Дөңгелек. Шеңбер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Аудан. Шамалар
№54 сабақ
Тақырыбы: Дөңгелек және шеңбер
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер, пластикалық стакандар, түрлі түсті қарындаштар, геометриялық фигуралар макеті, стикерлер, қайшы, желім.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: оқушылар бұл сабақта шеңбер, шеңбердің центрі, радиус пен диаметр туралы түсінік алады. Шеңбер-бұл дөңгелектің шегарасы. Шеңбердің центрі-шеңбердің нүктелерінен бірдей қашықтықта орналасқан нүкте. Шеңбердің радиусы-центрді шеңбердің нүктесімен қосатын кесінді. Шеңбердің диаметрі- шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның нүктесін қосатын кесінді. Шеңбердің диаметрі – екі радиустың қосындысына тең.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Психологиялық дайындық. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, осы сабаққа жақсы көңіл-күй тілейді.
Ұ.Ж) Фигуралар әлеміне саяхат. Сынып оқушыларына суреттен қандай фигураларды көріп тұрғанын сұраудан бастаңыз. Неше тіктөртбұрыш, неше үшбұрыш көріп тұрғандарын сұраңыз.(4 төктөртбұрыш, 4 үшбұрыш) Тіктөртбұрыш пен үшбұрыштың қасиеттерін еске түсіртіңіз. Сонан соң суретте қандай фигура аталмағанын сұраңыз. (дөңгелек) Үшбұрыш пен тіктөртбұрыштан дөңгелектің айырмашылығын сұраңыз.( үшбұрыш пен тіктөртбұрыш – көпбұрыштар, дөңгелектің бұрышы жоқ)
Сөздік бағалау.
(Т.Ж) Цифрограмма әдісі бойынша әрбір екінші әріпті сызып тастап, жасырылған сөзді табуды ұсыныңыз. (дөңгелек, шеңбер)
Дөңгелек пен шеңбер туралы не білетіндерін сұраңыз. Күнделікті өмірде дөңгелек пен шеңберге ұқсас заттарды қайда кездестіргенін сұраңыз.
Басбармақ арқылы бағалау.
Жауабы: дөңгелек, шеңбер.
(Ж.Ж) Жаңаны тану. Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Әрбір жұпқа бір пластикалық стакан таратып беріңіз. Ақ парақ қағазға стаканның түбін бастыра сызуды тапсырыңыз. Қандай сызық шыққанын сұраңыз. Осы сызықтың шеңбер деп аталатынын хабарлау. Олардан осындай сызықты күнделікті өмірде қайда кездестіргенін сұраңыз. Сонан соң оқушыларға осы сызған дөңгелекті қиып, оны төрт рет бүктеп, қайта жазуды сұраңыз. Екі кесіндінің қиылысуы пайда болады. Олардың қиылысу нүктесін белгілеуді ұсыныңыз. Бұл нүктені шеңбердің немесе дөңгелектің центрі деп атайтынын хабарлаңыз.
Оқушыларға дөңгелектің бүгілген орнын қарындашпен бастыруды ұсыныңыз. Шеңберден центрге дейін қашықтықты өлшеуді ұсыныңыз. Не байқағанын сұраңыз. (кесінділердің тең екенін айтады). Оқушыларға центрді шеңбердің кез келген нүктесімен қосатын кесіндіні радиус деп атайтынын хабарлау. Оларға дөңгелектің бүгілген ізі бойынша шеңбердің бір нүктесімен центр арқылы екіншісіне қарай қарындашпен бастырып сызуды ұсыныңыз. Бұл сызық диаметр деп аталатынын хабарлаңыз. Оқушыларды интербелсенді тақтаның көмегімен ережемен таныстырыңыз.
Отшашу арқылы бағалау.
(Т.Ж) "Бірге ойлаймыз!" Топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Топтардан дөңгелек пен шеңбердің айырмашылығы қандай екенін сұраңыз. (дөңгелек – фигура, шеңбер – тұйықталған қисық сызық)
- Шеңбердің дөңгелектен қандай айырмашылығы бар? (оқушылардың жауабы)
- Егер тарелкаға су құйсақ, судың формасы қандай болады? (дөңгелек)
- Егер тарелканың жиегі болмаса, суға не болар еді? (су ағып кетер еді)
- Қалай ойлайсыңдар, шеңберсіз дөңгелек бола ма? (жоқ)
- Ал дөңгелексіз шеңбер ше? (иә)
Қорытынды: Шеңбер – бұл дөңгелектің шекарасы.
Топтарға дөңгелек пен шеңберге ұқсас заттардың суретін таратып шығыңыз. Олардан суреттерлі қарап, затарды атауды сұраңыз. Сонан соң топтаса отырып, ватман қағазға дөңгелектерді бір топқа, шеңберлерді екінші топқа біріктіріп, жапсыруды сұраңыз. Орындап болған соң, тақтаға жұмыстарын іліп, әр топтан бір оқушы шығып, өз жұмыстарының шешімімен таныстыруды ұсыныңыз. Қателік кеткен жағдайда, сынып ұжымымен талқылаңыз.
Басбармақ арқылы бағалау.
(Ж.Ж) Көңілді қонжық. Жұптық жұмысты жалғастырыңыз. Әр жұпқа әр түрлі өлшемдегі шеңбердің суреті салынған парақ қағаздарын таратып шығыңыз. Осы шеңберлерді қиып, жапсыру арқылы қонжықтың денесін жасау және тиісінше түске бояуды тапсырыңыз. Ал керек бөлшектерін фломастермен бояуға болатынын және шыққан суретті толықтыруға (шөп, күн, т.б.) болатынын хабарлаңыз. Болған соң, жұмыстарын тақтаға жапсырып, смайликтер арқылы бағалаңыз.
Сергіту сәті. «Шеңбер әлде дөңгелек» ойыны. Оқушыларға интербелсенді тақтада әр түрлі суреттер көрсетіңіз. Суреттегі заттарды дөңгелек деп таныса, шапалақтайды, ал шеңбер деп таныса, саусақтарымен шеңбер жасап көрсетеді.
(Ө.Ж) Өлше де, жаз. Жеке жұмыс жүргізуді ұсыныңыз. Оқушыларға әр түрлі өлшемдегі шеңбер сызылған парақтар таратып беріңіз. Оларға алдымен шеңбердің диаметрінің ұзындығын, сонан соң радиусының ұзындығын табуды ұсыныңыз. Ең үлкен диаметр мен ең кіші радиусты тауып, жазуы керек. Сонымен қатар шеңбердің центрін белгілеп көрсетуді айтыңыз. Не байқағанын айтуды ұсыныңыз, яғни диаметр радиустан екі есе ұзын екенін айтады және қорытынды шығарады.
Қорытынды: шеңбердің диаметрі екі радиустың қосындысына тең.
Смайликтер арқылы бағалау.
Жауабы: ең үлкен диаметр – 8 см, ең кіші радиус – 2 см.
(Ж.Ж) "Тауып көр" Оқушыларға жұпта есеп шығаруды ұсыныңыз. Диаметрі 6 см болатын шеңбер сызылған парақтар таратып шығыңыз. Есептің шарты бойынша киіз үйдің ішінде және сыртында тұрған баланы анықтап, нүктемен белгілеп көрсету керек. Сонан соң жауаптарын оқиды, салыстырады. Егер жауаптары сәйкес келмейтін жағдайда, қате шығарған оқушыдан өзінің шешу барысын түсіндіруді сұраңыз.
Басбармақ арқылы бағалау.
Жауабы: киіз үйдің ішінде Айжан, сыртында сыртында тұр.
(Ө.Ж) Хаттарды мекенжайларына жеткіз. Оқушылардың сабақты қалай ұққанын білу үшін, алдын ала дайындалған парақтар тараты беріңіз. Онда жазылған ұғым мен оның анықтамасын тиісінше сәйкестендірулері керек.
Кері байланыс. Осы сабақта алған білімдерін, көңіл-күйлерін тиісті смайликтің тұсына стикер жапсыру арқылы білдіруді ұсыныңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?