Санның бөлігін табу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Үлес

№50 сабақ

Тақырыбы: Санның бөлігін табу

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу.

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару;

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер, түрлі түсті қарындаштар, қайшы, белгі қағаздары, геометриялық фигуралар макеті.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: бұл сабақта санның бөлігін қалай табу керектігін түсіндіру керек. Санның (шаманың, санның, фигураның) бөлігін табу үшін, санды үлес санына бөлу керек.

Сабақ бойынша ұсыныстар: сынып ұжымын «Молекула» ойыны арқылы топтастырудан бастаңыз.Оқушыларды сынып ортасына жинап, молекула-2 деген кезде, екі оқушыдан, молекула-3 деген кезде үш оқушыдан топтасуын сұрағыз. Осылайша сынып оқушыларының санына қарай 3 топқа біріктіріңіз.

(Ұ.Ж) «Математикалық лото» әдісі. Оқушыларға математикалық лото парақтары таратылып беріңіз. Лото ойынының ережесіне сәйкес оқушыларға сұрақтар қойыңыз, ал олар өз кезегінде сұрақтың жауабы болып табылатын ұяшықтарды бояп отырады.

Сұрақтар бойынша ұяшықтарды бояп болған соң, қалған ұяшықтардағы сандар туралы төмендегідей сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын ашы алыңыз.

- Боялмаған ұяшықтарды топтастыруға бола ма? Қандай?

- Масса, ұзындық, уақыт – бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? (шамалар)

- Ал қалған сандарды ше? (бөлшектер)

- Бөлшектерді оқыңдар.

- жазуындағы 4 саны нені білдіреді? 1 саны ше?

- 20 санының бөлігі нешеге тең екенін қалай табамыз?

- Ең үлкен бөлшек санды ата.

- Ең кішісін ата.

- Ендеше, осы екі топтың осы сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? (шамалар мен сандардың үлесін табамыз)

Сөздік бағалау.

Жауабы:

- 3 жүзд. 4 онд. 2 бірлігі бар сан. 342

- 6 мен 8 санының көбейтіндісі. 48

- 300 бен 30 дың айырмасы.270

- 456 санынан тікелей кейін келетін сан.457

- Ойлаған санды 2-ге бөлгенде 4 шықты. Ойлаған сан неше?8

- 1 центнерде қанша килограмм бар?100

- 5 пен 6 санының көбейтіндісі.30

- 1 тәулікте қанша сағат бар?24

Ұ.Ж) Практикалық жұмыс. Оқушыларға ұзындығы 10 см, ені 1 см болатын тіктөртбұрыш сызып, оны тең бес бөлікке бөлуді тапсырыңыз. Сонан соң тіктөртбұрыштың бестен бір бөлігін бояп, оның бестен бір бөлігінің ұзындығын өлшеуді сұраңыз. Практикалық жұмысты орындап болған соң, сұрақтар қойыңыз.

Сұрақтар:- Есептің шарты бойынша тіктөртбұрыштың ұзындығы қанша сантиметр?

-Тіктөртбұрыштың жартысы қанша сантиметр? Оны қалай жазады?

- Тіктөртбұрыштың бір үлесінің ұзындығы қанша? Оны қалай жазады?

Сұрақ қою арқылы оқушылардың тапсырманы қалай түсінгендерін анықтап, ережені өздеріне қорыту.

- Санның үлесін қалай табуға болады?

Қорытынды:

Санның үлесін табу үшін, осы санды алынған үлестің санына бөлу керек.

Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң, ережені бейнежазба (Білімлэнд) көру арқылы бекітіңіз.

Сөздік бағалау.

Жауабы:

10 см

1 см

2 см

(Ж) Ойлан, жұптас, тексер. Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Әр жұп оқушыларына ұзындығы 12 см болатын кесіндісі бар парақша таратып шығыңыз. 1-оқушыға осы кесіндінің бөлігін сызуды, ал 2-оқушыға осы кесіндінің бөлігін сызуды тапсырыңыз. Жұптарға сызып болған соң кесінділерінің ұзындықтарын қосуды сұраңыз. Қосқан кезде 6 см шықса, тапсырманың дұрыс орындалғаны деген тұжырым жасаңыз.

Сайлик арқылы бағалау.

Жауабы:

12:3=4 cм

12:6=2 см

Ж.Ж) Сәйкестендір және салыстыр. Жұптық жұмысты жалғастырыңыз. Оқушылар жұбына тапсырма жазылған парақ таратып шығыңыз. Тапсырма санның үлесін табуға және үлестерді салыстыру дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы орындап болған соң, жұптар бір-бірінің парақтарымен алмасып, тексереді. Жауаптарын салыстырады. Оқушылармен бірге талқылаңыз. Жұптардың жұмыстарын жұлдызша арқылы бағалаңыз. Оза оқыту әдісі бойынша бөлігі арқылы бүтінді табу жолын сұраңыз, бірге талқылаңыз.

Жұлдызша арқылы бағалау.

Жауабы:

бөлігі-30 грамм

бөлігі-60 грамм

бөлігі-120 грамм

< ; <

(Т.Ж) «Ой қозғау» әдісі. Мақсаты: үлесі бойынша санды анықтау.

Топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Әрбір топқа есепті параққа ыңғайлы тәсілмен: сызбамен, мәтінмен, суретпен жазуды ұсыныңыз. Содан соң оқушыларға есепті шығаруды ұсыныңыз. Әр топтың өкіліне өздерінің есебі мен оның шешуін тақтада көрсетуін сұраңыз. Оқушылармен бірге есептің мәтінін, оның қысқаша жазуы мен шешуін талқылаңыз . Әр топтағы есептің шарты жазылған жазбаны салыстырыңыз . Оқушылардан өзтоптарының жұмысы туралы қорытынды шығаруын сұраңыз. Дескриптор арқылы өз топтарының жұмысын бағалайды.

Жауабы:

1-топ. 50 теңге

2-топ. 8 жыл

3-топ. 16 бет

(Ж.Ж) Минутпен өрнекте. Жұптық жұмысты жалғастырыңыз. Тапсырма үлесті оқу, жазу және есептеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар жұбына алдын-ала дайындалған сағаттың макетін таратып беріңіз. Тапсырманы орындамас бұрын уақыттың өлшем бірліктерін еске түсіріп алыңыз.

- 1 жылда қанша ай?

- 1 тәулікте қанша сағат бар?

-1 сағатта қанша минут?

-1 минутта қанша секунд?

Уақыт өлшеуіштерін еске түсіре отырып, сағаттың бөліктерін қалай табу керек екенін сұраңыз. Тапсырманы орындап болғаннан соң, оқушылар үлестерді минутпен дұрыс өрнектеді ме? Тексеру үшін бір жұп мысалды тақтада орындайды.

Смайликтер арқылы бағалау.

Жауабы:

Сағаттың бөлігі – 20 минут

Сағаттың бөлігі – 10 минут

Сағаттың бөлігі – 15 минут

Сағаттың бөлігі – 30 минут

Сағаттың бөлігі – 12 минут

(Ө.Ж) Есепте. Оқушылардың осы сабақта алған білімдерін пысықтау мақсатында жеке жұмыс тапсырыңыз. Тапсырма шамалардың үлесін табуға арналған. Бірнеше оқушыға сынып алдында тапсырманың шығару жолын түсіндіре отырып, өз есептеуінің дұрыстығын дәлелдеуді ұсыныңыз. Орындап болған соң, оқушылар өзін-өзі ұпай санымен бағалайды. Жоғарғы ұпай саны – 6 ұпай.

Тапсырманы орындауда қиналған оқушыларға қосымша сұрақтар қою арқылы көмек көрсетіңіз.

Жауабы:

Үштен бір бөлігін тап:

  • 4 ай; 8 сағат; 20 минут;
  • 3 см;
  • 100 кг;
  • 2 кг:

(Ө.Ж) Кестемен жұмыс. Есепте. Мақсаты: Санның үлесін табу. Оқушыларға кесте таратылып беріңіз. Тапсырма санның үлесін табуға арналған. Бірнеше оқушыға сынып алдында тапсырманың шығару жолын түсіндіре отырып, өз есептеуінің дұрыстығын дәлелдеуді ұсыеыңыз. Сонан соң оқушылар өзін-өзі ұпай санымен бағалайды. Жоғарғы ұпай саны – 6 ұпай.Тапсырманы орындауда қиналған оқушыларға қосымша сұрақтар қою арқылы көмек көрсетіңіз.

Жауабы:

30-дың жартысы

15

24-дің үштен бір бөлігі

8

16 –ның ширегі

4

100-дің оннан бірі

10

40-тың төрттен үші

30

50-дің бестен екісі

20

Сабақ рефлексиясы.

«Ашық микрофон» әдісі арқылы бекітіңіз. Оқушылардың оқу материалын қандай деңгейде меңгергенін білу үшін, келесі сұрақтарды қойыңыз:

-Санның үлесін қалай табамыз?

-200-дің жартысын тап.

-28-дің бөлігі нешеге тең?

- Егер бүтін сан немесе шаманы тең 2 бөлікке бөлсек, онда әр бөлігі қалай атаймыз?

- Санның үштен бір бөлігін табу үшін не істейміз?

- Егер Асанның 50 теңгесі болса, оның жалпы санының оннан бір бөлігі нешеге тең?

− Санның ширегі – бұл?

− Егер 40-ты онға бөлсек, онда санның қандай үлесін аламыз? (оннан бір бөлігін).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу