Бау-бақ құрылысы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлім. 2С-Ауызша көбейту және бөлу
№ 70 сабақ. Тақырыбы: Көбейтудің үлестірімділік заңы
Оқу мақсаты: 3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану
Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, кеспе қағаздар, тапсырамалар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:
Қосындыны санға көбейту ережесін қолдану. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін фигура периметрін табуда пайдалана алу. Қосындының мәнін тауып, оны санға көбейту. Әр қосылғышты санға көбейтіп, алынған көбейтінділер мәнін қосу
Ынталандыру. Сабақты топпен жұмыс жүргізуден бастаңыз.
Т.Т « Ойлан, тап» Қандай сандарды қойғанда өрнектер тең болады?
8х(10 - 6)= 48+ (80)
( + 15) х3 = 18+ 45 (6)
( + )х4 = 24 + 36 (6,9)
(7 + 8)х = = 140 + (20, 160)
Балалардан жоқ сандарды қалай тапқандығын, көбейтудің қандай заңына сүйенгендігін сұрап, толықтыруды жүргізіңіз. Бұдан соң топтарға суретке қарап өрнек құрастыруды тапсырыңыз, сары, жасыл жұлдызшалардың санына, қатарына назар аударуды ұсыныңыз, сурет бойынша өрнек жазып көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік заңы екендігін айтуғу жетелеңіз.
Белсендіру.
Ж.Ж. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдалана отырып есептеуге тапсырыңыз, жұпта талқылап, тақтада жауаптарын салыстырады.
(9+4)*6=9*6+4*6=36+24=60 (7+2)*4=7*4+2*4=28+8=36
(5+8)*2=5*2+8*2=10+16=26 (3+9)*7=3*7+9*7=21+63=84
(6+5)*3=6*3+5*3=18+15=33 (5+4)*5=5*5+4*5=25+20=45
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Ж.Ж. Әр түрлі тәсілмен өрнектің мәнін табуды ұсыныңыз. Бұл тапсырмада көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдалана отырып өрнектің мәнін түрлі тәсілмен табу жайлы білімдері бекиді. Түрлі тәсілмен шығаруға жеткілікті уақыт беріңіз, жауаптарын салыстыру жасап қорытынды жасауға жетелеңіз.
(3+6)×3
(6+7)×3
(4+2)×6
(9+5)×4
Жаңаны ашу.
Тапсырманы орындап болған соң кесте сызылған парақшалар таратылып беріледі, есептеуді қандай тәсілмен орындағанын жазып, қорытынды жасау тапсырылады.
Қосындының мәнін тауып, оны санға көбейту | Әр қосылғышты санға көбейтіп, алынған көбейтінділер мәнін қосу. |
Т.Т. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығар: есеп жаңа сабақты дамытуға берілген, топта есеп шарты талданады, не белгілі, нені табамыз, шешуін табуды неден бастаймыз сұрақтары арқылы талдау ұйымдастырыңыз. . Топ талқылауына қатысу, сырттай бақылау жүргізіңіз.
60 теңгеден 6 кг сәбіз, 4 кг пияз
Барлығы – ? теңге
(4+6)×60=600 (тг) – барлығы
Жұмсалды – 72 м болатын 8 орам түсқағаз
Кіреберіс бөлме – 4 орам, ? метр
72:8×4=36 (м) – кіреберіс бөлмеге
Мерекеге әрқайсысы 10 теңгеден 12 қызыл шар, 8 көк шар сатып алды. Барлығы қанша ақша төленді?
10х(12+8) =200 тг немесе 10х12+10х8=200тг
Анасы 5 баласының әрқайсысына 30 төркөзді дәптер, 20 жолды көз дәптер сатып алды. Ол барлығы қанша дәптер сатып алды?
5х(30+20) =250тг немесе 30х5+20х5=250тг
Бағалау критерийлері бойынша топтар бір-бірінің жұмысына тексеру жүргізеді.
- Есеп шарты бойынша құрастырылды.
- Есептің шешімі табылды
Практикалық жұмыс.
–Тікбұрыштың ұзындығын а деп, ал енін b деп белгілеңіздер. Ауданды қалай есептеуге болады? Периметрін қалай есептеу керек?
Р = а + b + a + b= a + a + b + b = a · 2 + b · 2 = (a + b) · 2.
Көбейту мен қосу амалдарын қолдана отырып, тікбұрыштың периметрін әртүрлі жолмен есепте егер қабырғаларының ұзындығы – 5 см және 3 см болса.
Топтар есептеп, өз тапсырмаларын көрсетеді.
– Әрқайсысының тәсілі әртүрлі болып шығады. Кім бір тәсілмен, кім екі, үш?
Талқылау нәтижесімен ортақ жазба енгізілуіне ықпал жасаңыз.
Ж.Ж. «Кім жылдам» Есептеуді бірдей бастайды, мәнін жылдам тапқан адам жеңімпаз.
Тапсырма балалардың жылдам есептеу дағдысын дамытуға бағытталған.
Т.Т. «Ойлан тап» Гүл күлтешелеріндегі сандарды пайдалана отырып үлестірімділік заңына сәйкес өрнектер құрастыр. Балалардың ойлау деңгейлеріне қарай өрнектер әр түрлі болуы мүмкін.
(9+6):3
(18+15):3
(24+40):8
(16+48):8
(10+15):5
(30+25):5
Мен:
Қосындыны санға көбейту ережесін қолданып, әртүрлі тәсілдермен есептеймін;
Қосындыны санға көбейту ережесіне негіздеп, сандардың көбейту алгоритмін біртаңбалы санға қолданамын.
Рефлексия.
Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;
«Мен … өзімді мақтан етемін»;
«Әсіресе маған ұнағаны …»;
«Бүгін … менің қолымнан келді»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?