Астана ғимараттары. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Тақырып: Астана ғимараттары

Оқу мақсаттары3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /сек өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

3.1.3.3 шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2, га/ сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) салыстыру және амалдар орындау

3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру

Сабаққа қажетті ресурстар: әр түрлі ұзындықтағы түрлі-түсті ленталар;

Қима қағаздарға жазылған кесінділер суреті;

Топтық жұмысқа арналған ұзындық өлшеуіштерін түрлендіруге тапсырмалар жазылған қима қағаздар;

Қала көшелерінің ұзындықтарын өлшеу үшін көше суреттері

Ынталандыру.

Астана ғимараттарының ерекшеліктері туралы, бұл қаланың қысқа мерзімнің ішінде әлемнің ең әдемі қалаларының біріне айналғаны туралы әңгімелеу.

Астанадағы сәулетті ғимараттар туралы, геометриялық пішіндермен ұқсастықтары.

«Бәйтерек», «Хан шатыры», «ЭКСПО 2017»

«Хайвэл» тұрғын үй кешені, «Келісім сарайы» ғимараттары туралы тоқталып өту.

1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді. 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды. Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды. 1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Астана – Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте орналасқан қала. Астана – әлемдегі суық астаналардың қатарында. Ұлан-Батор қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық. Әлемдегі екі астана атауы «Астана» деген мағына береді: Сеул және Астана қалалары Әлемдегі екі елдің астанасы Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде орналасқан. Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласы Енисей, ал Астана Есіл өзенінде орналасқан. Қала жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава айналысты.

«Хан Шатыр» - Астанада орналасқан сауда және ойын-сауық кешені.

2010 жылдың 6 шілдесінде ашылған. Ерекше құрылыстың төбесі 150 метрлік мөлдір шатырмен жабылған. Қолданылған материалдардың химиялық құрамының арқасында сырттағы ауа райына қарамастан, іштегі микроклимат үнемі бірқалыпты. Хан Шатырдың жалпы аумағы - 127 000 шаршы метр. Ішінде супермаркет, отбасылық бақ, дәмханалар мен мейрамханалар, кинотеатр, жаттығу залы, жасанды жағалау, кеңселер, 700 орынға арналған паркинг орналасқан. Оның басты артықшылығы – төрт мезгіл бойы температурасы +35 градус болып тұратын жасанды жағажайында. Жасанды жағажайдың құмы арнайы Мальдив аралдарынан әкелінген. Құрылыстың жобасын архитектор Норман Фостер жасаған.

Авторлық құқықты сақтаңыз Суреттегі Астанадағы океанариум ғимараты – ерекше құрылым. Ол – Гиннес рекордтар кітабына енген әлемдегі жалғыз ғимарат, мұхиттан 3000 километр қашықтықта орналасқан. Біз қандай жаңа ұзындық өлшем бірлігін қолдандық? Бұл–километр.

Белсендіру. Ұжымдық жұмыс

Оқушыларға тапсырмаларды интерактивті тақтада көрсету, олар жауабын ламинатталған парақтарда жазып көрсетеді.

Жауабын интерактивті тақтада көрсету арқылы тексереді.

Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнектеу жауаптары:

2 дм 6 см = 26 см 5м 20см = 520 м

40 дм = 400 см 320 см = 3 м 20 см

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Жолақтың ұзындығын сантиметрмен өлше. Барлық кесіндіні өлшей алдыңыздар ма?

(Кейбіреулері толық сантиметрден үлкен/кіші).

– Сантиметрден кіші ұзындықтың өлшем бірлігі қалай аталатынын білесің бе?

Жаңаны ашу.

Ұзындық өлшемдерінің кестесін қара.

Миллиметр – ұзындық өлшем бірлігінің ең кіші бөлігі. 1 см = 10 мм.

Ал сізге метрден үлкен өлшем бірлігі таныс па? Сызғыштың бөліктері. Сіз енді 1 см-ден кем кесінділерді өлшей аласыз ба? 1 см-ден артық, бірақ 2 см-ден кем кесінділерді ше?

Ұзындық өлшем бірліктеріне қатысты кестені көреміз.

Балалар сабаққа арналған кестемен және тұсаукесермен жұмыс жасайды.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Ұзындық өлшеуіштерінің қысқаша жазылуымен таныстыру: км, м, дм, см, мм

Ұзындық өлшеуіштерінің шамаларын салыстыру, теңестіру.Слайд арқылы ұзындық өлшемдерімен танысу.

№2 тапсырманы жұппен түсіндіре отырып практикалық жұмыс жүргізу.

Кесінділердің ұзындықтарын өлшейді, сантиметрден кіші өлшем бірлігін қалай аталатынына жауап береді.

Жауаптары:

2 см = 20 мм; 3 см = 30 мм; 1 см = 10 мм; 4 см = 40 мм

Ой қорыту

№3 тапсырманы топта көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнектеу.

Әр топ тапсырманы орындап болғаннан соң топ өкілдері тақтада жұмыстарын таныстырады. Жауаптары дұрыс болғанда қолдарын шапалақтайды. Дұрыс болмағанда аяқтарын топырлатады.

Жауаптары:

1 см = 10 мм; 40 см = 40 мм;

2 дм 1 см = 21 см; 210 см = 21 дм = 2 м 1 дм;

690 см = 69 дм = 6 м 9 дм; 78 мм = 7 см 8 мм;

658 см = 6 м 5 дм 8 см; 546 мм = 5 дм 4 см 6 мм

Жаңаны қолдану.

Оқулық бойынша тәжірибелік жұмысты топта жалғастырады. Фишкаларды кезекпен лақтырып, кімде көп ұпай түссе сол оқушы өлшемді жалғастырады.

Балалар карта бойынша қала маршрутының жоспарын құрастырады және оның ұзындығын километрмен өлшейді. Қай оқушының өлшеген жолы ұзақ болса, сол оқушы жеңіске жетеді.

Топтардың бағытымен жолды жалғастыру.

Көлге дейін қанша км?

Жотаға дейін?

Көпірге дейін?

Әр топтың жүрген жолын есепте.

Сұрақтарға толық жауап алу.Сызба бойынша сұрақтарды қалай түрлендіруге болатындығын сұрау.

Өздік жұмыс.

№5 тапсырма. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табуды еске түсіру, қажет болған жағдайда формуласын тақтада жазып көрсету.

Жауаптары:

4х2:2=4 см2; 10х5:2=25 см2; 8х10:2=40см2; 4х8:2=16 см2

Жұптық жұмыс

№ 6 тапсырмадағы үшбұрыштардан доғал бұрышы бар үшбұрыштарды табу. Олардың периметрін табу және оны миллиметрмен өрнектеу.

Жауаптары:

2 және 3-үшбұрыштарда доғал бұрыштар бар.

Топтық жұмыс

Топ тапсырмалары А4 парақтарына жазылып топтарға беріледі Әр топқа тапсырмалар беріліп, топ басшысы шығарылған есептердің жауабын келесі топқа тексеру үшін апарады. Топ мүшелері жауаппен келіссе келісемін деп, келіспесе келіспеймін деп өз пікірлерін дәлелдейді.

Жауаптары:

І топ: 40 мм; ІІ топ:7 м; ІІІ топ: 54; ІV топ: 7 есе кем.

Жұптық жұмыс «Бос орынды толтыр»

Кестелердің бос орындарын толтыру. Кері амал арқылы табу керек екеніне тоқталу. Тапсырмаларды орындап болғаннан соң, бағалау критерийлері арқылы бағалау.

Жауаптары:а)1-кесте: 160; 500; 480; 436; 754

ә)2-кесте: 500; 785; 0; 240; 700

Мен:

Шамаларды есептеуді;

Шамалардың мәнін салыстыруды (км, см, дм, м) және олармен амалдар орындауды;

Оладың өзара қатынасы негізінде см, дм, м, км ұзындық бірліктерін өрнектеуді.

Рефлексия.

Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;

«Мен … өзімді мақтан етемін»;

«Әсіресе маған ұнағаны …»;

«Бүгін … менің қолымнан келді»Жетістік сызғышы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу