Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
42-сабақ. Үлестер және бөлшектер туралы түсінік
Тақырып: Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері
Оқу мақсаттары: 3.1.1.6 жай бөлшектерді оқып, жазу; көрнекіліктерді пайдалана отырып, бірдей мәнділігі бар бөлшектерді салыстыру
Тірек сөздер:
- үлес
- бөлшек
- жарты,бүтін
Ресурстар:
- лимон
- торт
- апельсин
- қиылған дөңгелектер
- қарындаш
- оқулық
- жинақ полотносы
- кесінді қағаздар
- таратпа қағаздар
- сигнал карталары
Сабаққа қатысты деректі материалдар:
- Бөлімі бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады.
Сабаққа арналған ескертулер
- Бөлшектерді салыстыруды үйренеді.
- Үлеске бөліп, бөлшек түрінде жаза білуге үйренеді.
Ынталандыру. Топқа бөлу.Топқа бөлу үшін 4-ке бөлінген торт, 5-ке бөлінген апельсин,8-ге бөлінген лимонның суреттерін стол үстіне тастап , сол суреттердің бөліктерін алу арқылы топтарға бөлінуді ұсыныңыз. Оқушылар қолдарындағы бөліктер арқылы топтасады..Әрі қарай топ бойынша тапсырма беріңіз,1-топ торттың 2 бөлігін көрсету, 2-топ апельсиннің 3 бөлігін көрсету, 3-топ лимонның 5 бөлігін көрсету.Әр оқушы қолдарындағы бөліктерді стол үстіне қойып құрастырады.Алдарындағы суретке қарап,оқушыларға сабақтың тақырыбын ашқызып, сабақтың мақсатын айтқызыңыз. | ||||||||
Белсендіру. (Алдыңғы сабақта өткен мәліметтерді еске түсіруүшін жинақ полотносында берілген суреттерді топтарға таратып беріп, төмендегіше тапсырма беріңіз..
–Бірінші дөңгелек неше тең бөлікке бөлінген? –1/2 бөлігін қалай шығардың?
| ||||||||
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қойыңыз.
Әр суретке қарап, ататыңыз. | ||||||||
Жаңаны ашу. №1 тапсырмаға арналған сурет бойынша оқушылардан сұраңыз..Алдыңызда тұрған күнтізбе. Ол неше бөлікке бөлінген? (12-ге). Бұл бөлікті қалай атайды? (Он екіден бір). – Бір ай бір жылдың нешеден бір бөлігі? 1/12. – Көктем айлары қандай бөлікті құрайды? 3/12. Жазбаны торкөзде өзіңіз жазып көрсетіңіз. Бұл жазбаны бөлшек деп атайды. Сызықтың астындағы сан – бөлімі. Ол неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Сызықтың үстіндегі сан – алымы. Осындай қанша бөлікті алғанын көрсетеді. 1 (ә) суретке қарап,сұрақтарға жауап беруін айтыңыз.. Аптаның бір күні қандай бөлікті құрайды? 2 күн ше? 1/7, 2/7. Әрі қарай аптаның күндерін, демалыс күндерді бөлшекпен ататып, жаздырыңыз. "Қошемет"сергітуін жасатыңыз. Оқушылар шеңбер бойына тұрғызып, өзіңіз кімдерге қошемет жасау керек екенін айтып тұрыңыз.Мысалы:"Шашы ұзын қыздарға қошемет!", "Белбеу таққан жігіттерге қошемет!","Галстук таққандарға қошемет!" т.с.с. Алған білімді бекіту мақсатында төмендегі тапсырманы орындатыңыз. Санның үлесін табу/ шамалар мен сан/ үлесі бойынша шаманы табу.Оқушыларға таратпа қағаздарды беріп,жауабын сұраңыз. Таратпа қағаз№1 9 санының үштен бір бөлігін тап. Жауабы:3 Таратпа қағаз№2 10 санының жартысын тап.Жауабы:5 Таратпа қағаз№3 100 санының оннан бір бөлігін тап.Жауабы:10 Таратпа қағаз№4 16 санының төрттен бір бөлігін тап.Жауабы:4 Таратпа қағаз№5 18 санының жартысын тап.Жауабы:9 Таратпа қағаз№6 Тең төртке бөлінген дөңгелектің суреті беріледі. Дөңгелектің төрттен бір бөлігін боя. Дөңгелектің жартысын боя.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Жұппен орындалатын тәжірибелік жұмыс.Оқушыларға қағаз таратыңыз. Қағазды екіге бүктетіп,, содан кейін тағы бір бүктетіңіз. Кесіндіні қайта аштырыңыз. Кесіндіні неше тең бөлікке бөлгендігін сұраңыз. 4 тең бөлікке бөлінді. 2- бөлігін боятып, бөлшекті ататыңыз, 3-бөлігін боятып, бөлшекті ататыңыз. Қай бөлік үлкен? Оқушылар қорытынды жасатыңыз. Бөлімі бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады. Әрі қарай оқушыларға №2 мен 3-тапсырманы ауызша орындауды тапсырыңыз. №4 тапсырманы оқушыларға өздік жұмыс ретінде алыңыз.соңынан "Бағдаршам" арқылы тексертіңіз. | ||||||||
Жаңаны қолдану. .№ 5 тапсырманы оқушыларға өз беттерімен орындатып, тексертіңіз.. Содан кейін дәптердегі формативті бағалауы бар тапсырманы орындауға ұсыныңыз. Мен:
Қайталау (№6 тапсырманы өздік жұмысқа беріңіз, есептеудің тиімді тәсілін пайдаланып Орындауын айтыңыз. Тапсырманы орындап болған соң әр топтан бір оқушы елшілікке шығып,басқа топтардың тапсырмаларын бағалайды. Кестені толтыру. Оқушыларға кесте таратыңыз. Берілген бөлшектерді жазып және оқып шығуын қадағалаңыз. Жұпта бір-біріне оқып болғаннан соң, төменгі кестені толтырады. Қателескен оқушылар болған жағдайда, көмек көрсетіңіз. Алымы және бөлімін қайталатып алған жөн. | ||||||||
Рефлексия. Рефлексия жүргізу үшін оқушылар өз біліктіліктерін мақсаттарымен үйлестіреді.Сабақ үстінде қолынан не келетінін кім түсінді:
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?