Ежелгі уақыттағы өлшеуіш құралдар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырыбы: Фигуралар салу
Оқу мақсаттары: 3.3.1.5 берілген ауданы бойынша торкөзді қағазға жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсіндіру
3.5.2.3 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын әліпбиінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу
Ынталандыру.
Мұғалім адамдар бұрынғы кезден өлшейтін және сызатын құралдарды қолданғаны туралы әңгімелейді.
Біздің кезімізге дейін жеткен құралдар бар ма? Олар қандай деп ойлайсыздар?
Суреттерді қараңыздар. Параллель және параллель емес түзулерді атаңыздар. Мұны қалай дәлелдеуге болады?
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңыздың басыңызда туындаған қандай да бір қиындықты тауып, оны түзейміз.
Өздік жұмыс
2-тапсырма.Оқушылар ауданның берілген мәндері бойынша фигуралар сызуды орындай ала ма екенін білу үшін, оларға аудандары 18 см2, 24 см2, 12 см2болатын, бірақ әртүрлі қабырғалы екі тіктөртбұрышты сызуды ұсыныңыз. Білім деңгейі жоғары оқушыларға ауданның мәнін өздері таңдап алады.
Ауданы | Ұзындығы | Ені |
18 см2 | 6 см | 3 см |
24 см2 | 6 см | 4 см |
12 см2 | 4 см | 3 см |
- (Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» әдісі.3-тапсырма. Бұл тапсырма кесінді арқылы санның үлесін табу білігін, геометриялық дағдыны бекітеді.
- 32 см =4 см
9 см =3 см
10 см =2 см
4-тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны.Аудандары
16 см2, 25 см2, 9 см2болатын шаршылар сызады және дәлелдейді.
4см 5 см 3см
Шаршының ауданын қалай табамыз? Аудан белгілі болғанда шаршының қабырғаларының ұзындығын қалай табамыз?
Бұл тапсырманы орындай отырып, оқушылар тапсырма бойынша аудан туралы білімдерін және тәжірибелерін қайталайды. Оқушылар барлық тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындайды. Тапсырманы орындау кезінде өз бетімен жұмыс істеуде қиындыққа кездескен оқушыларға көмек көрсетіңіз.
«Шапалақ» арқылы бағалаңыз.
5-тапсырма.Ұжымда орындаңыз.
а) Ұзындығы қызыл кесіндіден 2 есе артық кесіндіні тапқызыңыз. Оны дәптерге сыздырыңыз.
Жауабы: АВ кесіндісі - 5см, EF кесіндісі -10см EF кесіндісі 2 есе ұзын.
ә) Қай кесіндінің ұзындығы көк кесіндінің жартысын құрайтынын таптырыңыз,дәптерге сыздырыңыз.
6-тапсырманы топта орындатыңыз.Көпбұрыштың қабырғаларының ұзындығын өлше.Олардың периметрін табады. Периметр – фигураның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы екенін еске түсіреді және қолданады.
Р=5см+3см+2см+2см=12 см
Р=2см+2см+2см+2см+2см+2см=12 см
Р=3см+3см+3см+2см+2см=13 см
«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» деген сөздік бағалау арқылы бағалаңыз.
7-тапсырма. Шеңбер туралы алған білімдерін қолдана отырып,шеңберлер сызады.
Тапсырма шеңбердің диаметрі мен радиусын өлшеудегі дағдыларды өте жақсы меңгеруге жетелейді. Оқушылар алдымен радиус пен шеңберді сызып, кейін олардың мәндерін жазуы тиіс.
(Ж.Ж) 8-тапсырма. Фигураларды жұпта мұқият қарап, қайсысы симметриялы болатынын сұраңыз.
-Қандай заттардың симметрия осі дұрыс жүргізілген?
– Қандай заттардың симметрия осі дұрыс жүргізілмеген? Сызғыштың көмегімен симметрия осін қалай жүргізу керек екенін көрсет. Жұпта пікір алмасады..
(Ө.Ж) 9-тапсырманы өз беттерінше орындайды. Екі симметриялы фигураны таңдап,оларды дәптерлеріне сызады. Тапсырма симметрия осіне қатысты симметриялы заттарды келтіру дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардан алдын ала суреттеу кезінде ең басты шарт қандай екендігін сұраңыз (бөліктері бірдей болуы қажет).
(Ж.Ж) Өрнектің мәнін тап.10-тапсырманы жұпта орындатыңыз.Бұрын болған жұптан бір оқушы жауабын оқиды.
(3+5)·5=40 4·5+(3+6)=29 9·6-4:2=52
3+5·5=28 4·(5+3)=32 9·(6-4):2=9
«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» деген сөздік бағалау арқылы бағалаңыз.
(Ж.Ж) Салыстыр.11-тапсырманы жұпта орындайды.Бұл тапсырма аудан бірліктерін салыстыруға арналған.Аудан бірліктерінен алған білімдерін еске түсіріп,орындайды.
(Т.Ж) 12-тапсырма топта орындалады.Бір торкөздің ауданы - 4 см2.фигураның боялған,боялмаған және барлық бөліктерінің ауданын табады.
а)Боялған – 24 см2,боялмаған бөлігі-56 см2,барлығы-80 см2
ә) Боялған –20 см2,боялмаған бөлігі-40 см2,барлығы-60см2
б)Боялған – 28 см2,боялмаған бөлігі-16см2,барлығы-44 см2
в)Боялған – 32 см2,боялмаған бөлігі-4см2,барлығы-36 см2
«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» деген сөздік бағалау арқылы бағалаңыз.
Рефлексия.
– Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?
– Осы мақсаттарға жете алдық па?
– Сіздерде қиындық туындаған ба еді?
– Сіз оларды өте алдыңыз ба?
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?