Өзіңді тексер! Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Аудан. Шамалар

№65 сабақ. Тақырыбы:

Өзіңді тексер!

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қылышбаева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару

3.5.1.2 есептерді шығаруда ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану

3.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • Ұзындық өлшем бірліктерін түрлендіру.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Есептерді шығаруда ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану.

Оқушылардың кейбірі:

  • Пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау.

 Бағалау критерийлері

- ұзындық өлшем бірліктерін түрлендіре алады;

- ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалана алады;

- пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есепті шығара алады.

 Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Тіктөртбұрыш, шаршы, тікбұрышты үшбұрыштың аудандарының формуласы

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Тіктөртбұрышты қалай салу керек?

Тіктөртбұрыштң ауданын қалай табу керек?

 Құндылықтар

Еңбек пен шығармашылық

 Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Геометриялық есептер

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ширату

(Т) Әр топқа бір геометриялық фигураны таңдауды ұсыну. Оқушыларға берілген уақыт аралығында осы фигурамен байланысты тапсырма ойлап табуды айту. Оларға тапсырманы орындауға уақыт беріп, әр топтан сағат тілінің бағыты бойынша бір оқушы басқа топқа барып, ойлаған тапсырманы айтады. Топ тапсырманы орындаған соң, оқушы келесі топқа көшеді. Сөйтіп, әрбір топ барлық ойластырылған тапсырмаларды шешеді. Нәтижелерді кестеге ұсынып, әр тапсырма нөмірмен және дұрыс болса "+", қате болса "-" таңбаларымен белгіленсін.

Геометриялық фигуралар

2-слайд

Кесте

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

(Ж) Алдын ала оқушылардан фигуралардың периметрі мен ауданының формуласын еске түсіріп, жұпта ламинат парақтарға шаршының және тіктөртбұрыштың ауданын табатын формула, Оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беріп, кейін қағаздарға жауаптарын жазып, басқа жұптардың жауаптарымен салыстыру үшін, жоғары көтеруді сұрау. Егер бір жұпта жауап басқа болса, себебін түсіндіруді сұрау.Жауаптарын интерактивті тақтамен тексеру.

)Пәтердегі бөлмелердің периметрлерін табу.

Планды мұқият қарап, әр бөлмені жеке периметрлерін табады.

Топтар жауаптарын ауыстырып тексеру жұмысын жасайды.

Оқу мақсатымен таныстыру

«Аудан» ұғымымен және оның өлшем бірліктерімен танысасың.

(Ж)Торкөзге үйдің макеті сызылып жұптарға таратылады. Кішкентай үй мен үлкен үй қанша торкөзден тұратынын есептейді. Жауаптарын келесі жұппен ауыстыру арқылы кері байланыс жасалады.

(Ж) Тіктөртбұрыштың (S = a x b) және шаршының (S = a2) ауданын табудың формулаларын қалай қолдану керек екенінбілу мақсатында кесте толтыру.Әр жұпқа кесте жазылған қима қағаздар тарату. Бос орындарды толтыру.

Белгіленген уақыт біткен уақытта келесі жұппен ауыстырып, жұмыстар тексеріледі.

«Динамикалық үзіліс»

Оқушылардың есепті шығаруды қаншалықты меңгергенін тексеру үшін, оларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыну:

-Радиус белгілі болса, шеңбердің диаметрін қалай табамыз?

-Шаршының ауданы мен периметрін қалай есептейміз?

-Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ауданы белгілі болса, оның енін қалай табамыз?

-Егер түзулер қиылыспаса, олар бір-біріне қатысты қандай болып келеді?

(Т) Сызғышты симметрияның осі ретінде қолдануды ұсыну. Немесе 45 мм болатын кесінді сызу. Оны АВ әріптерімен белгілеу. А нүктесінен кесіндінің ұзындығына тең радиуспен шеңбер сызу.Оқушылардың математикалық тілді сақтауын қадағалау. Талқылаудан кейін бір топтың жауаппен шығуына мүмкіндік беру, ал қалған жауап толық емес болғанда толықтыруын сұрау.

(Т) Тапсырма тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен ауданын табуға берілген есептерді талдап, шығаруға берілген.Алдын ала ұзындықтың өлшем бірліктер кестесін еске түсіруді қолдану. Содан соң оқушылардың біреуі берілген тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің өзгеруін тақтаға жазып беріп тұруын сұрау. Кейін алған нәтижелерді салыстырып жауап беру.

(Ө) Тапсырма тікбұрышты төртбұрыштың ауданын табу. Жаяужолдың берілген бөліміне төсеу үшін қанша тақтатас қажет болатынын табу.

(ОТ)Үстел бетіне фигуралар қойылады. Оқушылар қай фигура көп орын алып тұрғанын тәжірибе жасай отырып табады.

Ой қорыту: Фигураларды беттестіргенде, бір фигура басқа фигураның ауданына сиып кетсе, сол фигураның ауданы кіші болады.

(Ж) Координаттарды белгіле. Тапсырманы орындауға уақыт беріп, кейін ауыспалы жұптық құрам бойынша тексеруді ұйымдастыру.Жазықтағы нүктелердің дұрыс орналасқандығын тексеру үшін:

Нүктелер дұрыс қойылған ба?

Оны тексеру.

(ОТ)Өз бөлмемнің планы. Оқушылар өз бөлмелерінің планын сызады. Периметрлерін табады. Ол үшін кесте дайындау, кестеге периметрлері мен ауданын жазады. Жұпта өзара тексеру жұмысын жасайды. Бөлмелерінің периметрлерін, аудандарын салыстырады.

Рефлексия

«Досыма хат» СМС хабарлама жазу

Не білдім?

Не түсіндім?

Нені қолдана аламын?

Нені таба аламын?

Ламинат парақтары.

3-слайд

Кесте жазылған қима қағаздар

4-слайд

5-слайд

Кесте жазылған қима қағаздар

6-слайд

Тіктөртбұрыш суреті

Координат нүктелер белгіленген торкөз парақтар

-слайд

Телефон трубкасының сурет

14-слайд

Фигуралар суреттері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу