Ежелгі уақытта ауданды қалай өлшеген. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған ұсыныстар
Тақырыбы: Фигураларды салу
Оқу мақсаттары: 3.3.1.5 берілген ауданы бойынша торкөзді қағазға жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсіндіру
3.5.2.3 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын әліпбиінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу
Сабаққа қатысты деректі материалдар: Жазықтықтағы екі қиылыспайтын түзулер параллель деп аталады және былай белгіленеді: аllс. Параллель емес түзулер қиылысады. Қиылысатын түзулердің қиылысу нүктесі біреу ғана болады. Егер түзу параллель түзулердің біреуін қиып өтсе, онда ол екіншісін де қиып өтеді. Түзулердің қиылысу нүктесін табу үшін, түзулерді екі бағытта жалғастыру керек.
Суретке қарап параллель кесінділер сызады.
Тапсырма торкөзді немесе нүктелі қағазда алгоритм бойынша сызба жүргізу дағдысын дамытады.
Жазық бетіндегі екі қиылыспайтын түзу параллель деп аталады.
Бұл сөз гректің «параллелой» сөзінен шыққан, «қатар жүретін» деген мағына береді.
Практикалық жұмыс. Суретті қара. Параллель түзулерді салу үшін жоспар құр. Бұны әрқалай жасауға болады. Дәптеріңе параллель кесінділер сыз.
Параллель түзулерге өмірден мысал келтір.
(Т.Ж) 2-тапсырма.Бір жағына тіктөртбұрыш сызылған,радиусы тіктөртбұрыштың еніне тең шеңбер сыз.Фигураның қиылысу аймағын боятыңыз.
ә) Қағаздың ортасына ұзындығы 5 см болатын АВ кесіндісін сыз.А нүктесінен радиусы 4 см болатын, В нүктесінен радиусы 2 см болатын шеңбер сыз.Фигуралардың қиылысу аймағын боятыңыз.
(Ж.Ж) 3-тапсырма жұпта орындатыңыз.
Оқушылардан үш таңбалы сандарды баған түрінде жазуды және қосу алгоритмін қолданады. Оқушылардың үш таңбалы сандарды шешудің алгоритмін қадам бойынша сақтауларына мән береді. Бірнеше жұптан өз мысалдарын дауысап оқып, жауабын айтады. Сыныптағы басқа оқушылардан белгі беретін кеспеқағаз арқылы, өздерінің бұл жауаппен келісетінін не месе келіспейтінін білдіруді сұраңыз. Бағалаушы оқушылардың көрсеткен белгілері әртүрлі болғ ан жағдайда, жауапты сыныпқа талқылайды. Жұптардың жұмысын бағалайды.
454 1000 459 1000
+299 - 69 + 391 - 59
753 931 850 941
«Смайликтер» арқылы бағалаңыз.
4-тапсырманы жұппен орындатыңыз.Фигуралардың қабырғаларының ұзындығын есептеп,периметрі мен ауданын табады. Оқушыларға жұптық жұмысты мына түрде орындайды: тапсырманың бірінші бөлігін бірінші оқушы орындайды, ал екіншісі – тексереді, содан кейін екінші оқушы келесі бөлігін орындайды, ал бірінші оқушы оның дұрыстығын тексереді.
Р=(4+2)·2=12(см)
S=4·2= 8 (см2)
Р=(3+2)·2=10(см)
S=3·2= 6 (см2)
Р=(3+3)·2=12(см) немесе Р=3·4= 12 (см)
S=3·3= 3 (см2)
«Смайликтер» арқылы бағалаңыз
Фигуралардың периметрін табу үшін, қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын табу керектігін,ауданын табу үшін ұзындығы мен енін көбейтетінін еске түсіреді.
Практикалық жұмысқа түсінік бере отырып, тіктөртбұрыштың қандай ерекшеліктері бар екенін анықтайды.(Параллель қабырғалары тең, бұрыштары тік).
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
5-тапсырма. Тапсырманы оқи отырып, өз бетімен ауданын және периметрін табады.
S= 3·6= 18 (см2)
Рефлексия.
Күн - мен бәрiн түcіндім
Бұлтты күн - түcіндім, бiрақ ...
Жaңбыр - мағaн әлi де көмeк қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?