Қайырымды істер уақыты. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


46-сабақ. Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу. Қайырымды істер уақыты

Оқу мақсаттары: 3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару

Тірек сөздер:

  • бөлшек
  • шама
  • алым
  • бөлім
  • үлес

Ресурстар:

  • кеспе қағаздар
  • ыдыстар
  • сұрақтар
  • тақта, үлестірмелі материалдар
  • қарындаш
  • смайликтер
  • бүктеу қағаздары
  • сызғыш
  • телевизор
  • жолақ қағаздар
  • қорап
  • кәмпиттер
  • түймелер
  • фишкалар
  • жапырақ стикер

Сабаққа қатысты деректі материалдар:

  • Санның үлесін табу үшін осы санды алынған үлестің

санына бөлу керек.

  • Үлесі бойынша санды табу үшін

алынған үлестің санына көбейту керек.

Сабаққа арналған ескертулер

  • шаманың бөлігін табу
  • бөлігі бойынша шаманы табу;
  • бөлшектің алымы нені көрсетеді;
  • бөлшектің бөлімі нені көрсетеді;

Ынталандыру.

"Сөздер банкісі"әдісі

Үстел үстіне мына сөздерді көмектесу,әңгімелесу,сенбілік жасау, сырласу,ақша беру,серуендеу, орын беру, жақсылық жасау,үйрету,ағаш отырғызу. араластырып жайып қойыңыз..Қайырымдылыққа жататын сөздерді "Дұрыс" деп жазылған банкіге, қайырымдылыққа жатпайтын сөздерді "Қате" деп жазылған банкіге орналастыру керек екенін ескертіңіз.

Белсендіру.

Оқушыларды қызықтыру, сабаққа ынтасын ашу мақсатында оқушыларды "Қайырымдылар","Мейірімділер" деген екі топқа бөліп,"Крестиктер- нөлдіктер" ойынын ойнатыңыз.

Ереже

1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Өзіңіз сол нөмірдегі сұрақты оқыңыз.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

Сұрақтар:

1) Үйде 56 тұрғын бар. Оның бөлігі – оқушылар. Үйде қанша оқушы бар?

2) Жарысқа 24 спортшы қатысады. Оның бөлігі – мектепке дейінгі балалар. Жарысқа қанша мектепке дейінгі бала қатысады?

3) Шарбақтың 5 метрін бояды. Бұл – бүкіл шарбақтың бөлігі.Шарбақтың жалпы ұзындығы қанша?

4) Хорға 6 оқушы қатысады, бұл барлық оқушының бөлігі. Барлық оқушы саны қанша?

5) Сенбілікке 12 бала қатысты. Оның бөлігі қыз бала. Қыз бала қанша?

6) Автобуста барлығы 25 адам келе жатыр, оның бөлігі ересектер.Автобуста қанша ересек адам келе жатыр?

7) Көшеге 21 ағаш отырғызылды. Оның бөлігі терек ағашы. Көшеге неше терек ағашы отырғызылды?

8) Бәйгеден 3 ат озып келді. Бұл барлық аттардың бөлігі, бәйгеге барлығы неше ат қатысты?

9)Бақшадан 9 кг картоп жиналды, бұл барлық көкөністің бөлігі. Бақшадан барлығы қанша кг көкөніс жиналды?

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Біз бүгін өз білімімізді кеңейтеміз; әрқайсыңызда қандай қиындықтар барын анықтаймыз, қателерді жөндеу.

№1-тапсырма бойынша оқушылармен тәжірибелік жұмыс жасатыңыз.

а) Жолақтарды бүктеу арқылы көрсетілген бөліктерге бөлу, бөлшектерді өсу ретімен жазу.Оқушылардың алдына жолақтар таратып беріңіз.Оқулықта көрсетілгендей бүктеу арқылы бөліктерге бөлуді тапсырыңыз.Қиындық келтірген оқушылар болса көмектесіңіз.Бөлшектерді өсу ретімен дәптерге жазуды ұсыныңыз..

ә) Сөйлемдерді толықтыру. Бұл тапсырманы слайдты ашып, әр сөйлемді бірнеше оқушыға керекті сөздерді орнына қойып, оқытыңыз

1) Үлес көп болған сайын әр үлес ... болады?(кіші )

2) Санның үлесін табу үшін, осы санды үлеске ... (бөлеміз)

3) Үлес арқылы санды табу үшін, оның бөлігін осы үлеске ... көбейтеміз)

№2-тапсырма бойынша есепті әуелі оқытып, талдаңыз.

а)Саябаққа 9 ағаш көшеті отырғызылды. Бұл- барлық көшеттің бөлігі.Енді тағы қанша көшет отырғызылуы қажет?

Есепті талдау:

а)

1)Есепте не белгісіз?

2)Санды табу үшін не істейміз?

Осы сұрақтар арқылы үлес арқылы санды табу керек екендігін тапқызыңыз.

Отырғызылды -9 т.,бұл барлық көшеттің

Барлық көшет-?

Ш: 9х3=27 к.

Ж. енді 27 көшет отырғызылуы қажет.

ә)

1)Есепте не белгісіэ?

2) Үлесті табу үшін не істейміз?

Осы сұрақтар арқылы сан арқылы үлесті табу керек екендігін тапқызыңыз.

Саябаққа 27 көшет отырғызылды. Оның бөлігі -терек.Қанша терек отырғызылды?

Отырғызылды -27 к.

Терек -?,

Ш: 27:3=9 т.

Ж. 9 терек отырғызылды?

Екі есепті салыстырып, кері есеп екенін айту.

Сергіту сәті. "Қуырмаш" видеосын қойып әнін айтқыза отырып, билетип алыңыз..

№3-тапсырманы "Сен маған, мен саған"әдісі бойынша жұпта орындатыңыз.

1-оқушы сұрағын қояды, 2-оқушы жауабын айтады. Келесі тапсырмада 2 оқушы сұрақ қойып, 1-оқушы жауабын айтады.

1) 20-ның бөлігі 2) 27-нің бөлігі

1) 18-дің бөлігі 2) 36-ның бөлігі

1) 6 - бұл санының бөлігі

2) 7 - бұл санының ширегі

1) 9 - бұл санының жартысы

2) 5 - бұл санының бөлігі

Қиындықтарды түсіндіру.

Тапсырманың дұрыс орындалуын тексеріңіз.

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерден қате жібердіңіз?

Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз.Қиындық тудырған жұмыстарға қайтып оралып,түсінік беріңіз.

Дәптерден бағалау критерийі бар тапсырманы ұсыныңыз.

Мен:

  • – санды не шаманы табуға арналған есептер шығарамын және зерттеймін;
  • – санның/шаманың бөлігін сан бойынша табамын.
  • кері есеп құрастырамын және оны шығарамын.

– бөлігі бойынша санды/шаманы табамын.

Қайталау.

№ 6тапсырманы өзіндік жұмыс ретінде орындатыңыз.

Кесінділер сызу барысында оқушылар 1 дм-де қанша см бар екенін ескеру керек екенін айтыңыз.

а) 1 дм-дің жартысы ( 5см )

ә) 1 дм-дің бөлігі (2 см )

Келесі тапсырмада 1- топқа 20 кәмпит беріп, 5,4,2 бөлікке бөлуді, 2-топқа 15 фишка беріп 5,3 бөлікке бөлуді, 3-топқа 10 түйме беріп, 2,5 бөлікке бөлуді тапсырыңыз.Және бөлшекті жаздырып, оқытыңыз., салыстыруды тапсырыңыз.Бұл тапсырмада оқушылар бөлшекке бөлуді, оқуды және салыстыруды меңгереді.

№7-тапсырманы слайдқа қарап ауызша орындатыңыз.Ірімшік тең бөліктерге бөлінді.Егер оның бір бөлігінің массасы белгілі болса, ірімшіктің барлық массасы қанша болады? Үлес арқылы санды табу үшін не істеу керек деген жетекші сұрақ қойыңыз.

Логикалық есеп шығаруда балалардың негізгі шарттарға мән беруін ескеріңіз.

Біздің үйде Гүлжан, Меруерт және Лаура тұрады.Кеше мен Гүлжанды және Меруертті көрдім.Олардың біреуінің жасы 9-да, екіншісі 8-де.Бүгін Меруерт пен Лаураны көрдім. Олардың біреуінің жасы 10-да, екіншісі 9-да Кім қанша жаста?

Бір қызды әңгімелеуші екі рет көрді, ол қыз – Мерует және ол тоғызда. Бұл есепті шығарудың негізгі кілті болып табылады.

Үйге тапсырмаға №4,№8 тапсырманы беріңіз, бұл тапсырмалар жеңіл, қайталауға арналған.

Рефлексия.

Оқушылардың алдына сұрақтар қорабын қойып,, олардан бүгінгі сабақ туралы сұрақтарын осы қорапқа салуын сұраңыз.Осы сұрақтарға келесі сабақта жауап берілу керек екенін оқушыларға ескертіңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу