Ертеде қазақ халқы ауданды қалай өлшеген? Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


55-сабақ. Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу

Тақырып: Ертеде қазақ халқы ауданды қалай өлшеген?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу

3.3.1.3 тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш ауданы формуласын: S= (a·b):2, S=a2,S=a·b шығарып алу және қолдану, қоршаған орта обьектілері

3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /секунд өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар үшін:

ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу.

Бірқатар оқушылар үшін:

Тіктөртбұрыштың S=a·b, шаршының S=a2ауданын табуға формулаларды құрастыру және қолдану.

Кейбір оқушылар үшін:

Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формулаларын қалай құрастыруға және қолдануға болатынын түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Ауданды және оны қалай табу керек екенін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Аудан, палетка.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қандай фигуралардың ауданы бар?

Палетканы қалай қолдану керек?

Жазу:

Есептердің шығару жолдарын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Аудан туралы тұрмыстық түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Оқушыларды оқуға зейінін аударып,сабаққа дайындау.

3-слайд

4–6

Белсендіру.

Тақтада: дөңгелектер, үшбұрыштар, тіктөртбұрыш, шаршы, тікбұрыш сияқты геометриялық фигуралар бар. Мұғалім балаларға фигуралардың ең үлкенін және ең кішісін алғызады.

– Біз фигураның шамасы (үлкен, кіші) жайында айтсақ, олардың несін салыстырамыз?

Ауданын салыстырған дұрыс.

Мұғалім тақтадағы фигуралардың ауданын салыстыруды ұсынады.

– Бір фигураны екінші фигураның үстіне қойып салыстыруға бола ма? Егер бір фигураны екіншісінің үстіне қойып салыстыру болмаған жағдайда, фигуралардың ауданын қалай салыстырамыз?

Оқушылар өздері бөліктердің бірін бірнеше кіші бөліктерге бөліп, осы кіші бөліктерден екінші фигураның пішінін жасап салыстыруға болатынына көз жеткізгені дұрыс. Бұл кезеңде мұғалім фигуралардың бірінде бір торкөзді белгілеп, екі фигураны бірдей шаршыларға бөліп, әр фигурада шаршылар санын салыстыруға балалар дағдыланады.

Геометриялық фигуралар

7–11

Мақсат қою

Оқушылармен №1 тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

Ол бұрынғы кезде көшпелі халықтарға қазақ үйдің

(жарты қазақ үйдің) ауданын, жырту керек жерді, жайылымдар мен шөп шабуға пайдаланылатын жерді және т.б. өлшеуге тура келетін. Төмендегідей жеңіл өлшемдерді пайдаланған: алақандай– бір алақан сияқты кішкентай жер, үй орнындай– қазақ үйдің орнындай жер. Өз алақанымен бір парақ қағаздың (партаның, орындықтың) ауданын өлшейді.

Қағаз беттері.

12–40

Жаңаны ашу.

Математиктер сияқты қабырғасы 1 см болатын шаршыны квадрат сантиметр деп атайтын боп келісеміз. Ауданы 1 см2 өлшемді сызады.

Геометриялық фигураның ауданын табу дегеніміз – бұл осы фигураның ішіне қабырғасы 1 см-ге тең неше шаршы сыятынын санау.

Кез келген шаманы өлшеу үшін өлшемді – өлшем бірліктерін таңдау керек.Өлшем әртүрлі болса, жауаптар да әртүрлі болып шығады.Сондықтан егер олар бірдей өлшеммен өлшенген болса ғана шамаларды салыстырып, қосып және алуға болады.

-Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

- S = a ∙ b, мұндағы: S – тіктөртбұрыштың ауданы,

а – тіктөртбұрыштың ұзындығы, b – тіктөртбұрыштың ені. Ауданның өлшем бірліктерімен таныстыру: квадрат сантиметр,

– Шаршының ауданын қалай есептегеніңізді түсіндіріңіз?

Шаршының ауданын табу тіктөртбұрыштың ауданын табумен ұқсас. Шаршының барлық қабырғалары тең. Оның ауданын табу үшін екі қабырғасының ұзындықтарын көбейтеміз.

Шаршының ауданын табу формуласы: S = a • a

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ж.Ж) 2 тапсырма – түсіндіре отырып жұппен орындалатын практикалық жұмыс. Әр фигураның ауданын квадрат сантиметрмен (торкөз – 1 квадрат сантиметр) өлшейді.

Оқушыларға шаршыны беріп, ауданын қалай есептейді. Торкөздер санын есептейді.Қатар бойынша 4 торкөз,баған бойынша 4 торкөз .(Бағандағы шаршы санын жолдағы шаршы санына көбейту керек).Оқушылар нәтижені анықтағаннан соң, оларға шаршымен өлшегендіктен ауданның өлшем бірлігі «см2» яғни «квадрат сантиметр» болатынын анықтайды. Бір бағандағы және бір жолдағы шаршылар санын санайды.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

(Т.Ж) 3- тапсырма. «Ойлан,тап» әдісі .Шаршының периметрі мен ауданын табады.Шаршыға сипаттама береді.(Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш). Оқушылардан тіктөртбұрыштың ауданын қалай табуға болатынын топта талқылайды. (S = a • b).

Егер шаршы тіктөрбұрыш болып табылса, шаршының ауданын қалай табуға болатынын еске түсіреді.

(S = a • a, a-шаршының қабырғасы.)

Фигураның периметрі дегеннің не екенін еске түсіріп, (барлық қабырғаларының қосындысы). Тіктөртбұрыштың периметрін табу формулаларын естеріне түсіреді.

P = a + a + b + b;

P = a∙2+ b∙2;

P = (a + b) ∙ 2.

Шаршының периметрін табуда осыған ұқсас.

Р=а+а+а+а Р=а·4

(Ж.Ж) 4-тапсырма жұпта орындалады.

Фигураларды өлшеп ауданы мен периметрін табады.

Сонымен қатар аудан табудың ережесін анықтайды.

Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін,оның ұзындығын еніне көбейтеміз.

«Смайликтер» арқылы бағалау

(Ө.Ж) Қ.Б.5-тапсырма. Өзіндік жұмыс түрінде орындалады.Берілген өлшем бірліктерді өрнектейді.ол үшін 1 м2-та қаншам см2 бар екенін еске түсірді.Өз бетінше орындағаннан кейін дайын жауап арқылы тексереді.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

(Ж.Ж) 6-тапсырма жұпта орындалады.Тапсырма бойынша тіктөртбұрыштың белгісіз қабырғасын табады.Белгісіз қабырғасын табу үшін,ауданын белгілі қабырғасына бөледі.b=S:а

«Смайликтер» арқылы бағалау

(Ж.Ж) 7-тапсырма жұпта орындалады.Тіктөртбұрыш бұрыш,шаршы тәріздес гүлзардың ауданын тауып, олардың ауданын салыстырады.Қай гүлзардың ауданы үлкен және қаншаға үлкен екенін табады.

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

8-тапсырма. «Салыстыр» әдісі. 8-тапсырмада парақшаға берілген тапсырманы беріп таратылады.Оқушылар орындап,дайын жауап арқылы тексеріп өз өздарін бағалайды.

«Смайликтер» арқылы бағалау

Оқулық.

4-слайд

5-слайд

6-7-слайдтар

8-слайд

9-слайд

10-11 слайд

12-слайд

41–45

Кері байланыс

13-слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу