Әлемнің әйгілі ғимараттары. Көпірлер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
67-сабақ. Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту мен бөлу
Тақырып: Әлемнің әйгілі ғимараттары. Көпірлер. | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кылышбаева А.Т. | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.2.9 100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану 3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану 3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау 3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану | ||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Көбейту мен бөлу кестелері. 10 мен 100-ге көбейту және бөлу | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
3мин | Ұйымдастыру «Жеті сан» Тақтаға 7 оқушы шақырылады. Парта үстінде жатқан 1-7 дейінгі сандарды ретімен таңдап алады. Қосымша тапсырмаға жауап алу арқылы өзіне топ мүшелерін жинайды. Мысалы, 6 санын таңдап алса, төмендегідей тапсырмалар беріледі. Тапсырма:
Тапсырма ауызша бағаланып, дұрыс орындаған оқушыларды өз тобының мүшесі ретінде қабылдайды. Әр топта төрт оқушыдан болады. Топтар тиісті орынға отырады. | Кеспе қағаздар
| |||||||||
3 мин | Ынталандыру. Ұжымдық жұмыс Өрнектің мәні дұрыс орындалса, суреттегі атақты көпір туралы ақпарат біле алады.
Тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар күлегеш арқылы бағаланады. | №3-6 презентация | |||||||||
12мин | Белсендіру Топтық жұмыс «Әлемнің жеті кереметі» Әр топқа әлемнің жеті кереметі туралы қысқаша ақпарат беріледі. Ақпаратта жасырған сандарды есептеп табу арқылы әлемнің жеті кереметі туралы қызықты мәліметтер біледі. 1-топ Мысыр пирамидалары ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 280: 10= __ ғасырда салынған. Оның биіктігі – 14*10+7= м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 10*10= мың адам 200:10= жыл бойы салғандығы айтылады. 2 – топ Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 60:10= ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасатқан. 40:10= қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Ол “Әлемнің 700: 100= кереметінің” біріне айналды. 3-топ Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 200:50 = ғасырда соғыс алапатынан қираған. Салынуы 60*2= жылға созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра іздің заманымызға дейінгі 90*5 = жылы аяқтады. 4-топ Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 250:50= ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған, “Әлемнің 490:70= кереметінің” бірі. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 170:10 = м болған. 5 – топ Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 240: 60 = ғасырда салынған. Археологтардың есебі бойынша баспалдақтың әр басқышының биіктігі 3 · 10 = см. Биіктіктері 120: 10 = м мәрмәр бағандар шатырға тірек болды. 6 – топ Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы, биіктігі 450:10= м. біздің заманымыздан бұрын 28 · 10 +5= жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 22· 10 + 4 = жылы жер сілкінісі кезінде қираған. 7 – топ Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 300 : 100 = ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 16 · 10= м. Александрия шамшырағы 140 : 10 = ғасырда жер сілкінісінен қираған. Топпен тапсырма орындалып болған соң әр топтан бір оқушы шығып жариялайды. Тапсырманы толығымен дұрыс орындаған топтарға күлегештер беріледі. | 7 - презентация Таратпа материалдар | |||||||||
12 мин | Жаңаны ашу. Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлу тақырыбында видеоматериал көреді. Видеоматериалдан оқушылар толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту мен бөлудің бір тәсілімен танысады. Жұптық жұмыс Түсіндіре отырып алғашқы бекіту «33» стратегиясы 3 минутта 3 тапсырма орындалады. Парталас көршілер бір – біріне толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлу тақырыбына сәйкес өрнек құрастырып орындауға береді. Өзара тексереді. Үлгі: 30 · 2 = 2 · 30= 60 : 30 = 60 : 2 = Санды екі санның көбейтіндісіне көбейту а·(b·c) = (а·b) · c Түсіндіре отырып ауызша есептеу (5·3)·2 (7·2)·5 20·(5·8) 4·(3·20) 6·(3·5) (50·4) ·2 Көбейтіндіні санға бөлу (а:b)·c = (а:с)·b = (b:с)·с Түсіндіре отырып ауызша есептеу 80:2 900:300 100:20 1000:200 800:2 400:2 100:2 60:20 Дұрыс орындаған оқушылар ауызша мадақталады. «Жарайсың!!!» «Тамаша!!!» «Керемет!!!» | Видеоматериал: https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/3-synyp/nolmen-ayaqtalatyn-sandardy-kobejtu-zhane-bolu 8 - презентация 9-11 презентация | |||||||||
5мин | Жаңаны қолдану.
| жұмыс дәптері | |||||||||
3 мин 2мин | Рефлексия.
Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар.
Өздерін бағалау
сұрақтарым бар
мәліметтер маған керек емес | 12 - презентация Стикерлер 13-презентация Кескін қағаздар | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру