Қазақстандағы спорттық ғимараттар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


64-сабақ. Есептер шығару

Тақырып: Қазақстандағы спорттық ғимараттар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Қылышбаева А.Т

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару

3.5.1.5 тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданын және қабырғаларын табуға берілген есептерді талдау және шығару

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару

Бірқатар оқушылар үшін:

шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шығару.

Кейбір оқушылар үшін:

көрсетілген түрі бойынша өз бетімен есептер құрастыру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Өзара байланысты шамалардың бірін қалай табу керек екенін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Өзара байланысты шамалар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қалай байланысты екенін есіңе түсір

Егер шамалардың екеуін білсең (жалпы массасын, бір жәшіктің массасын, жәшіктер санын) олардың бірін қалай табуға болады.

Хат:

Есептердің шешуін жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Жалпы массасы, бір жәшіктің массасы, жәшіктер саны шамаларының өзара байланысы туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынталандыру.

Қазақстанда өтілетін спорттық іс-шаралар туралы әңгіме жүргізу

2-слайд

Бүгінгі сабақ сайыс түрінде өткізілетінін хабарлау.

Қазақстандағы мұзайдындардың суретін таңдау арқылы оқушыларды топтарға біріктіру.Мұзайдындарының жасанды екендігіне тоқталып өту, аудандарының көлемін салыстыру.

Топта ауызша есептеуге тапсырмалар жазылған қима қағаздар тарату:

1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 дм, ені 7 дм. Оның ауданын табыңдар.

2. Шаршы қабырғаларының ұзындығы 6 см. Шаршының ауданы мен периметрін табыңдар..

3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 7 см, ені 5 см. Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табыңдар..

4. Қабырғалары 6 см және 8 см тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табыңдар.

5. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 дм, ені 5 дм. Оның ауданын табыңдар.

6. Қабырғаларының ұзындығы және -ге тең тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар.

7.Тіктөртбұрыштың ені 7 дм, ал ұзындығы 12 дм. Ауданын есептеңдер

8. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 9 дм, ені . Оның ауданын табыңдар.

9. Шаршы қабырғаларының ұзындығы . Ауданын табыңдар.

10. Қабырғасы 4 см болатын шаршының периметрін есептеңдер.

11. Тіктөртбұрыштың ені 9 дм-ге , ал ұзындығы одан 6 дм ұзын. Оның ауданын табыңдар.

12. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 7 дм. Оның ауданын табыңдар. Қабырғаларын 1 дм-ге арттырыңдар. Оның ауданын табыңдар. Екі тіктөртбұрыштың шыққан аудандарының өлшемдерін салыстырыңдар.

Жауаптарын ламинатталған парақтарға жазып, тақтада көрсетілген немесе мұғалім дұрыс жауапты оқиды, топтар жауаптарын салыстырады. Қателескен топ жауаптарын жөндеу барысында қате жіберген жерді тауып, қателіктерін жөндейді.

3-слайд

Жасанды мұзайдынының суреттері.

Қима қағаздарға жазылған тапсырмалар.

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңызда туындаған қандай да бір қиындықты тауып, оны түзейтін боламыз.

слайд

Сабақтың ортасы

(Ұ) Кестемен жұмыс.

Кестеде тіктөртбұрыштың ауданы белгілі. Оның ұзындығы мен ені қандай болуы мүмкін? Мүмкін нұсқаларды таңдау. Алдымен ауызша сұрақтар қою арқылы тапсырмаға талдау жүргізіледі.Мысалы:

-Қандай екі санның көбейтіндісі 48-ге тең?

-Қандай екі санның көбейтіндісі 45-ке тең?

-Қандай екі санның көбейтіндісі 18-ге тең?

Тақтаға кесте ілінеді. Оқушылар жауаптарын айтады, мұғалім немесе алғаш жауап берген оқушы жазады.

(Т) №3-4 тапсырма

Тапсырма топта сайыс түрінде өткізіледі. Белгілі уақыт ішінде шамаларға амалдар қолдана отырып, дұрыс мәнін тақтаға жазу. Жауапты бірінші болып жазған топқа ұпай беріледі.Осы санды деректерді пайдаланып есептер құрастырады. Құрастырған есепті келесі топқа ұсынады. Жауаптарын тексеріп, ұпай беріледі. Есептің дұрыс құрылғанына да ұпай берілетінін ескерту.

№5 тапсырманы жұпта орындайды. Тапсырманы орындамас бұрын тіктөртбұрыштың ауданын табудағы формулаларды еске түсіру. Кестемен жұмыс жасауда бос орындарды толтыру. Формулаға сәйкес мәндерін қойып, мәнін табу.

Толтырылған кестелерді келесі жұппен ауыстырады, тапсырмалардың орындалуын тексереді.

№6 тапсырманы Жұпта орындауды жалғастырады. Сызбалар беріледі, есепке сәйкес сызбаны таңдап, есепті шығарады.

Есепті шығару барысында:

-Үлесі бойынша шаманы қалай табады?

-Барлығынан бөлікті қалай табатыны туралы сұрақтар қою арқылы есепті шығаруға көмек беріледі.

№7 тапсырма. Әр оқушыға есептің шартын жазуға кесте таратылады. Есепті шығаруда қиындық келтірген тұстарына тоқталу. Жұпта жұмыстарын ауыстыру арқылы бірін-бірі бағалайды.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім орындалу барысының дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерде қате жібердің?

– Қате кетудің себебі неде?

– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаса, өз іс-әрекетіңнің мақсатын құрастыр.

(Қосымша тапсырма орындау).

– Қиындық туындаған балалардың әрі қарайғы мақсаты қандай? (Қатені түзету).

– Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.

Әркім өз оқу мақсатын айтады.

Бағалау критерийлері бар тапсырманы орындауды ұсыну.

Мен:

  • – шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығаруды және талдауды;
  • – шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептердің шешуін жазуды;
  • – аудан бойынша тіктөртбұрыштың қабырғаларын табуды;
  • – қабырғалары бойынша тіктөртбұрыштың ауданын табуды білемін.

Кестемен жұмыс

Сабақтың соңы

Рефлексия.

Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?

– Осы мақсаттарға жете алдық па?

– Сіздерде қиындық туындаған ба еді?

– Сіз оларды өте алдыңыз ба?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.

Жетістік сызғышы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу