Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Тақырып: 42-сабақ. Үлестер және бөлшектер туралы түсінік7Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері
Оқу мақсаттары: 3.1.1.6 жай бөлшектерді оқып, жазу; көрнекіліктерді пайдалана отырып, бірдей мәнділігі бар бөлшектерді салыстыру
Тірек сөздер:
- үлес
- бөлшек
- жарты,бүтін
Ресурстар:
- лимон
- торт
- апельсин
- қиылған дөңгелектер
- қарындаш
- оқулық
- жинақ полотносы
- кесінді қағаздар
- таратпа қағаздар
- сигнал карталары
Сабаққа қатысты деректі материалдар:
- Бөлімі бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады.
Сабаққа арналған ескертулер
- Бөлшектерді салыстыруды үйренеді.
- Үлеске бөліп, бөлшек түрінде жаза білуге үйренеді.
Ынталандыру. Топқа бөлу.Топқа бөлу үшін 4-ке бөлінген торт, 5-ке бөлінген апельсин,8-ге бөлінген лимонның суреттерін стол үстіне тастап , сол суреттердің бөліктерін алу арқылы топтарға бөлінуді ұсыныңыз. Оқушылар қолдарындағы бөліктер арқылы топтасады..Әрі қарай топ бойынша тапсырма беріңіз,1-топ торттың 2 бөлігін көрсету, 2-топ апельсиннің 3 бөлігін көрсету, 3-топ лимонның 5 бөлігін көрсету.Әр оқушы қолдарындағы бөліктерді стол үстіне қойып құрастырады.Алдарындағы суретке қарап,оқушыларға сабақтың тақырыбын ашқызып, сабақтың мақсатын айтқызыңыз. | ||||||||
Белсендіру. (Алдыңғы сабақта өткен мәліметтерді еске түсіруүшін жинақ полотносында берілген суреттерді топтарға таратып беріп, төмендегіше тапсырма беріңіз..
–Бірінші дөңгелек неше тең бөлікке бөлінген? –1/2 бөлігін қалай шығардың?
| ||||||||
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қойыңыз.
Әр суретке қарап, ататыңыз. | ||||||||
Жаңаны ашу. №1 тапсырмаға арналған сурет бойынша оқушылардан сұраңыз..Алдыңызда тұрған күнтізбе. Ол неше бөлікке бөлінген? (12-ге). Бұл бөлікті қалай атайды? (Он екіден бір). – Бір ай бір жылдың нешеден бір бөлігі? 1/12. – Көктем айлары қандай бөлікті құрайды? 3/12. Жазбаны торкөзде өзіңіз жазып көрсетіңіз. Бұл жазбаны бөлшек деп атайды. Сызықтың астындағы сан – бөлімі. Ол неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Сызықтың үстіндегі сан – алымы. Осындай қанша бөлікті алғанын көрсетеді. 1 (ә) суретке қарап,сұрақтарға жауап беруін айтыңыз.. Аптаның бір күні қандай бөлікті құрайды? 2 күн ше? 1/7, 2/7. Әрі қарай аптаның күндерін, демалыс күндерді бөлшекпен ататып, жаздырыңыз. "Қошемет"сергітуін жасатыңыз. Оқушылар шеңбер бойына тұрғызып, өзіңіз кімдерге қошемет жасау керек екенін айтып тұрыңыз.Мысалы:"Шашы ұзын қыздарға қошемет!", "Белбеу таққан жігіттерге қошемет!","Галстук таққандарға қошемет!" т.с.с. Алған білімді бекіту мақсатында төмендегі тапсырманы орындатыңыз. Санның үлесін табу/ шамалар мен сан/ үлесі бойынша шаманы табу.Оқушыларға таратпа қағаздарды беріп,жауабын сұраңыз. Таратпа қағаз№1 9 санының үштен бір бөлігін тап. Жауабы:3 Таратпа қағаз№2 10 санының жартысын тап.Жауабы:5 Таратпа қағаз№3 100 санының оннан бір бөлігін тап.Жауабы:10 Таратпа қағаз№4 16 санының төрттен бір бөлігін тап.Жауабы:4 Таратпа қағаз№5 18 санының жартысын тап.Жауабы:9
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Жұппен орындалатын тәжірибелік жұмыс.Оқушыларға қағаз таратыңыз. Қағазды екіге бүктетіп,, содан кейін тағы бір бүктетіңіз. Кесіндіні қайта аштырыңыз.. Кесіндіні неше тең бөлікке бөлгендігін сұраңыз. 4 тең бөлікке бөлінді. 2-ші бөлігін боятып, бөлшекті ататыңыз, 3-ші бөлігін боятып, бөлшекті ататыңыз. Қай бөлік үлкен? Оқушылар қорытынды жасатыңыз. Бөлімі бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады. Әрі қарай оқушыларға №2 мен 3-тапсырманы ауызша орындауды тапсырыңыз. №4 тапсырманы оқушыларға өздік жұмыс ретінде алыңыз.соңынан "Бағдаршам" арқылы тексертіңіз. | ||||||||
Жаңаны қолдану. .№ 5 тапсырманы оқушыларға өз беттерімен орындатып, тексертіңіз.. Содан кейін дәптердегі формативті бағалауы бар тапсырманы орындауға ұсыныңыз. Мен:
Қайталау (№6 тапсырманы өздік жұмысқа беріңіз, есептеудің тиімді тәсілін пайдаланып Орындауын айтыңыз. Тапсырманы орындап болған соң әр топтан бір оқушы елшілікке шығып,басқа топтардың тапсырмаларын бағалайды. Кестені толтыру. | ||||||||
Рефлексия. Рефлексия жүргізу үшін оқушылар өз біліктіліктерін мақсаттарымен үйлестіреді.Сабақ үстінде қолынан не келетінін кім түсінді:
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?