Бөлшектер туралы түсінік. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: №48 сабақ. Тақырыбы: Бөлшектер туралы түсінік | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Какимбаева Арайлым Каскырбаевна | ||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.2.1 бөлшекті – бүтіннің бір не бірнеше бөлігі және екі натурал санның бөліндісі ретінде түсіну 3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||
Бағалаукритерийлері | -бөлшекті жазуда алымы мен бөлімін ажырата алады; -жай бөлшектерді оқып, жаза алады; -бірдей мәнділігі бар бөлшекті ажырата алады. | ||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||
Құндылықтар | Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды. | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Бөлшектер, бөлшектерді жазу және салыстыру. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарлан-ған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы | Ынталандыру. Топқа бөлу. Оқушылар 2-ге бөлінген құлпынай, 4-ке бөлінген алма, 8-ге бөлінген апельсиннің қима суреттері арқылы топтарға бөлінеді. Топтасып болған соң, топтағы оқушылар қолдарындағы суреттегі жемістердің қандай бөліктерге бөлінгенін бөлшек түрінде жазып көрсетеді. (Ж.Ж) Әрбір жұпқа дөңгелек таратып беру. Алдымен тапсырма орындамас бұрын интербелсенді тақтада жұмыс жасау. Тақтада көрсетілген тортты 8 бірдей бөлікке қалай бөлуге болатынын, бір бөлікті қалай алғанын сұрау. Содан соң жұптардың алдындағы дөңгелекті 8 бөлікке бөлуді тапсыру. Бөліп болған соң , 1 бөлікті көрсету. Осы бөлікті санмен қалай жазатынын сұрау. -Дөңгелекті неше бөліктерге бөлдік? (8) -Қызыл қарындаш алып 1 бөлігін боя. - Осы боялған бөлікті санмен жаз. - Енді екі бөлігін қызыл қарындашпен боя. - Осы үлестерді қалай атап, жазуға болады? - Бұл сабақта біз нені үйренеміз? Жазбаны тақтада жазып көрсету. Бұл жазбаны бөлшек деп атайды. Сызықтың астындағы сан – бөлімі. Ол неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Сызықтың үстіндегі сан – алымы. Осындай қанша бөлікті алғанын көрсетеді. Мысалы, бөлшек саны бүтінді 8 бөлікке бөліп, оның 2 бөлігін алғанын білдіреді. Сегізден екі бөлігі деп оқылады. Басбармақ арқылы бағалау. Мәселелі жағдаят – Адамдарға бүтінді жиі үлестерге бөлуге тура келеді. Ал«Апельсин» атты атақты мультфильм естеріңізде ме? Мультфильм кейіпкерлері апельсинді қалай бөлгендерін көрейік. Мұқият көріңіздер, сосын мен сіздерге сұрақ қоямын. - Өлеңде жануарлар тең бөліктерді қалай атайды? (Бөліктер). – Кім мұқият болды? Апельсинде неше бөлік бар? (Бес бөлік). – Әрқайсысы қанша бөліктен алды? (Апельсиннің бір бөлігінен). - Қалай ойлайсыздар, апельсин бірдей бөліктерге бөлінді ме? (Иә). - Бұл бірдей бөліктерді басқаша қалай атауға болады? (Үлестер). - Оқушыларға сұраққа жауап беруде 1 ұпай, ал топтық, жұптық жұмыстарда көрсетілген ұпай санын жинау арқылы сабақ соңында ең білімді топты анықтау ұсынылады. Белсенді жұмыс жасаған топқа "Үш шапалақ" әдісі арқылы бағалатып отыру. (Ұ) "Тез сұрақ, тез жауап" ойыны • 3 пен 8-дің көбейтіндісін 6 есе кеміт. • 16 мен 8 сандарының бөліндісін 6 есе арттыр. • Әпкесі інісінен 4 жас үлкен. Інісі 4 жаста. Әпкесі неше жаста? • Анасы 32 жаста, ал баласы 8 жаста. Ұлы анасынан неше есе кіші? • Әрқайсысы 3 кг болатын 4 банка бояусатып алдық. 4 кг бояуды қолдандық. Қанша килограмм бояу қалды? • 36мен 9-дың бөліндісін 2 есе арттыр. • Ағасы 12 жаста, ал қарындасы 2 жас кіші. Қарындасы неше жаста? • 6 мен 5-тің көбейтіндісін 22-ге кеміт. | Слайд №2 Қима суреттер Слайд №3,4,5,6,7,8 Дөңгелектер, қайшы, қарындаштар | |||||||||||
Сабақтың ортасы | (Т.Ж) Бөлшектерді жаз және оқы. Оқушыларға әр түрлі бөлікке бөлініп, боялған дөңгелектердің суретін таратып, оны бөлшек түрінде жазып көрсету. Сұрақтарға жауап алу. -Әр бөлшектің бөлімі мен алымын ата. -Алымы нені білдіреді? (неше бөліктің боялғанын) -Бөлімі арқылы нені білуге болады? (неше бөлікке бөлінгенін) Тағы да қандай бөлшектер алуға болатынын ауызша сұрау. Отшашу арқылы бағалау. Сергіту сәті. "Алымы-бөлімі" ойынын ойнау Суреттерде көрсетілген бөлшектер тақтаға жазылады. Алымын көрсеткенде қолдарын көтереді, бөлімін көрсеткенде қол көтермейді, ал бөлшек сызығын көрсеткенде қолдарын көлденеңінен қояды. Ойынды оқушы жүргізуге болады. (Т.Ж) Ойлан, тап. Тапсырманы топтық жұмыс арқылы орындау. Бір аптада мектепке баратын күндерді оқушыларға атату. Сонан қызыл қарындашпен мектепке баратын күндерді, ар көк қарындашпен демалатын күндерді қоршап сызады. Сонан мектепке баратын күн аптаның қандай бөлігін құрайтынын бөлшек түрінде жазып көрсетеді. Топтар орындап болған соң, бір-бірінің жұмыстарын тексере отырып, бағалайды. Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау. (Т.Ж) Есепте. Тапсырманы топтық жұмыс арқылы орындау. Есептің шарты алдымен сынып ұжымымен талқыланып, сонан соң топтар жауап парағына орындауға кіріседі. Орындап болған соң, топтардың бірінен оқушы шығып, есептің шешуін түсіндіреді. Егер басқа топтар есептің шешуімен келіссе жасыл белгі кеспеқағазды, келіспесе қызыл белгі кеспеқағазды көтеріп, өз шешімдерін ұсынады. Отшашу арқылы бағалау. (Ж.Ж) Кестені толтыр. Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастыру. А4 форматтағы қағаздар таратып беріп, оқушылар берілген фигуралардың боялған, боялмаған бөлігін анықтап, кестеге толтырады. Кестені толтыру үшін бір оқушы боялғанжәне боялмаған бөлігін жазса, екінші оқушы бөлшек түрінде жазылуын жазады. Сонан соң жұптар өзара бірін-бірі тексеру жүргізеді. Басбармақ арқылы бағалау. (Ө.Ж) Суретті боя. Осы сабақта алған білімдерін пысықтау мақсатында әр оқушыға тапсырма жазылған кеспе қағаздар таратып беру. Оқушылар суреттегі фигураларды көрсетілген бөлшек санына сәйкесінше бояйды. Дұрыс-бұрыстығын тақтада тексеріп, өзін-өзі бағалау жүреді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қояды. Максималды ұпай – 6. Өзін-өзі бағалау. | Слайд №9 Тапсырма жазылған А4 форматтағы парақ Слайд №10 Слайд №11 Тапсырма жазылған А4 форматтағы парақ, қызыл, көк түсті қарындаш Слайд 12 Тапсырма жазылған А4 форматтағы парақ, белгі кеспеқағадары Слайд №13 Тапсырма жазылған А4 форматтағы парақ
Слайд №14 Кеспе қағаздар | |||||||||||
Сабақтың соңы | «Сөйлемді аяқта!» әдісі бойынша әр оқушы сөйлемнің қалаған бөлігін алып, оны аяқтайды. Бүгін мен ... білдім; ... қызық болды; ... қиын болды; мен ... тапсырманы орындадым; мен ... екенін түсіндім; енді мен ... жасай аламын мен ... екенін сезіндім; мен ... игердім; мен ... үйрендім; менде ... шықты, мен ... жасай алдым. | Сөйлемдер бөлігі жазылған кеспе қағаздар | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Оқушыларды саралауда деңгейлеріне сай топтастырамын. Топтық, ұжымдық, жұптық жұмыстарда қиналатын топтың тапсырмаларын орындауды кезеңге бөлемін. Алғашқы кезеңін өздеріне орындатып, күрделі тұстарын басқа топтың көмегіне беремін. Сабақ соңына дейін қиналатын оқушыларды әр топқа ауыстырып, өз нәтижелерін сұраймын. | Сабақ бойы жүргізілген жұмыстарды "Отшашу", «Басбармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістерімен бағалаймын. | А3,4 қағаздармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасын сақтауды сұраймын. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?