Логикалық есептерді шешу. Математика, 3 сынып, презентация.


«Кім жылдам?» ойыны

Арманда 1 алма, Айнурда 2 алма, Аселде 5 алма болады неше алма?

Әсеттің жасы әкесінен 30 жасқа кіші, Әкесі анасынан 3 жасқа үлкен. Анасының жасы 52 жаста. Әсеттің жасы нешеде?

Логикалық есептерді шешу

Сабақтың мақсаты:

Кестелер мен графиктер құру арқылы логикалық есептерді шешу

Менің киімімнің түсі қызыл емес, Айнұрдыкі жасыл да көк те емес, Армандыкі қызыл да емес, көк те емес. Кімнің кімінің түсі қызыл, кімдікі жасыл, кімдікі көк?

Мектепте барлығы 117 бала бар.

2-сыныпта 10 қыз бар.

4-сыныптағы қыздардың саны 2-сыныптағыдан екі есе артық.

Мектепте барлығы 58 ұл .

1-сыныптағы ұлдардың саны 2-сыныптағы ұлдардың санынан жарты есе кем .

2-сыныпта барлығы 32 оқушы бар.

3-сыныпта ұлдар мен қыздардың саны тең.

4-сыныпта 12 ұл бар.

Мектептегі ұлдар мен қыздардың саны әр түрлі.

Сауле, Жанар, Айгүл мен Айжан түске қарай кездеспекші болды, бірақ олардың барлығы бір күнде кездесе алмайды.

Сауле сейсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері кездесе алмайды.

Жанар дүйсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері кездесе алады Айгүл дүйсенбі және бейсенбі күндері жұмысқа бару қажет.

Айжандүйсенбі, сейсенбі мен жұма күндері бос.

Олардың барлығы жексенбі күндерін үйде өткізгенді қалайды.

Әрбір жұп шай ішу үшін кездесуге бос күн таба алады ма?

Олардың ешқайсысы да кездесе алмайтындай күндер бар ма?

Бір жұптан артық кездесе алатындай күндер бар ма?

Асқар, Нұрлан, Маржан және Дәурен дүкенге барды. Әрқайсысы өзіне сүйікті түсті допты таңдап алды. Түстері – сары, күлгін, жасыл және қызыл. Асқар мен Маржан күлгін түсті ұнатпайды. Қызыл түсті қыз бала ұнатады. Нұрлан жасылды ұнатады, бірақ ол оның сүйікті түсі емес. Нұрланның сүйікті түстері жасыл мен сары, бірақ оның бір ғана сүйікті түсі бола алады. Асқар қызыл түсті ұнатады, бірақ ол оның сүйікті түсі емес. Әрбір бала қандай түсті доп алды?

Асқар, Нұрлан, Маржан және Дәурен дүкенге барды. Әрқайсысы өзіне сүйікті түсті допты таңдап алды. Түстері – сары, күлгін, жасыл және қызыл. Асқар мен Маржан күлгін түсті ұнатпайды. Қызыл түсті қыз бала ұнатады. Нұрлан жасылды ұнатады, бірақ ол оның сүйікті түсі емес. Нұрланның сүйікті түстері жасыл мен сары, бірақ оның бір ғана сүйікті түсі бола алады. Асқар қызыл түсті ұнатады, бірақ ол оның сүйікті түсі емес. Әрбір бала қандай түсті доп алды?

Бүгінгі логикалық есептерді қандай тәсілмен шығардық?

Кестедегі бағандар мен жолдар саны неге байланысты?

Кесте түрінде шығарудың тиімділігі неде?

«Сен - маған, мен - саған»

Сабақта не ұнады/ ұнамады....

Сабақты қызықты болды.....

«Блоб» ағашында өзін бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу