Ежелгі уақытта ауданды қалай өлшеген? Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


57- сабақ. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу

Тақырыбы: Ежелгі уақытта ауданды қалай өлшеген?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу

3.3.1.3 тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш ауданы формуласын:S= (a·b):2, S=a2,S=a·b шығарып алу және қолдану, қоршаған орта обьектілері

3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /секунд өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

Тікбұрышты үшбұрыш ауданын табу формуласын (S=(ab):2) құрастыру және қолдану.

Бірқатар оқушылар үшін:

Тікбұрышты үшбұрыш ауданын табу формуласын (S=(ab):2) шығарып алу және қолдануды түсіндіру.

Кейбір оқушылар үшін:

Тікбұрышты үшбұрыш ауданын табу формуласын (S=(ab):2) шығарып алу және қолдануды түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Аудан деген не және оны түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

аудан, палетка.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табу керек?

Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын қалай табу керек?

Жазу:

Есептерді шығару жолдарын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Аудан туралы тұрмыстық түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

- Жақсы сөз адамдарға не үшін қуат береді? Не үшін «сөздің дауасы бар» дейді? Мейірімді болу оңай ма?

4-слайд

4–6

Белсендіру.

Тақтада әртүрлі фигуралар ілінген. Мұғалім тік бұрышы бар фигураларды таңдап алып, атауларын сұрайды.

Геометриялық фигуралар.

7–11

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Алдыңызда үшбұрыштар. Олардың ұқсастықтары неде?

Олардың барлығының бұрыштары тік. Олардың ауданын табуға бола ма?

Қағаз беттері.

5-слайд

12–40

Жаңаны ашу.

(Т.Ж) 1-тапсырма.Джиксо әдісі

– Мынадай тіктөртбұрыштың ауданын қалай табуға болады?(Палетканың көмегімен). Біздің алған білімімізді тіктөртбұрыштың ауданын табуға қолдануға бола ма?

Фигураның ауданын қалай табуға болатыны туралы оқушылар өз ойларын айтады. Содан соң тапсырманы топпен орындайды. Тапсырманы орындаған соң басқа топқа өз шешімдерін түсіндіру үшін, әрбір топта бір оқушыдан қалып, ал топтың басқа мүшелерінің келесі топқа барады, ондағы топтан қалған бір оқушы тапсырманың жауабын түсіндіретін болады.

Балалар өз болжамдарын ұсынып, нәтиже шығарады: тікбұрышты үшбұрыштың ауданы тік бұрыш болып қиылысып тұрған екі қабырғаларының көбейтіндісін екіге бөліндісіне тең. S=(ab):2.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ж.Ж) «Жұптас,пікірлес,талқыла» әдісі.

2- тапсырманы – практикалық жұмысты түсінік бере отырып жұппен орындайды.

Егер тіктөртбұрыштың бір диагоналін жүргізсе, тіктөртбұрыш екі тікбұрышты үшбұрыштан құралған болады. Бұл бөліктердің аудандары бірдей. Яғни, бір тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу үшін тіктөртбұрыштың ауданын тауып, оны екіге бөлсек жеткілікті. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданының формуласы: S = (a • b) : 2, мұндағы: а және

b – тіктөртбұрыштың қабырғалары. Бұлар үшбұрыш үшін тік бұрышты құрайтын қабырғалары болып табылады.

Осы тапсырма тікбұрышты үшбұрыштың ауданын түсіну және оны шығару дағдысын қалыптаст ырады. Оқушыларға қалаулары бойынша тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табатын формуланың қалай шыққандығы туралы қорытынды жасайды.

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» ойыны.

№3 тапсырмада – үлгі бойынша тексере отырып өз бетімен саяжай ауданын табады.

Бұл тапсырманы орындай отырып, оқушылар өткен формулалармен тапсырма бойынша білімдерін және тәжірибелерін қолдана алады. Оқушылар барлық тапсырмаларды үлкен қызыға орындайды. Тапсырманы орындау кезінде жұппен жұмыс істеуде қиындыққа кездескен оқушыларға көмек көрсету.

Ол үшін не белгілі, нені табу керектігін білу керек.

«Басбармақ» арқылы бағалау

4-тапсырма.Фигуралардың қай бөлігі боялған? Бөлшек түрінде жазады.Симметриялы фигураларды атайды.

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Ө.Ж)Қ.Б «Кім жылдам?» ойыны.5-тапсырманы өзіндік жұмыс түрінде орындайды.Амалдардың орындалу тәртібі бойынша орындап,эталон арқылы тексереді.Әр өрнекке 1 балл ұпай жинайды.

5-6 ұпай – «өте жақсы»

3-4 ұпай -«жақсы»

1-2 ұпай – «талпын»

Оқулық.

6-7-8- слайдтар

9-слайд

10-11 слайдтар

12-слайд

13-слайд

41–45

Кері байланыс

«Иә», «Жоқ» әдісі бойынша кері байланыс беру.

-Шаршы тәріздес қабырғаның ауданы 16 м2 болса қабырғасы 5 метр болады.

-Тіктөртбұрыштың ұзындығы 7см ені 4 см болса,ауданы 28 см.

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу