Дөңгелек. Шеңбер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Аудан. Шамалар

54 сабақ. Тақырыбы:

Дөңгелек. Шеңбер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Какимбаева Арайлым Каскырбаевна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • шеңбер, дөңгелек пен олардың элементтерін ажырату және атау.

Оқушылардың көпшілігі:

  • циркульдің көмегімен шеңбер салу.

Оқушылардың кейбірі:

  • шеңбердің диаметрі мен радиусының тәуелділігін түсіндіру.

 Бағалау критерийлері

-шеңбер, дөңгелекпен олардың элементтерін ажырата және атай алады;

-циркульдің көмегімен шеңбер сала алады;

-шеңбердің диаметрі мен радиусының тәуелділігін түсіне алады.

 Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Шеңбер, радиус, диаметр, шеңбердің центрі

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

«Дөңгелек», «шеңбер», шеңбердің центрінің айырмашылығын түсіндір.

Шеңбердің центрі деген не?

Радиусы бойынша шеңберді қалай салуға болады?

Диаметрі белгілі болса ше?

 Құндылықтар

Өмір бойы білім алу

 Пәнаралық байланыс

Дүниетану

 АКТ қолдану дағдылары

Бейнероликтер көрсету

Алдыңғы меңгерілген білім

Фигураларды ажырата алады.

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері.

Оқушылар ортада дөңгелене қол ұстасып тұрады.

Шақырамын сендерді

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа,

Дөгеленген шеңберді.

(Ұ.Ж) Фигуралар әлеміне саяхат.

Сынып оқушыларына суреттен қандай фигураларды көріп тұрғанын сұрау. Неше тіктөртбұрыш, неше үшбұрыш көріп тұрғандарын сұрау.(4 төктөртбұрыш, 4 үшбұрыш) Тіктөртбұрыш пен үшбұрыштың қасиеттерін сұрау.

Сонан соң суретте қандай фигура аталмағанын сұрау. (дөңгелек)

Үшбұрыш пен тіктөртбұрыштан дөңгелектің айырмашылығын сұрау.( үшбұрыш пен тіктөртбұрыш – көпбұрыштар, дөңгелектің бұрышы жоқ)

Оқушыларды сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Слайд №2

Слайд №3

Сабақтың ортасы

(Т.Ж) Цифрограмма әдісі бойынша әрбір екінші әріпті сызып тастап, жасырылған сөзді табады. (дөңгелек, шеңбер)

Дөңгелек пен шеңбер туралы не білетіндерін сұрау. Күнделікті өмірде дөңгелек пен шеңберге ұқсас заттарды қайда кездестіргенін сұрау.

Басбармақ арқылы бағалау.

Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары қарай, қате болса бармақ төмен қарай бағытталады.

(Ж.Ж) Жаңаны тану.

Мақсат қою /Ережені түсіндіру

Шеңбер-бұл дөңгелектің шегарасы. Шеңбердің центрі-шеңбердің нүктелерінен бірдей қашықтықта орналасқан нүкте. Шеңбердің радиусы-центрді шеңбердің нүктесімен қосатын кесінді. Шеңбердің диаметрі- шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның нүктесін қосатын кесінді.

Әрбір жұпқа бір пластикалық стакан таратылады. Ақ парақ қағазға стаканның түбін бастыра сызу керек.

  • Қандай сызық шықты? (тұйықталған қисық сызық)

Осы сызықтың шеңбер деп аталатынын хабарлау.

Оқушыларға осы сызған дөңгелекті қиып, сонан соң дөңгелекті төрт рет бүктеп, қайта жаздыру. Екі кесіндінің қиылысуы пайда болады. Олардың қиылысу нүктесін белгілеуді ұсыну. Бұл нүктені шеңбердің немесе дөңгелектің центрі деп атайтынын хабарлау.

Оқушыларға дөңгелектің бүгілген орнын қарындашпен бастыруды ұсыну. Шеңберден центрге дейін қашықтықты өлшеуді ұсыну. Не байқағанын сұрау. Оқушыларға центрді шеңбердің кез келген нүктесімен қосатын кесіндіні радиус деп атайтынын хабарлау. Оларға дөңгелектің бүгілген ізі бойынша шеңбердің бір нүктесімен центр арқылы екіншісіне қарай қарындашпен бастырып сызуды ұсыну. Бұл сызық диаметр деп аталатынын хабарлау.

Отшашу арқылы бағалау.

) "Бірге ойлаймыз!" әдісі арқылы топтардан дөңгелек пен шеңбердің айырмашылығын сұрау. (дөңгелек – фигура, шеңбер – тұйықталған қисық сызық)

- Шеңбердің дөңгелектен қандай айырмашылығы бар? (оқушылардың жауабы)

- Егер тарелкаға су құйсақ, судың формасы қандай болады? (дөңгелек)

- Егер тарелканың жиегі болмаса, суға не болар еді? (су ағып кетер еді)

- Қалай ойлайсыңдар, шеңберсіз дөңгелек бола ма? (жоқ)

- Ал дөңгелексіз шеңбер ше? (иә)

Қорытынды: Шеңбер – бұл дөңгелектің шегарасы.

Топтарға дөңгелек пен шеңберге ұқсас заттардың суретін таратып шығу. Топта ойласа отырып, ватман қағазға дөңгелектерді бір топқа, шеңберлерді екінші топқа біріктіріп, жапсырады. Орындап болған соң, тақтаға жұмыстарын іліп, әр топтан бір оқушы шығып, өз жұмыстарының шешімімен таныстырады.

Басбармақ арқылы бағалау.

Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары қарай, қате болса бармақ төмен қарай бағытталады.

) Көңілді қонжық.

Оқушыларды жұптастыру. Әр жұпқа әр түрлі өлшемдегі шеңбердің суреті салынған парақ қағаздарды тарату. Осы шеңберлерді қиып, жапсыру арқылы қонжықтың денесін жасау және тиісінше түске бояу тапсырылады. Ал керек бөлшектерін фломастермен бояуға болатынын және шыққан суретті толықтыруға (шөп, күн, т.б.) болатынын хабарлау. Жұмыстарын тақтаға жапсырып, смайликтер арқылы бағалау.

Сергіту сәті. «Шеңбер әлде дөңгелек» ойыны. Оқушыларға интербелсенді тақтада әр түрлі суреттер көрсету. Суреттегі заттарды дөңгелек деп таныса, шапалақтайды, ал шеңбер деп таныса, саусақтарымен шеңбер жасап көрсетеді.

(Ө.Ж) Өлше де, жаз.

Оқушыларға әр түрлі өлшемдегі шеңбер сызылған парақтар таратып беру. Олар алдымен шеңбердің диаметрінің ұзындығын, сонан соң радиусының ұзындығын табады. Ең үлкен диаметр мен ең кіші радиусты жазады. Сонымен қатар шеңбердің центрін белгілеп көрсетеді. Не байқағанын айтуды ұсыну, яғни диаметр радиустан екі есе ұзын екенін айтады және қорытынды шығарады.

Қорытынды: шеңбердің диаметрі екі радиустың қосындысына тең.

Смайликтер арқылы бағалау.

(Ж.Ж) "Тауып көр"

Оқушыларға жұпта есеп шығаруды ұсыну. Диаметрі 6 см болатын шеңбер сызылған парақтар тарату. Есептің шарты бойынша киіз үйдің ішінде және сыртында тұрған баланы анықтап, нүктемен белгілеп көрсету керек. Сонан соң жауаптарын оқиды, салыстырады. Егер жауаптары сәйкес келмейтін жағдайда, қате шығарған оқушыдан өзінің шешу барысын түсіндіруді сұрау.

Басбармақ арқылы бағалау.

Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары қарай, қате болса бармақ төмен қарай бағытталады.

Киіз үйдің табаны дөңгелек екені белгілі. Киіз үйдің диаметрі 6 м. Айжан киіз үйдің табанының центрінен 2 м қашықтықта, Арман 4 м қашықтықта тұр. Кім киіз үйдің сыртында, кім киіз үйдің ішінде тұр?

Слайд №4

А4 форматтағы параққа жазылған тапсырма, маркер

Слайд №5-8

Пластикалық стакандар, А4 форматтағы парақтар, маркерлер, сызғыш

Слайд №9-10

Ватман, түрлі суреттері бар қима қағаздар, желім

Слайд №11-12

Түрлі өлшемді шеңбердің суреті салынған парақтар, фломастер, желім, қайшы, қауіпсіздік ережесі

Слайд №13

Интербелсенді тақта

Слайд №14

А4 форматтағы параққа жазылған тапсырмалар, сызғыш, қалам

Слайд №15

Слайд №16

А4 форматтағы параққа жазылған тапсырма.

Сабақтың соңы

(Ө.Ж) Хаттарды мекенжайларына жеткіз.

Оқушылардың сабақты қалай ұққанын білу үшін, алдын ала дайындалған парақтар таратылады. Онда жазылған ұғым мен анықтамасын тиісінше сәйкестендірулері керек.

Кері байланыс. Оқушылар осы сабақтағы алған білімдерін, сабақ соңындағы көңіл-күйлерін смайликтер арқылы білдіреді.

Жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес

Түсінбеймін, қайталап қарау қажет

Слайд №17-18

Слайд №19

Стикер, маркер

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың өз беттеріне жұмыс істеуіне мүмкіндік бере отырып, олардың деңгейін көтеруге болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

"Смайликтер" әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін алға қою керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу