығару | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Жалпы массасы, бір жәшіктің массасы, жәшіктер саны шамаларының өзара байланысы туралы түсінік. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
0–3 | Ынталандыру. Оқушылардың тез ойлау қабілетін дамыту мақсатында ұжымдық жұмыс орындаумен сабақ басталады. Ұ.Ж. «Ойлан тездет». Тақтаға әр түрлі заңдылықтармен жазылған сандар қатары бар кесте ілінеді. Балалардың назарын аударып мұндағы «артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»? сұрағына жауап алу. Балалар тез жауаптарын атау керек және дәлелдеу керек. 10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 – дөңгелек сан емес) 1, 7, 14,21,27. (1саны 7-ге бөлінбейді) 12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 – үш таңбалы сан) 24, 11, 13, 15, 17, 19, 19, 12. (24 санында – екі ондық бар) Әр жауап сайын «шапалақ» арқылы бағалау жүргізіліп отырады. Т.Т. Сұраққа жауап. Балалардың алдыңғы сабақтардағы білімдерін пайдалан отырып шамалар туралы не білетіндіктерін сұраққа жауап алу арқылы анықтау. Шама дегеніміз не? Шамаларды өлшеу үшін не істеу керек? Оларды біз қайда қолданамыз? Шама-заттың немесе құбылыстың қасиетін сипаттайды. Шамалар ұзындық, уақыт. масса, сыйымдылық, аудан, көлем, жылдамдық т.б. бірліктер шамасы. Кез келген шаманы өлшейді.Ол үшін ол шаманы өлшеудің негізгі бірлігін және басқа да бірліктерді іріктеп алады. Олардың арасындағы қатынастарды тағайындағанда -сәйкес шаманы өлшеудің жүйесі шығады. Т.Т. Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты кестелерді салыстыру. балалардың назарын берілген кестеге аудару, Кестедегі бағандарды салыстыр. Не өзгерді? Не тұрақты болды? Заттың құны тұрақты болып, оның саны кемісе , онда бағасы қалай өзгереді? Егер заттың құны тұрақты болып саны кемісе бағасы да өзгереді деген тұжырымды балалар топта жасап, ортада мысалдар арқылы дәлелдеу сұралады.
2. Кестедегі бағандарды салыстыр. Не өзгерді? Не тұрақты болды? Заттың жалпы массасы тұрақты болып, оның саны кемісе, онда заттың массасы қалай өзгереді?
Т.Т. Кестені толтыр, жалпы массаны және қаптың санын қалай табамыз? Айтылған тұжырымды дәлелдеу мақсатында кесте толтырылады, қаптың жалпы салмағын қалай табамыз, жалпы масса мен бір заттың массасы белгілі болса зат санын қалай табатындығын дәлелдеу. Мақсат шамалар арасындағы тәуелділікті түсіну.
Шешуі: 60*6=360 кг 360:40=9(қ) Жауабы: 9 қап | №3 слайд. №4 слайд кестелер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4–6 | Белсендіру. Балалардың аудан оны табу жолдары туралы білімдерін шапшаң жауап беру қабілетіне қарай анықтау, Сұраққа жауап бере отырып тапсырмадағы ортақ тақырыпты табу. Ауызша санау. 1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 дм, ені 7 дм. Оның ауданын табыңыз. 2. Шаршы қабырғаларының ұзындығы 6 см. Шаршының ауданы мен периметрін табыңыз. 3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 7 см, ені 5 см. Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табыңыз. 4. Қабырғалары 6 см және 8 см тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табыңыз. 5. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 дм, ені 5 дм. Оның ауданын табыңыз. 6. Қабырғаларының ұзындығы және -ге тең тіктөртбұрыштың ауданын есептеп шығарыңыз. 7.Тіктөртбұрыштың ені 7 дм, ал ұзындығы 12 дм. Ауданын есептеңіз. 8. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 9 дм, ені . Оның ауданын табыңыз. 9. Шаршы қабырғаларының ұзындығы . Ауданын табыңыз. 10. Қабырғасы 4 см болатын шаршының периметрін есептеңіз. 11. Тіктөртбұрыштың ені 9 дм-ге , ал ұзындығы одан 6 дм ұзын. Оның ауданын табыңыз. 12. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 7 дм. Оның ауданын табыңыз. 13. Қабырғаларын 1 дм-ге арттырыңыз. Оның ауданын табыңыз. Кейінгі қадам: Шыққан аудандардың өлшемін салыстырыңдар. Тапсырманы орындаудағы ортақ тақырыпты тап деген ұсыныс тастау. Ортақ тақырып аудан және периметр. Аудан дегеніміз не?. Периметр дегеніміз не? Тіктөртбұрыш, шаршы ауданы мен периметрін қалай табамыз? Формуласын жаз. | №5 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7–11 | Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңда туындаған қандай да бір қиындықты тауып, оны түзейміз. Т.Т. Кестені толтыр. Аудан мен периметрді табу формуласын еске түсір. Формуланы еске түсіре отырып кестені толтырады. S=ахв, Р=(а+в)х2
Жауабы:
| №6 слайд Кесте | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
12–29 | Өздік жұмыс Есепті шығар және салыстыру жаса. Есепте не білгілі, нені табу керек. Алдымен нені табудан бастаймыз сұрақтарына жауап алу арқылы талдау жасалады. Қысқаша шарты жазылып формуланы пайдаланып есептеуге тапсырылады. Тік төртбұрыштың ұзындығы 24 см, бұл оның енінен 8 см артық. Тік төртбұрштың ауданын тап. Ұзындығы-24 см 8 см артық Ені -? 24см-8см=16см S=24смх16см=384см.кв «Ойлан, тап» өрнек түрінде жаз. Тапсырма тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі мен ауданын табу үдерісінде, кеңістік ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.
1.Хх2см-жаңа шаршының қабырғасы Р= (Хх2см +Хх2см)х2- жаңа шаршы периметрі 2. ах3-жаңа тіктөртбұрыш ұзындығы 4 см-ені Р=((ах3)+4см)х2 3. а:2- жаңа шаршы қабырғасы S=(а:2) х (а:2) 4.а-3-жаңа тіктөртбұрыш ұзындығы Ені-4 см S=(а-3) х 4см Ж.Ж. Салыстыр 6 дм 8 см * 60 см52 см * 5 дм 1 см11 кг + 30 кг * 90 кг – 60 кг31 кг – 19 кг * 15 кг – 7 кг1 м * 80 см10 дм * 1 м19кг + 18 кг * 15кг + 17 кг59 кг – 9 кг * 50 кг Ж.Ж. «Кім жылдам?» Берілген өлшем бірліктеріне өрнекте. Тапсырманы жұпта орындалады. Оқушылардың талдауларын тыңдау, егер олар қателескен болса, онда тағы да ойлану тапсырылады. Математикалық сөйлеу ережесіне және шамалардың өлшем бірліктерін дұрыс пайда- ланғандарына назар аударылады. 9 км - 89м= 8 км 911 м 8 т – 785 кг =7 т 215 кг 4 ц 56 кг -65 кг = 3 ц 91 кг 8 км - 59м =7 км 941 м 7т - 546кг= 6 т 454 кг 5 ц 96 кг -78 кг = 5 ц 18 кг Қиындықтарды түзету Мұғалім орындалу барысының дұрыстығын тексереді. – Кімде қиындық туындады? – Сіз қай жерде қате жібердіңіз? – Қате кетудің себебі неде? – Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаса, өз іс-әрекетіңіздіңң мақсатын құрастырыңыз. (Қосымша тапсырма орындау). – Қиындық туындаған балалардың әрі қарайғы мақсаты қандай? (Қатені түзету). – Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз. Әркім өз оқу мақсатын айтады. Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы орындауды ұсынады. Мен:
– қабырғалары бойынша тіктөртбұрыштың ауданын табуды білемін. | Дәптер, оқулық. №7 слайд №8 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
30–40 | Өткен материалды қайталау Ө.Ж. Балаларға тапсырманы жеңілден ауырға қарай орындау керектігін ескерту, қай бала қанша мысал орындай алады, әр орындалған тапсырма үшін смайликтер беріп отыру, смайликтерді санау арқылы балалар деңгейін байқау. 9км656м х 9=86904м 13км72мх6=78432м 8кг754гх8=70032г 19т775кгх6=118650кг 345тг89тх7=21938 тиын 18м35смх8 =14680см Т.Т. Сыз, ауданын тауып көр. Үш топқа үш түрлі фигура беріледі ауданын табуды тапсыру. Тапсырма ауданды өлшеу мен формула бойынша шамасын табу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
| Дәптер, оқулық. №9 слайд Фигуралар салынған кестелер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
41–45 | Рефлексия. Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық? – Осы мақсаттарға жете алдық па? – Сіздерде қиындық туындаған ба еді? – Сіз оларды өте алдыңыз ба? – Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды? Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады. | Жетістік сызғышы. №10 слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?