Гүлзарлар мен көгалды алаңдар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


77-сабақ. Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері

Тақырып: Гүлзарлар мен көгалды алаңдар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау

3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

Ауызша есептеу тәсілдерін орындау (разрядтан өтпей).

Бірқатар оқушылар үшін:

Есептеу тәсілдерін қалай орындау керек екенін түсіндіру.

Кейбір оқушылар үшін:

100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Есептеу тәсілдерін қалай орындауға болатынын түсіндіру

Пәндік лексика және терминология:

Есептеу тәсілдері, амалдар қасиеті

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Есептеуді қалай орындауға болады?

Қандай тәсілдер қолданылады?

Жазу:

Өрнектерді жазу.

Алдыңғы сабақта алған білім

Көбейту мен бөлу кестесі. 10 мен 100 сандарына, толық ондықтарға көбейту және бөлу, көбейтудің терімділік қасиеті, қосынды мен көбейтіндіні біртаңбалы санға көбейту ережесі, 100 көлемінде ауызша көбейту және бөлуді орындау кезінде қосындыны санға көбейту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3

Ынталандыру.

Қане тәртіп сақтайық

Тез есептеп аттайық

Алға қадам басқанда

Батылдықпен аттайық

4-слайд

4–6

Белсендіру.

«Иә», «Жоқ» әдісі арқылы ауызша есептеуге бірнеше мысал тапсырма орындалады.

-50 мен 10-ның көбейтіндіс 500-ге тең

-200 бен 20-ның бөліндісі 100-ге тең.

-27 мен 10-ның көбейтіндісі 270-ге тең-–«иә»

-400 бен 20-ның бөліндісі 100-ге тең- «жоқ»

Тапсырма жазылған карточкалар

7–11

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңызда туындаған қандай да бір қиындықты тауып, оны түзейміз.

12–40

(Т.Т) «Гүл жинау» ойыны.1-тапсырма . Бұл тапсырманы қатар бойынша жарыс түрінде (егер оқушылар қатар бойынша отырса) немесе топта орындайды. Тақтаға 1, 2, 3-қатар (топ) деп жазып қойылады. Тапсырмаларды орындау барысында, оқушылар қолдарын көтереді, оны тексеріп, жұмысты орындап шыққан оқушы қай топтың оқушысы болса, сол топқ ұпай беріледі. Барлығынан көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

(Ж.Ж) «Тиінге көмектесу» ойыны.2-тапсырма жұпта орындалады.Жұпта талқылап,есептеп жауабын эталоннан тексереді. Тапсырма дөңгелек сандарды бөлу дағдысын бекітуге бағытталған.

(Ж.Ж) Орындап көр. 3-тапсырма жұпта орындалады. Оқушыларға ауыспалы жұптық құраммен жұмыс жасайды. Тапсырманы параққа орындайды. Тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Оқушылар амалдардың орындалу тәртібі анықтап орындайды Есепті шығарып болған соң, барлық нәтижелерді салыстырады, өйткені оқушылардың есептеу нәтижелері әртүрлі болуы мүмкін. Барлық жауапты тексеріледі.

(Оқушылардың тапсырманы орындау барысында, қиындыққа кезіккен оқушыларға көмек көрсету.)

4-тапсырма. а)Көгалдың периметрі белгілі болса, қабырғаларының ұзындығын тауып, ауданын табу үшін бұрынғы білімдерін еске түсіреді. Периметр – фигураның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.Ендеше,периметрі арқылы бір қабырғасын тауып, ауданын табады.

ә)Оқушылар шаршының ауданын қалай меңгергенін анықтау үшін, келесі сұрақтарды қойылады:

• Шаршының ауданын қалай табамыз?

• Аудан белгілі болғанда шаршының қабырғаларының ұзындығын қалай табамыз?

• Шаршының ауданын қандай өлшем бірліктермен өрнектеуге болады: см2, мм2, дм2,см ,м

(Ө.Ж) 5-тапсырма.Шығарып көр . Бұл тапсырманы өз беттерінше орындайды. Оқушылар есептеу дағдыларын бекітеді. Тақтаға 1, 2, 3-қатар (топ) деп жазып қойылады. Тапсырмаларды орындау барысында, оқушылар қолдарын көтереді, оны тексеріп, жұмысты орындап шыққан оқушы қай топтың оқушысы болса, сол топқа ұпай беріледі. Барлығынан көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

6-тапсырма.Тапсырма жұпта орындалады.Тіктөртбұрышты атыздың ені белгілі,жиналған өнімнің салмағына қарап,атыздың ұзындығын табады.

7-тапсырма. Бұл тапсырманы орындауды да жарыс түрінде өткізуге болады. Әрбір қатардан (топтан) бір-бір оқушыдан шығады. Олардан теңдеуді шешуді жарыса отырып, тез және дұрыс орындайды. Содан соң оқушы теңдеуді шешкеннен кейін, қай компоненттің белгісіз болғанын және оны табу үшін оның не істегенін айтады. Егер тақтадағы оқушы қиналса, оған сол қатардың (топтың) мүшесі көмек көрсете алады.

8-тапсырма. «Өрнек құрастыр» Оқушылар өрнек құрастырып, оның мәнін есептейді. Олар алдымен мысалдарды жұпта талқылап, содан кейін өз беттерінше дәптерге жазады. Тапсырманы орындаған соң, жұптар арасында бірін-бірі тексереді.

Дәптер, оқулық

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-9-слайдтар

10-слайд

11-12-слайдтар

41–45

Кері байланыс

«Ыстық орындық» әдісі арқылы кері байланыс беру.

-Периметр деген не?

-Шаршының ауданын қалай табады?

-Белгісіз көбейткішті қалай табамыз?

-Белгісіз бөлінгішті қалай табамыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу