Бөлшектер туралы түсінік. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Үлес

№48 сабақ

Тақырыбы: Бөлшектер туралы түсінік.

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.1 бөлшекті – бүтіннің бір не бірнеше бөлігі және екі натурал санның бөліндісі ретінде түсіну

3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер, түрлі түсті қарындаштар, қайшы, белгі қағаздары, геометриялық фигуралар макеті.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Бұл сабақта бөлшекпен танысу жүзеге асырылады. Оқушылар математикада тағы да бір бөлу таңбасының бар екенімен танысады. Ол бөлшек сызығы және мұндағы жазылған сандар бөлшек сандар деп аталатынын білетін болады. Бөлшек сызығының жоғарғы бөлігіндегі сан – алымы, ал төменгі бөлігіндегі сан – бөлімі деп аталады. Бөлімі затты неше бөлікке бөлгенін, ал алымы неше бөлікті алғанын білдіреді. Сонымен, бөлшек – санның үлесінің жазбасы (бір бүтіннің бір не бірнеше тең үлестерінен құралған сан).

Сабақ бойынша ұсыныстар: сабақты үлес ұғымын еске түсіру мақсатында сынып оқушыларын топтастырудан бастаңыз. Оларға қима қағаздарды таңдап алып, қолдарындағы бөліктер бойынша топтасуын сұраңыз. Топтасып болған соң, топтағы оқушылар қолдарындағы суреттегі жемістердің қандай бөліктерге бөлінгенін бөлшек түрінде жазып көрсетуін тапсырыңыз.

Жауабы:

Құлпынай –

Алма –

Апельсин –

(Ж.Ж) . Оқушылардан бөлшек туралы не білетінін сұраңыз. Олардың «үлес» ұғымымен таныс екенін есіне түсіріңіз. Үлесті жазу кезінде бөлшекпен көрсетілетінін хабарлаңыз. Өмірде бөлшек қандай жағдайларда кездесетінін сұраңыз. Жұптық жұмыс ұсыныңыз. Әрбір жұпқа дөңгелек таратып шығыңыз. Алдымен тапсырма орындамас бұрын интербелсенді тақтада жұмыс жасау. Тақтада көрсетілген тортты 8 бірдей бөлікке қалай бөлуге болатынын, бір бөлікті қалай алғанын сұраңыз. Содан соң жұптардың алдындағы дөңгелекті 8 бөлікке бөлуді тапсырыңыз. Бөліп болған соң, 1 бөлікті көрсетіп, осы бөлікті санмен қалай жазатынын сұраңыз.

-Дөңгелекті неше бөліктерге бөлдік? (8)

-Қызыл қарындаш алып 1 бөлігін боя.

- Осы боялған бөлікті санмен жаз.

- Енді екі бөлігін қызыл қарындашпен боя.

- Осы үлестерді қалай атап, жазуға болады?

- Бұл сабақта біз нені үйренеміз?

Жазбаны тақтада жазып көрсетіңіз.

Бұл жазбаны бөлшек деп атайды. Сызықтың астындағы сан – бөлімі. Ол неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Сызықтың үстіндегі сан – алымы. Осындай қанша бөлікті алғанын көрсетеді.

Мысалы, бөлшек саны бүтінді 8 бөлікке бөліп, оның 2 бөлігін алғанын білдіреді. Сегізден екі бөлігі деп оқылады.

Басбармақ арқылы бағалау.

(Т.Ж) Бөлшектерді жаз және оқы. Бұл тапсырманы топпен ұйымдастырыңыз.

Оқушыларға әр түрлі бөлікке бөлініп, боялған дөңгелектердің суретін таратып, оны бөлшек түрінде жазып көрсетуді тапсырыңыз. Мынадай сұрақтарға жауап алыңыз:

-Әр бөлшектің бөлімі мен алымын ата.

-Алымы нені білдіреді? (неше бөліктің боялғанын)

-Бөлімі арқылы нені білуге болады? (неше бөлікке бөлінгенін)

Тағы да қандай бөлшектер алуға болатынын ауызша сұрау.

Отшашу арқылы бағалау.

Жауабы:

Сергіту сәті. "Алымы-бөлімі" ойыны.

Алдыңғы тапсырманы пысықтау үшін «Алымы-бөлімі» ойынын ұйымдастырыңыз Ол үшін тақтаға суреттегі бөлшек сандарды жазыңыз. Ойынның шарты: егер сіз бөлшектің алымын көрсетсеңіз, оқушылар қолдарын жоғары көтереді. Ал егер бөлшектің бөлімін көрсетсеңіз, оқушылар қолын төмен түсіреді. Егер бөлшек сызығын көрсетсеңіз қолдарын көлденеңінен қоюы керек.

(Т.Ж) Ойлан, тап.

Тапсырманы топтық жұмыспен жалғастырыңыз. Алдымен апта күндерін оқушылардан сұраңыз. Сонан соң бір аптада мектепке баратын күндерді оқушыларға ататыңыз. Содан кейін қызыл қарындашпен мектепке баратын күндерді, ал көк қарындашпен демалатын күндерді қоршап сызуды сұраңыз. Мектепке баратын күн аптаның қандай бөлігін құрайтынын бөлшек түрінде жазып көрсетеді. Топтар орындап болған соң, бір-бірінің жұмыстарын тексере отырып, бағалайды.

Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау.

Жауабы:

Мектепке баратын күн -

(Т.Ж) Есепте.

Тапсырманы топтық жұмыс арқылы орындауды ұсыныңыз. Алдымен сынып ұжымымен есепке талдау жасаңыз. Ұжыммен есептің шартын құрастырыңыз. Есептің шешуі туралы өз бетінше ойлануды ұсыныңыз. Орындап болған соң, топтардың бірінен оқушы шығып, есептің шешуін түсіндіреді. Егер басқа топтар есептің шешуімен келіссе жасыл белгі кеспеқағазды, келіспесе қызыл белгі кеспеқағазды көтеріп, өз шешімдерін ұсынады. Отшашу арқылы бағалау.

Жауабы:

Озат оқушы – 8

Екпінділер - 12

(Ж.Ж) Кестені толтыр.

Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. А4 форматтағы қағаздар таратып беріп, оқушылар берілген фигуралардың боялған, боялмаған бөлігін анықтап, кестеге толтыруын сұраңыз. Кестені толтыру үшін бір оқушы боялған және боялмаған бөлігін жазса, екінші оқушы бөлшек түрінде жазылуын жазады. Сонан соң жұптар өзара бірін-бірі тексеру жүргізеді.

Басбармақ арқылы бағалау.

Жауабы:

Фигура

1

2

3

4

5

6

Боялғаны

3

1

3

1

3

2

Боялмағаны

1

3

9

1

1

3

Бөлшек

(Ө.Ж) Суретті боя.

Осы сабақта алған білімдерін пысықтау мақсатында әр оқушыға тапсырма жазылған кеспе қағаздар таратып беру. Оқушылар суреттегі фигураларды көрсетілген бөлшек санына сәйкесінше бояйды. Дұрыс-бұрыстығын тақтада тексеріп, өзін-өзі бағалау жүреді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қояды. Максималды ұпай – 6.

Өзін-өзі бағалау.

Сабақтың рефлексиясы.

 Балалар кеспе қағаздарды таңдау арқылы жазылған сөйлемнің бір бөлігін алып сөйлемді аяқтайды: бүгін мен … білдім; … қызық болды; … қиын болды; мен … тапсырмасын орындадым; мен … екенін түсіндім; енді мен … жасай аламын; мен … екенін сезіндім; мен … игердім; мен … үйрендім; менде … шықты; мен … жасай алдым; мен … жасап көремін; … мені таңқалдырды; сабақ маған … өмірлік тәжірибе берді; мен … қалаймын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу