Дөңгелек пен шеңберді салу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: Аудан. Шамалар №55 сабақ. Тақырыбы: Дөңгелек пен шеңберді салу | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Какимбаева Арайлым Каскырбаевна | |||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру 3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу 3.3.2.2 берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің көмегімен шеңбер салу | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -шеңбер, дөңгелекпен олардың элементтерін ажырата және атай алады; -циркульдің көмегімен шеңбер сала алады; -шеңбердің диаметрі мен радиусының тәуелділігін түсіне алады. | |||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||||||
Құндылықтар | Ынтымақтастық | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек | |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтада жұмыс жасайды | |||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Фигураларды ажырата алады. | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Жоспарлан-ған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы | Топқа бөлу. Сиқырлы қобдиша Оқушылар қобдишадан өзіне ұнаған геометриялық фигураны алады. Сол алған фигуралары бойынша бірге отырады. Қолдарындағы геометриялық фигуралардың нені білдіретіндігін сұрау. Психологиялық тест бойынша: Үшбұрыш - көшбасшылық қасиеті басым, өздеріне өте сенімді. Дөңгелек - өте ақкөңіл, жылы шырайлы,жан-жағына жылу таратушы,біреудің қуанышы мен ренішін өзіне жақын қабылдайды. Шаршы - өте ұстамды, қолға алған жұмыстарын соңына дейін аяқтайды, істеген жұмысы сапалы болады. Әр топтан өздерінің таңдаған геометриялық фигураларының қасиеттерін айтып өту. Үшбұрыштың үш бұрышы, қабырғалары үш кесіндіден тұрады. Үшбұрыш – тұйықталған сынық сызық. Шаршының төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Шаршы – барлық қабырғасы бірдей фигура. Дөңгелек – тұйықталған қисық сызықпен шектелетін фигура. (Т.Ж) «Артығын тап» ойыны. Топтарға геометриялық фигуралары бар А4 форматтағы парақ таратылады. Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады. - Фигураларды атаңдар. (шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш) - Бұл фигураларды ортақ атаумен қалай атаймыз (геометриялық фигуралар, жазық фигуралар) - Олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? (дөңгелектің бұрышы жоқ, қалғаны – көпбұрыштар) - Тағы не көріп тұрсыңдар? (әріптер, нүктелер) - Олар қалай орналасқан? (фигуралардың ішінде, сыртында) - Енді фигуралардың сыртындағы және ішіндегі әріптерді дұрыс реттілікпен қойсаңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. (шеңбер және дөңгелек) Топтардан ауызша шеңбер мен дөңгелек туралы не білетіндері сұралады. Басбармақ арқылы бағалау. Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары қарай, қате болса бармақ төмен қарай бағытталады. | Слайд №2 Геометриялық фигуралар бейнеленген кеспе қағаздар Слайд №3 А4 форматтағы тапсырма жазылған парақ, маркер | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы | (Ұ.Ж) Тақтада шаршы, үшбұрыш, шеңбер сызылған парақты іліп, оқушыларға дәптерлеріне осы фигураларды сызуды тапсыру. Фигураларды салу үшін қандай құрал қолданғанын сұрау. Шеңберді сызуда қандай қиындық туындағанын сұрау. Шеңберді тақтадағыдай етіп қалай салуға болатыны туралы пікірлерін сұрау. Содан соң циркуль құралымен және сөздің мағынасымен таныстыру. Шеңберді салу үшін циркульді қолданатынын, О әрпімен шеңбердің центрін, r әрпімен радиусын, d әрпімен диаметрін белгілейтінін айту. Циркульді пайдаланудағы қауіпсіздік ережесін айту. 4 сурет, 1 сөз ойыны арқылы цирк сөзін тауып, оқушылардан ЦИРК пен ЦИРКУЛЬдің қандай байланысы бары туралы пікірлерін сұрау. (цирк алаңқайы шеңбер тәрізді, циркул арқылы шеңбер сызамыз, екеуі де бір сөзден шыққан) Циркуль мен цирк сөзі – латынның «circulus» сөзінен шыққан. «Шеңбер», «дөңгелек» деген мағынаны білдіреді. Оқушыларды сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б. (Ж.Ж) "Өлшеп сыз". Оқушыларға циркульдің өткір ұшы шеңбердің центрінде, ал қарындашымен шеңберді сызу керектігін айту. Қажетті ұзындықты циркуль ұштарын сызғышқа сәйкестендіру арқылы өлшеп алып, ол шеңбердің радиусы болатынын ескерту. Суреттегі шеңберлердің радиусын өлшеп, олардың барлығын О нүктесі бір ғана центрі болатындай сызуы керек. Оқушыларға шеңбердің радиусын есептеуге және алынған нәтижелерімен алмасуға уақыт беру. Тапсырманы орындап болған соң, жұптар өзара бірін-бірі тексеру жүргізеді. Басбармақ арқылы бағалау. Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары қарай, қате болса бармақ төмен қарай бағытталады. (Т.Ж) Оқушыларға циркульді пайдаланбай, сызғыш, қарындаш, ине және жіптің көмегімен радиусы 8 см болатын шеңбер сызуды тапсыру. Сызып болған соң, топтар бір-бірінің жұмысын циркульдің көмегімен тексеріп, бағалайды. Басбармақ арқылы бағалау. Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары қарай, қате болса бармақ төмен қарай бағытталады. (Ө.Ж) Орындап көр. Оқушыларға бірнеше шеңбер сызылған парақшалар таратып беру. Оларға шеңберлердің центрін белгілеп, радиусы мен диаметрін есептеп табуды тапсыру. Тапсырманы орындамас бұрын, радиус пен диаметрдің анықтамасын еске түсіру. Радиус –диаметрдің жартысына тең. r = d : 2 Диаметр – екі радиустың қосындысына тең. d = r • 2 Тапсырманы орындап болған соң, бағалау критерийлері арқылы бағалау. Бағалау критерийі:
6-7 ұпай жинаған оқушы 5-4 ұпай жинаған оқушы 3-0 ұпай жинаған оқушы белгі карточкасын көтереді. (Ж.Ж) «Сен маған, мен саған» әдісі. Тапсырманы практикалық бағытта жұптарға беру. Кесінділердің қайсысы радиус, қайсысы диаметр болатынын жазу. Дәптерлеріне радиусы берілген шеңбердің радиусынан 1 см артық болатын шеңбер сызу. Бұл тапсырма арқылы радиус пен диаметрлерді анықтай алу дағдыларын тексеру. Басбармақ арқылы бағалау. Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары қарай, қате болса бармақ төмен қарай бағытталады. | Слайд №4 Геометриялық фигуралар сызылған парақтар, сызғыш, қалам, циркуль Слайд №5-6 Интербелсенді тақта Слайд №7-8 А4 форматтағы тапсырма жазылған парақ, циркуль, сызғыш Слайд №9 Сызғыш, жіп, ине, қарындаш Слайд №10-11 А4 форматтағы тапсырма жазылған парақ, циркуль, сызғыш Слайд №12-13 | ||||||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс. Дұрыс жауапты көрсет. Оқушыларға жауаптар жазылған конверттер таратылып беріледі. Оларға сұрақ қойылғанда дұрыс жауабы жазылған карточканы көтерулері қажет.
Сабақ рефлексиясы. Оқушылардың қайсысы шеңбер мен дөңгелекті сызу дағдысына ие болғанын білу үшін, қағазға циркульдің көмегімен радиусының ұзындығы 2 см болатын шеңбер салуды ұсыну. Сонан соң осы сабақтағы алған білімін, көңіл-күйін бағалау. ! – бәрін түсіндім, сабақ қызықты болды. ? – әлі де қайталауым керек, сұрақтарым бар. | Слайд №14 Конверт, үлестірмелі карточкалар Слайд №15 Циркуль, парақ, маркер | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Сабақтың рефлексиясында саралау мақсатында шеңберді сызуға байланысты өзіндік тапсырмадан нәтиже алуға болады. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз "Жұлдызшалар" әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін алға қою керек. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды