Ертеде уақытты қалай өлшеген? Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


53-сабақ. Шеңбер, дөңгелек және оның элементтері

Тақырып: Ертеде уақытты қалай өлшеген?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөніастанбаева Фарида Кушекбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу

3.3.2.2 берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің көмегімен шеңбер салу

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар үшін:

шеңбер, дөңгелек пен олардың элементтерін ажырату және атау.

Бірқатар оқушылар үшін:

циркульдің көмегімен шеңбер салу.

Кейбір оқушылар үшін:

шеңбердің диаметрі мен радиусының тәуелділігін түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

«дөңгелек», «шеңбер», шеңбердің центрі деген түсініктердің айырмашылығын түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

«дөңгелек», «шеңбер», шеңбердің центрі, циркуль.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

«Дөңгелек», «шеңбер», шеңбердің центрінің айырмашылығын түсіндір.

Шеңбердің центрі деген не?

Радиусы бойынша шеңберді қалай салуға болады?

Диаметрі белгілі болса ше?

Жазу:

Есептердің шығарылу жолын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Дөңгелек туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Мұғалім уақыт құндылығы туралы әңгімелейді. Көне заманда уақытты қалай өлшегені туралы айтады.

3-слайд

4–6

Белсендіру.

Тақтада (полотнода, парталарда) түрлі түсті және пішіні әртүрлі геометриялық фигуралар орналасқан.

Оқушылар фигураларды таңдау арқылы топтарға бірігеді.Геометриялық фигуралардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын атап өту.

І-топ:Үшбұрыштар

ІІ-топ:Шеңберлер

ІІІ-топ:Дөңгелектер

Әртүрлі фигуралар

4-слайд

7–11

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Шеңбер деген сөз сізге таныс па?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

Шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.

12–29

Жаңаны ашу.

-Шеңбер деген не?(Шеңбер – дөңгелектің шегарасы)

– Дөңгелек деген не? (Дөңгелек нүктеден бірдей арақашықтықта тұрған нүктелер сызатын фигура).

О нүктесі – дөңгелектің центрі (шеңбердің). Радиус – шеңбердің центрі мен шегарасының арасын қосатын кесінді. Диаметр – орталық нүктені кесіп өтіп, екі шегараны қосатын сызық.

Топпен жұмыс

Әр топ шеңбер сызылған парақтан алады. Тапсырма: радиустарын өлшеңіздер және оны өсу реті бойынша жазыңыздар, содан кейін диаметрін өлшеп, төменге жазып қою керек.

– Диаметр радиустан қанша үлкен?

5-слайд

30–40

Жаңаны қолдану.

Сызбаны қараңыздар. Сызба қалай сызылған? Мына шеңберлердің ортақ нүктесі туралы не айтуға болады?

Ортақ нүктесі болатындай екі шеңбер сызады. Бір шеңбердің радиусының ұзындығы – 2 см, ал екіншісінікі – 5 см. Формативті бағалауы бар дәптерден тапсырма орындауды ұсынады.

Өзін-өзі бағалауды ұсынады.

Мен:

  • – шеңберді, дөңгелекті атап, ажырата аламын.
  • – центрін, радиусты, диаметрді көрсете аламын,
  • циркульдің көмегімен шеңбер сыза аламын.

(Ж.Ж) 2-тапсырма. Сыз. Оқушыларға тапсырманы жеке орындауды ұсыну.Алгоритм бойынша өзін-өзі тексеруді ұсыну.

1) Шеңбердің екі нүктесін қосатын диаметр.

2) Диаметр шеңбердің центрі арқылы өтеді.

3) Радиус шеңбердегі нүкте мен шеңбердің центрін қосады. Берілген суреттегі заттардың радиусы мен диаметрін жұпта өлшеуді тапсыру.Ол үшін қандай оқу құралы қажет болатынын сұрау.(Циркуль мен сызғыш) Оларды пайдалану ережесін еске түсіру.Суреттегі заттарды атау. Олардың диаметрін өлшей отырып салыстыру.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

3-тапсырма. «Сен білесің бе?» ойыны. Оқушылар сызбаларға қарап,сұрақтарға жауап береді. Шеңбердің радиусы мен диаметрін ажырату ,салыстыру.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс жасау

(Ө.Ж) 4-тапсырма. Сыз және өлше.

Тапсырманы өз бетінше орындайды.Берілген радиустағы шеңберді циркульді пайдалану ережесі бойынша салады.

Баланың білім деңгейіне байланысты мұғалім әр балаға жеке тапсырма береді. Радиусы 3см,4 см болатын шеңберлер сызу тапсырылады. Тапсырма шеңбердің диаметрі мен радиусын өлшеудегі дағдыларды меңгертеді. Оқушылар алдымен радиус пен шеңберді сызып, кейін олардың мәндерін жазады.

(Т.Ж) 5-тапсырма. Есептерді шығар.

І-топ: 5-есеп.(а)

ІІ-топ: 5-есеп.(ә)

ІІІ-топ: 5-есеп.(б)

Оқушылар шешуін топпен өз бетінше талдай алады. Топтық талқылау барысында: олардың есептің шешуін түсіндіріп, ойлау барысын жазу кезінде қалай рәсімдегенін бақылаңыз. Сонымен қатар үлгерімі жоғары оқушыларға есепті саралау мақсатында қолдануға болады.

«Басбармақ» арқылы кері байланыс

(Ө.Ж) Қ.Б 6-тапсырма.Есепте.Тексер.

415+37 505-317 689+309 713-237

552+379 325-197 1000-654 546+454

7-тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны

Әр топқа тапсырма беріледі,

топпен шығарып, тақтада орындайды.

Семантикалық карта

Дұрыс жауапқа(+) таңбасын қояды.

Мысал

>

<

=

1 мин*30 с

2сағ*120мин

9ай*1 жыл

Мысал

>

<

=

12 ай* 1 жыл

30 мин * 1 сағ

50мин * 1 сағ

Мысал

>

<

=

1 сағ 30мин* 3 сағ

1сағ 20 мин *2 сағ

1сағ1мин* 11 мин

Өздік жұмыс.

Логикалық есеп шығарғанда, балалар екі диаметрдің қосындысына тең шаршының қабырғасы белгілі екеніне назар аударуы керек.

8-тапсырма.Барлық дөңгелек бірдей.Дөңгелектің радиусы мен диаметрін тап.

Оқулық.

6-слайд

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

11-слайд

12-слайд

41-45

Кері байланыс

«Алма ағашы » әдісі арқылы кері байланыс жасау.

13-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу