Ежелгі уақытта ауданды қалай өлшеген? Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Тақырыбы: Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу
Сабақтың мақсаттары:3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу
3.3.1.3 тікбұрышты үшбұрыш, шаршы,тіктөртбұрыш ауданы формуласын: S= (a·b):2, S=a2,S=a·b шығарып алу және қолдану, қоршаған орта обьектілері
3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /секунд өлшем бірліктерін қолданып өлшеу
Сабаққа қажетті ресурстар: фигуралар,парақшалар,кестелер
Сабақта қолданатын деректі материалдар:
Есептерді шығаруда ауданды (S = a • b) және периметрді (P = (a + b) ∙ 2) табу формулалары қолданылады. Есептерді шығару барысында формуладағы белгілі шаманы белгісіз шама арқылы өрнектеуді білу: а = S : b, b = S : а, анықталған шамаларды бір формуладан екіншісі арқылы өрнектеп таба білу. Мысалы, ені 6 см, ал ауданы 24 см2 болса, тіктөртбұрыштың периметрін тап. Онда, а = 24 : 6 = 4 (см), P = (a + b) ∙ 2 = 20 см.
Жоспарланған іс-әрекет
Ынталандыру.
Көне заманнан бері адамдар ауданды өлшеу қажет болғандығын айтыңыз.
Ежелгі уақытта бір күннің ішінде өгізбен жыртылған жерді ауданның өлшемі ретінде қолданған.Ресейде ауданды өлшеу үшін үйілген шөп қолданылды.олар екі үйілген шөп,төрт үйілген шөп деп бөлінген.
Белсендіру.
«Галлереяға саяхат» ойыны. Тақтаға әртүрлі геометриялық фигуралар ілініп қойыңыз.Бір оқушы шығып бір фигураны таңдап сол фигураға сипаттама береді және оның периметрін және ауданын қалай табатынын айтады.
«Шапалақ» арқылы бағалатыңыз
(Ө.Ж) 2 –тапсырманы өзіндік жұмыс түрінде орындатыңыз.
Кесте бойынша тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын табады.Тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын қалай табатынын еске түсіреді.Тапсырманы орындайды және нәтижесін эталонмен салыстырады.
Оқушылардан тіктөртбұрыштар туралы не білетінін сұраңыз. Тіктөртбұрыштардың қандай қасиеттері бар? Сыныпта тіктөртбұрыш пішінді заттарды табуды ұсыныңыз. Фигураның периметрі дегеннің не екенін оқушылардан сұраңыз (барлық қабырғаларының қосындысы). Тіктөртбұрыштың периметрін табу формулаларын естеріне түсіруді сұраңыз. P = a + a + b + b;
P = a∙2+ b∙2;
P = (a + b) ∙ 2.
Тапсырманы орындау барысында: тіктөртбұрыштың (S=a·b)
Ауданын табуды еске түсіріп,(ұзындығы мен енін көбейтеміз)
Ш:Р= (10+9)·2 =38 (см) S= 10·9=90 см2
Р= (7+9)·2 =26 (см) S= 7·9=63 см2
Р= (х+у)·2 S= х·у
(Оқушыларда қиындықтар туындаған болса, оларға көмек көрсету.)
«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» сөздіктері арқылы бағалаңыз.
(Ұ.Ж) «Салыстыр» ойыны. 3-тапсырманы ұжым бойынша орындатыңыз.Аудан өлшем бірліктерін салыстырады.Дұрыс жауабын эталон арқылы тексереді және өз-өздерін бағалайды
3 см2 <3 дм2 5 м2 > 5 см2 9 м2 > 900 см2
9 дм2 = 900 см2 10 дм2 > 100 см2 9 м2 > 90 см2
(Ж.Ж) «Жұптас,пікірлес,талқыла» әдісі.4-тапсырманы жұпта орындауды ұсыныңыз. Тапсырма формула бойынша шаршының,тіктөртбұрыштың ауданын және периметрін табу тәжірибесін дамытуға бағытталған.
Үлгі бойынша симметриялы фигуралар жасайды.
Фигуралардың қабырғасын өлшеп,периметрі мен ауданын табады.
«Смайликтер» арқылы кері байланыс беруіңіз.
(Т.Ж)5-тапсырма.Ауданын тап. Әрбір сурет бойынша дұрыс жауапты жазады.
1)тіктөртбұрыштың барлық ауданы - ? м2
2)боялған бөліктің ауданы - ? м2
3)боялмаған бөліктің ауданы- ? м2
− Тапсырмада не белгілі?
− Нені табу қажет? − Тапсырманың сұрағына бірден жауап беруге бола ма? Неліктен?
− Басында нені анықтап алу керек, содан соң нені анықтау керек? деген жетелеу сұрақтары арқылы орындайды.
а)
1)тіктөртбұрыштың барлық ауданы - 36 м2 S=6·6 =36 м2
2)боялған бөліктің ауданы - 4 м2 S=2·2 =4 м2
3)боялмаған бөліктің ауданы- 32 м2 S= 36-4 =32 м2
ә)
1)тіктөртбұрыштың барлық ауданы - 30 м2 S=6·5 =30 м2
2)боялған бөліктің ауданы - 6 м2 S=2·3 =6 м2
3)боялмаған бөліктің ауданы- 24 м2 S= 30- 6=24 м2
б)
1)тіктөртбұрыштың барлық ауданы – 48 м2 S=6·8 =48 м2
2)боялған бөліктің ауданы - 12 м2 S=4·3 =12 м2
3)боялмаған бөліктің ауданы- 36 м2 S= 48- 12=36 м2
«Бағдаршам» бойынша бағалаңыз.
(Ө.Ж) 6-тапсырма. Мына ереже бойынша күрделі теңдеуді шешуді ұсыныңыз.
1.Белгісіз компонентті анықта.
2.Оны ереже бойынша тап.
3.Теңдеуді ықшамда.
4. Белгісізді тап.
5.Теңдеуді тексер
35+х=200-140 а-80=310+210
35+х=60 а-80=520
х=60-35 а=520+80
х=25 а=600
35+25=200-140 600-80=310+210
60=60 520=520
«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» сөздіктері арқылы бағалаңыз.
(Ж.Ж) 7-тапсырма.
Оқушыларға тапсырманы жұппен орындатыңыз.Есептің берілген тіктөртбұрышты алаң және шаршы тәрізді алаңның ауданын табады. «тіктөртбұрыштың ауданы артық па?» әлде «шаршының ауданы артық па?» және салыстыру үшін жауаптарын бір-біріне көрсетеді. Оқушылар бұл жауапты қалай тапқанын және екі телімнің ауданын салыстырып айтады.
І алаң шаршы – 7 м S= ? м2
ІІ алаң тіктөртб - а=5 м b=3 м S= ? м2? артық
Ш: 7·7=49 м2- І алаң
5·3=15 м2 ІІ алаң
49-15=34 м2
Ж:тіктөртбұрыш алаң шары алаңнан 34 м2 артық.
Кері байланыс
«Жалғасын тап» әдісі арқылы кері байланыс беру.
-Шаршының ауданын табу үшін.......... .
-Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін, ұзындығын еніне ....... .
-Шаршының периметрін табу үшін .........
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?