Ертеде уақытты қалай өлшеген? Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Математика 3-сынып 53-сабақ

Тақырыбы: Шеңбер, дөңгелек және оның элементтері.

Оқу мақсаттары: шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу

3.3.2.2 берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің көмегімен шеңбер салу

Сабаққа қажетті ресурстар: кестелер, көрсетілім,дөңгелек,шеңбер,

үшбұрыштар,циркуль

Сабақта қолданатын деректі материалдар: сабақта шеңбер, шеңбердің центрі, радиус және диаметрдің түсінігін беру керек. Шеңбер – барлық нүктелері центрден бірдей қашықтықта орналасқан тұйық сызық. Шеңбердің центрі – шеңбердің нүктелерінен бірдей қашықтықта орналасқан нүкте. Радиус – центрді шеңбердің кез келген нүктесімен қосатын кесінді. Диаметр – шеңбердің екі нүктесін центр арқылы өтіп қосатын кесінді.Шеңбердің диаметрі –екі радиустың қосындысына тең.

Ынталандыру.

Мұғалім уақыт құндылығы туралы әңгімелейді. Көне заманда уақытты қалай өлшегені туралы айтады.

Күн бір орнында ешқашан кідірген емес – аспан төсіндегі өз жолымен үнемі ілгері жылжиды.Таңертең жұмыр жердің бір шетінен нарттай қызарып,дөңгелене шығады,шаңқай түсте тас төбеден шығады;кешке қарай жердің қарсы жақтағы шетіне барып, ұясына қонады.Ал адамдар күн сайын оған қарап : «Әне,күн шығып келеді», «Тал түс болды», «Міне, күн батып барады» деп уақыт айырып,осы аспан сағаты бойынша ғұмыр кешетін еді.Бірақ бірте-бірте олар уақытты дәлірек білудің жолдарын ойластыра бастады.Сөйтіп,нағыз күн сағатын жасады.Цифрблат орнында –беті таңбаланған дөңгелек ашық алаңқай.Сағат тілінің қозғалмайтын үшін бекітілген тетік орнында -алаңқайдың дәл ортасына қағылған қазық немесе биік бағана.Ал сағат тілінің қызметін осы қазықтың немесе бағананың көлеңкесі атқарады.Күн аспан төсіндегі өз жолымен жылжи береді, соған сай көлеңке де ашық алаңқай бетімен шыр айналып, кәдімгі сағат тілі сияқты уақытты көрсетіп тұрады.

Белсендіру.

Тақтада (полотнода, парталарда) түрлі түсті және пішіні әртүрлі геометриялық фигуралар орналастырыңыз. Фигураларды топтастырып, олардың топтасу себептерін атауды ұсыныңыз.

І-топ:Үшбұрыштар

ІІ-топ:Шеңберлер

ІІІ-топ:Дөңгелектер

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Шеңбер деген сөз сізге таныс па?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

Жаңаны ашу.

-Шеңбер деген не?(Шеңбер – дөңгелектің шегарасы)

– Дөңгелек деген не? (Дөңгелек нүктеден бірдей арақашықтықта тұрған нүктелер сызатын фигура).

О нүктесі – дөңгелектің центрі (шеңбердің). Радиус – шеңбердің центрі мен шегарасының арасын қосатын кесінді. Диаметр – орталық нүктені кесіп өтіп, екі шегараны қосатын сызық.

Оқушылардан шеңбердің радиусының ұзындығын,сонан соң диаметрін атауды сұраңыз. Не байқағанын айтуды ұсыныңыз. (Егер екі радиустың ұзындықтарын қосса, диаметрдің ұзындығы шығады).

(Ж.Ж) 2-тапсырма.Шеңбердің радиусы мен диаметрін өлшеуді ұсыныңыз. Тапсырма шеңбердің диаметрі мен радиусын өлшеудегі дағдыларды өте жақсы меңгеруге жетелейді.

Олардан суреттерді қарап, заттарды атауды және шеңберлерді көрсетуді сұраңыз. Әр

жұпқа шеңбердің суреті салынған парақ қағаздарды таратып, берілген шеңберді заттың суреті пайда болатындай етіп, толықтырып бітіруді ұсыныңыз.

3-тапсырма. Оқушылар сызбаларға қарап,сұрақтарға жауап беруіді ұсыныңыз.

а)Қай шеңберлердің центрі ортақ? (3) Осы шеңберлердің радиусы бірдей ме?(бірдей)

ә)Қай сызбада шеңберлердің радиусы ортақ және радиустарының ұзындығы әртүрлі? (3)

б) Екі әртүрлі шеңбердің центрлері ортақ және радиустары бірдей бола ма? (3) (шеңбердің центрі бірдей болғанымен радиусының ұзындығы бірдей болмайды)

в) Қай суретте шеңберлердің центрлері ортақ емес және радиустарының ұзындығы бірдей? (4,5)

г) Қай суретте шеңберлердің центрлері ортақ емес және радиустарының ұзындығы әртүрлі?(1,2)

4-тапсырма.Берілген радиустағы тапсырманы өз бетінше орындатыңыз.Берілген радиустағы шеңберді циркульді пайдалану ережесі бойынша салады.

Баланың білім деңгейіне байланысты мұғалім әр балаға жеке тапсырма береді. Радиусы 3см,4 см болатын шеңберлер сызу тапсырылады. Тапсырма шеңбердің диаметрі мен радиусын өлшеудегі дағдыларды меңгертеді. Оқушылар алдымен радиус пен шеңберді сызып, кейін олардың мәндерін жазады.

5-тапсырма.Топта орындалады.

а)Тәулік – 24 сағ

Ұйықтайды-?

Тәуліктің бөлігінде ұйықтаса, онда тәуліктің бөлігін табу үшін 24 сағатты 3-ке бөліп, 1-ге көбейтеміз. Сонда 8 сағат ұйықтаған.

ә)Тәулік – 24 сағ

Ұйықтайды-?

Ояу -? сағ

Тәуліктің бөлігінде ұйықтаса, онда тәуліктің бөлігін табу үшін 24 сағатты 3-ке бөліп, 1-ге көбейтеміз. Сонда 8 сағат ұйықтаған. Тәуліктің 8 сағатын ұйықтаса ,қанша уақыт ояу болғанын табу үшін 24 сағаттан 8-ді азайтсақ,16 шығады.

Жауабы:адам 16 сағат ояу болған.

б)Алынды – 8 л су

Болды-?

Бөшкеден алынған судың 3-тен 1 бөлігі 8 литр болса , бөшкеде қанша литр су болғанын табу үшін,8-ді 3-ке көбейтіп ,шыққан санды 1-ге көбейтеміз.

Жауабы: бөшкеде 24 литр су болған.

(Ө.Ж) Қ.Б 6-тапсырма.

415+37= 452 505-317=188 689+309 =998 713-237=476

552+379= 931 325-197=128 1000-654=346 546+454=1000

7-тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны

Әр топқа тапсырма беріледі, топпен шығарып, тақтадан тексереді.

Семантикалық карта Дұрыс жауапқа(+) таңбасын қояды.

Мысал

>

<

=

1 мин*30 с

2сағ*120мин

9ай*1 жыл

Мысал

>

<

=

12 ай* 1 жыл

30 мин * 1 сағ

50мин * 1 сағ

Мысал

>

<

=

1 сағ 30мин* 3 сағ

1сағ 20 мин *2 сағ

1сағ1мин* 11 мин

8-тапсырма.Барлық дөңгелек бірдей.Дөңгелектің радиусы мен диаметрін тап.

Логикалық есеп шығарғанда, балалар екі диаметрдің қосындысына тең шаршының қабырғасы белгілі екеніне назар аударуы керек.

«Алма ағашы » әдісі арқылы кері байланыс жасау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу