Шаршының ауданын табу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Аудан. Шамалар

Тақырыбы: Шаршының ауданын табу

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.1 қоршаған ортадағы заттар мен шаршының ауданын табу формуласын құруды және S = a • a формуласын қолдануды;

3.3.1.3 заттардың үстіңгі жағының ауданын өлшеу үшін тиісті шаралар мен құралдарды таңдауды, палет-камен өлшеуді;

3.1.3.2 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын әліпбиінің бас әріптерімен белгілеуді және оларды белгіленуі бойынша оқуды;см², дм², м² өлшем бірліктерін пайдалана отырып, ұзындықтарын өлшеуді;

Сабаққа қажетті ресурстар:

Әрбір топ үшін:әртүрлі шаршылар ;Әрбір жұп үшін:ламинатталған парақтар. Бағалау парағы

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:Шаршы тіктөртбұрыштың дербес жағдайы болып табылады, сондықтан да шаршының ауданын табу тіктөртбұрыштың ауданын табумен ұқсас. Шаршының барлық қабырғалары тең. Шаршының ауданын табу формуласы: S = a · a, әрі қарай оқушылар дәрежелі сандар ұғымымен танысқан соң, формуланың түрі S = а² болады.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе.

Оқушыларды топқа бірігу Алдын-ала дайындалған шаршылар таратып беру. Сызғышпен өлшеу арқылы ауданын табу. Ауданы бірдей шаршылар топқа бірігеді.

1-топ 36 см² 2-топ 64 см²

3-топ 49 см² 4 топ 81 см²

(Ұ.Ж) Ширату Сабақты ширатудан бастаңыз.

- Суретте неше шаршы бар? (37)

  • Шаршының тіктөртбұрыштан айырмашылығы неде? (барлық қабырғасы тең)
  • Өмірде шаршыға ұқсайтын қандай заттар бар?
  • Шаршының нешеуінен текше құрастыруға болады?

- Санжар неше текшеден мұнара құрастырды?( 9)

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың», «Керемет», «Тамаша»

  • Мына фигура туралы не айтуға болады?
  • Бұл –шаршы. Оның барлық қабырғалары тең, АК=ОМ, АО = КМ. Бұрыштары

тік 90°-қа тең.

  • Периметрі Р = 8 · 4 = 32 см
  • Ауданы S = 8 · 8 = 64 см²
  • Егер шаршының ауданы белгілі болса, қабырғасын қалай табар едік?
  • S = a · a, демек S = a², сондықтан а-ны екі бірдей сан деп қарастырамыз.

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар алдымен жұптасып орындайды. Топта талқылап ортақ шешімге келеді. Ламинатталған парақа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғайды.

Жауабы:

S шаршы -? дм² Р - ? дм

a = ? дм a = 6 – 2 = 4 дм

P = 4 • 4 = 16 дм S = 4 • 4 = 16 дм²

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Әрбір дұрыс орындалған амал үшін бір смайлик беріңіз.

(Ж.Ж) Оқушылар тапсырманы жұптасып орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, жұптар бір –бірімен дәптерлерін ауыстырады. Дайын жауап арқылы тексереді. Ширегін тауып, бояғаны үшін 1 ұпай

Жауабы:

1)24 : 4 = 6 см 1 ұпай

2)6 • 6 = 36 см² 1 ұпай

Жауабы: Sшаршы= 36 см² 1 ұпай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

Оқушы-ның аты –жөні

1-амал

1 ұпай

2-амал

1 ұпай

Ширегі

1ұпай

Жауабы

1ұпай

Барлық

ұпай саны

(Ж.Ж) Тапсырманы оқушылар өз бетінше орындайды.

Орындау барысында оқушылардан жауабын сұраңыз, бірақ оларды талқыламаңыз. Содан соң бір дұрыс және бір қате жауабы бар оқушыны таңдап алыңыз. Олардан тапсырманың жауабына басқа оқушыларға түсіндіруін сұраңыз. Содан соң басқа оқушыларға кімнің шешімі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігі туралы шешім шығарып,

неліктен екендігін түсіндіреді.

Жауабы:

1)a = 6 : 2 = 3 см

2)S = 3 • 3 = 9 см²

Геометриялық фигура арқылы бағалау жүргізіңіз

Саралау тапсырмалары

Қабілеті төмен оқушыларға

Жауабы: S = 3см ∙3см=9см²

Геометриялық фигура арқылы бағалау жүргізіңіз.

Қабілеті жоғары оқушыларға

Шаршының белгісіз мәндерін тап. Кестеде боялған мәндері бойынша шаршы сыз.

Жауабы:

a

2 см

3см

5мм

9дм

S

4см²

9см²

25 мм²

81дм²

P

8см

12 м

20мм

36 дм

Геометриялық фигура арқылы бағалау жүргізіңіз

Сабақ соңында «Плюс-минус-қызықты» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз

+

?

+ Сабақта қандай жаңа білім алғанын жазады.

? Сабақта қандай тапсырма қызықты болғанын жазады.

  • Сабақта түсінбеген тұстарын жазады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу