Шаршының ауданын табу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Аудан. Шамалар

№60 сабақ. Тақырыбы:

Шаршының ауданын табу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.1 қоршаған ортадағы заттар мен шаршының ауданын табу формуласын құру S = a · a формуласын құру;

3.3.1.3бұрыштардығ, көпбұрыштарды латын әліпбиінің бас әріптерімен белгілеу жіне белгіленуі бойынша оқу;

3.1.3.2 см², дм², м² өлшем бірліктерін пайдаланып, ұзындықтарын өлшеу;

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алады, палеткамен өлшей алады

Оқушылардың көбі:

  • тіктөртбұрыштың S=a·b, шаршының S=a2ауданын табуға формулаларды құрастыру және қолдану

Оқушылардыңкейбірі:

  • тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формулаларын қалай құрастыруға және қолдануға болатынын түсіндіре алады

 Бағалаукритерийлері

-ауданы болатын нысандарды атап және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алып, палеткамен өлшей алады;

- тіктөртбұрыштың S=a·b формуласын қолдана алады;

- тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формулаларын қалай құрастыруға және қолдануға болатынын түсіндіре алады.

 Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

аудан, палетка

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Қандай фигуралардың ауданы бар?

Палетканы қалай қолдану керек?

 Құндылықтар

Адамгершілік қасиетті қалыптастыру

 Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Аудан туралы тұрмыстық түсінік

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

Оқушыларды топқа бірігу Алдын-ала дайындалған

шаршылар таратылады. Сызғышпен өлшеу арқылы ауданын табады. Ауданы бірдей шаршылар топтарға бірігеді.

1-топ 36 см² 2-топ 64 см²

3-топ 49 см² 4 топ 81 см²

Кіріспе тапсырма.

(Ұ.Ж) Ширату

- Суретте неше шаршы бар? (37)

  • Шаршының тіктөртбұрыштан айырмашылығы неде?
  • Өмірде шаршыға ұқсайтын қандай заттар бар?
  • Шаршының нешеуінен текше құрастыруға болады?

- Санжар неше текшеден мұнара құрастырды?( 9)

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Керемет», «Тамаша»

Слайд № 2

Топқа бірігуге арналған шаршылар

Слайд №3,4

Әр түрлі төртбұрыштар

Сабақтың ортасы

  • Мына фигура туралы не айтуға болады?
  • Бұл –шаршы. Оның барлық қабырғалары тең, АК=ОМ, АО = КМ. Бұрыштары тік 90°-қа тең.
  • Периметрі Р = 8 · 4 = 32 см
  • Ауданы S = 8 · 8 = 64 см²
  • Егер шаршының ауданы белгілі болса, қабырғасын қалай табар едік?
  • S = a · a, демек S = a², сондықтан а-ны екі бірдей сан деп қарастырамыз.

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар алдымен жұптасып орындайды. Топта талқылап ортақ шешімге келеді. Ламинатталған парақа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғайды.

Тапсырма:

Айзеренің әжесі шаршы тәріздес орамалдың жиегін тоқыма баумен айналдыра тіккісі келді. Әжейге қанша дм тоқыма бау керектігін есептейік. Сондай-ақ осы орамалдың ауданы қанша?

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Әрбір дұрыс орындалған амал үшін бір смайлик беру.

(Ж.Ж) Оқушылар тапсырманы жұптасып орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, жұптар бір –бірімен дәптерлерін ауыстырады. Дайын жауап арқылы тексереді. Ширегін тауып, бояғаны үшін 1 ұпай

Тапсырма:

Шаршының периметрі 24 см.Ауданының мәнін тап. Осы шаршының ширегін қызылмен боя.

Бағалау парағы

Оқушы-ның аты –жөні

1-амал

1 ұпай

2-амал

1 ұпай

Ширегі

1ұпай

Жауабы

1ұпай

Барлық

ұпай саны

(Ж.Ж) Тапсырманы оқушылар өз бетінше орындайды.

Орындау барысында оқушылардан жауабын сұраңыз, бірақ оларды талқыламаңыз. Содан соң бір дұрыс және бір қате жауабы бар оқушыны таңдап алыңыз. Олардан тапсырманың жауабына басқа оқушыларға түсіндіруін сұраңыз. Содан соң басқа оқушыларға кімнің шешімі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігі туралы шешім шығарып,

неліктен екендігін түсіндіреді.

Тапсырма:

Берілген тіктөртбұрышты теңдей екіге бөлгенде шыққан шаршының периметрі мен ауданын тап.

Геометриялық фигура арқылы бағалау

Саралау тапсырмалары

Қабілеті төмен оқушыларға

Қабырғасы 3 см болатын шаршы сыз. Ауданы тап.

Геометриялық фигура арқылы бағалау

Қабілеті жоғары оқушыларға

Шаршының белгісіз мәндерін тап. Кестеде боялған мәндері бойынша шаршы сыз.

a

2 см

S

25 мм²

P

12 м

36 дм

Геометриялық фигура арқылы бағалау

Слайд № 5,6

Слайд № 7

Слайд №8

Слайд № 9

Оқулық, ламинатталған парақтар

Сабақтың соңы

Рефлексия «Плюс-минус-қызықты»

+

?

+ Сабақта қандай жаңа білім алғанын жазады.

? Сабақта қандай тапсырма қызықты болғанын жазады

  • Сабақта түсінбеген тұстарын жазады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу