Уақыт туралы мақалдар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы:Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару

Оқу мақсаттары: 3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару

Сабаққа қажетті ресурстар: кестелер, көрсетілім,көгөністер суреттері,сағат суреті

Сабақта қолданатын деректі материалдар: сатып алынған заттың санын білу үшін, заттың құнын заттың бағасына бөлу керек; барлық заттың құнын білу үшін,заттың бағасын оның санына көбейту керек; заттың бағасын білу үшін ,барлық заттың құнын оның санына бөлу керек.

Ынталандыру.

Математика керек әр күнге,

Математика қажет өмірде.

Математиканы оқимыз,

Миымызға тоқимыз.

Белсендіру.

Мұғалім шамалар үшбұрышын қарауды ұсыныңыз. Осы арқылы шамаларды өзара байланысын түсіндіріңіз.

Жалпы массаны табу үшін бір заттың массасын санына көбейтеміз.Ж=м·с

Бір заттың массасын табу үшін жалпы массаны заттың санына бөлеміз.М=ж:с

Заттың санын табу үшін жалпы массаны бір заттың массасына бөлеміз. С=ж·м

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

«Ойлан,құрастыр!» ойыны

(Ж.Ж) 1-тапсырманы жұпта орындатыңыз.Тапсырманың жауабын кему ретімен атап,уақыт туралы мақалды оқиды.Көбейту кестесін жатқа айта отырып,тірек сөздерден мақал құрастырып және оның мағынасын түсіндіріңіз.

8·8= 64 (бір минутты)

9·7= 63 ( бос жіберсең)

7·8= 56 (бір сағатты )

6·9= 54 (жоғалтасың)

Бір минутты бос жіберсең,

Бір сағатты жоғалтасың.

Жаңаны ашу.

(Ұ.Ж) 3-тапсырманы оқып,шартын жазып,шешуін табуды ұсыныңыз.(қиындық келтірген оқушыларға көмек көрсету)

Бірдей 9 жәшікте 54 кг жүзім бар.Сондай 3 жәшікте қанша килограмм жүзім бар?

-9 жәшікте 54 кг жүзім болса 1 жәшікте қанша килограмм жүзім бар екенін табамыз.

-Ол үшін жалпы массаны жәшіктің санына бөлсек, 1 жәшіктің массасы шығады.

-Содан кейін 3 жәшіктегіні табу үшін 1 жәшіктің массасын жәшіктің санына көбейтеміз.

9 жәшікте – 54 кг жүзім

3 жәшікте - ? кг жүзім

Ш:54:9=6 (кг) – 1 жәшікте

3·6=18(кг) – 3 жәшікте

Ж:3 жәшікте 18 килограмм жүзім бар.

«Басбармақ» арқылы бағалау

(Т.Т) 4-тапсырманы топта орындатыңыз.Берілген кесте бойына есептер құрастырып,оны шешеді. Бұл тапсырмада шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығаруды үйренеді.

І топ: 4-тапсырма (а)

6 жәшікте – 48 кг алма

9 жәшікте - ? кг алма

Ш:48:6=8 (кг) – 1 жәшікте

9·8=72(кг)

Ж: 9 жәшікте 72 килограмм алма бар.

ІІ топ: 4-тапсырма (ә)

72 кг шие - 9-нан - ? ж

56 кг шие - ? –нан -? ж бірдей

Ш:72:9=8 (ж)

56:8=7(кг)

Ж:56 килограмм шие 7 жәшікке салынды

ІІІ топ: 4-тапсырма (б)

6 кг-нан – 6 жәшік өрік

9 кг-нан - ? жәшік өрік

Ш:6·6 =36(кг)

36:9=4(ж)

Ж:9 килограммнан 4 жәшік өрік

(Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» әдісі бойынша 5- тапсырманы түсіндіре отырып жұппен орындатыңыз.Топта есепті талқылайды,орындайды,бір-бірін тексереді,салыстырады.

а)Өрік тосабы- 9 кг қант

Бүлдірген – 12 кг қант? пакет қант

Бір пакетте – 3 кг қант

Ш:(12+9):3=7(п)

Ж: 7 пакет қант қолданды

ә)Таңқурай – 18 л

Шие - ? , 3 есе кем ? кг тосап

Ш:18:3=6(л)

18+6=24(л)

Ж:барлығы 24 литр тосап дайындады.

«Смайлик» арқылы бағалаңыз.

(Т.Т) 6-тапсырманы топта орындатыңыз.Оқушылардың үлес туралы алған білімдерін қолдана білуге үйренеді.

І топ: 6-тапсырма (а) Сатушы 12 кг асқабақтың 6/1 бөлігін сатты.Сатушы қанша килограмм асқабақ сатқанын қалай табатынын еске түсіре отырып,жұптта талдап орындайды.Балалар 12 кг асқабақтың 6/1 табу үшін,12-ні 6-ға бөліп 1-ге көбейтіп табады.Сонда асқабақтың 6/1 бөлігі 2 килограмм екенін табады.Қалғанын табу үшін асқабақтың жалпы салмағынан 2 килограмды азайтып, 10 кг асқабақ қалатынын табады.

Асқабақ – 12 кг

Сатты - ? 6/1

Қалды - ? кг

Ш:12:6·1=2(кг)

12-2=10 (кг)

Ж: 10 килограмм асқабақ қалды.

ІІ топ: 6-тапсырма (ә) Сатушы 12 кг асқабақты бірнеше бөлікке бөліп,бір бөлігін сатқаннан кейін 10 кг асқабақ қалды.Сатушы қанша килограмм асқабақ сатты және ол асқабақтың қанша бөлігі?

Асқабақ -12 кг

Сатты -? кг ? бөлігі

Қалды- 10 кг

Ш:12-10=2(кг)

12:2=6 (бөлігі)

Ж:2 килограмм асқабақ сатты және ол 6/1 бөлігі

ІІІ топ: 6-тапсырма (б)

Көгөніс сатушы асқабақты бірдей 4 бөлікке бөліп,төрттен бір бөлігін сатты.Егер асқабақтың массасы 12 кг болса,қанша килограмы қалды?

Сатушы 12 кг асқабақтың 4/1 бөлігін сатты.Сатушы қанша килограмм асқабақ сатқанын қалай табатынын еске түсіре отырып,жұптта талдап орындайды.Балалар 12 кг асқабақтың 4/1 табу үшін,12-ні 4-ке бөліп 1-ге көбейтіп табады.Сонда асқабақтың 4/1 бөлігі 3 килограмм екенін табады.Қалғанын табу үшін асқабақтың жалпы массасынан 3 килограмды азайтып, 9 кг асқабақ қалатынын табады.

Асқабақ – 12 кг

Сатты - ? 4/1

Қалды - ? кг

Ш:12:4·1=3 (кг)

12-3=9 (кг)

Ж: 10 килограмм асқабақ қалды.

«Смайлик» арқылы кері байланыс беру

(Ж.Ж)«Амалдарды орында және таңда!» ойыны. 7-тапсырмада сағат үлгісінен өрнектің мәнін табуды ұсыныңыз.

(69-68)·8=8 5·8-39=1 (54+26):8=10

20-54:6=11 8:4·6=12 12:4·3=9

(80-24):7=8 2·9:3=6 (48-8):10=4

«Басбармақ» арқылы бағалау

(Ж.Ж) «Ретін тап» ойыны арқылы 8- тапсырмада бөлшектерді өсу ретімен орналастырып,мақалдарды оқуды ұсыныңыз.

(Ө.Ж)9-тапсырмада жақшаларды теңдіктер дұрыс шығатындай етіп қоюды ұсыныңыз. Оқушылар мына тапсырмаға жақшаларын қойып,тексеріп, басқа оқушылар жауабымен салыстырады.Бұл тапсырманы орындауда оқушылардың ойлау қабілеті дамиды және шапшаң есептеуге қалыптасады.

(8+40):8-3·2=0

8+(40:8-3)·2=12

8+40:(8-3)·2=24

«Басбармақ» арқылы бағалау

Рефлексия.

-Барлығын түсіндім.

-Енді түсініп келемін.

-түсінбедім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу