Қала құрылысы және Қазақстанның бейресми символдардың мәні. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


48-сабақ.Сандардың кубы. Қала құрылысы және Қазақстанның бейресми символдардың мәні

Оқу мақсаттары: * санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

Тірек сөздер:

  • санның квадраты және кубы

Ресурстар:

  • текшелер
  • ролик
  • веер
  • кубик-рубик
  • қорап
  • смайликтер
  • сусын бөтелкесі
  • бейдж
  • телевизор
  • жемістер, гүлдер фотосы
  • геометриялық фигуралар
  • оқулық, тақта

Сабаққа қатысты деректі материалдар:

  • Сабақта оқушылар бірдей екі көбейткіштердің

көбейтіндісін көбейткіштің квадратымен, бірдей 3 көбейткіштің көбейтіндісін көбейткіштің кубымен ауыстыруға

болатынын біледі.

Сабаққа арналған ескертулер

  • санның кубын табу
  • санның квадратын табу
  • бірдей көбейткіштерді көбейтіндімен алмастыру

Оқушыларды «Алтын адам», «Байтерек», «Мәңгілік ел» атаулары бойынша топқа бөліңіз.

Ынталандыру.

Мұғалім балалардан сендерге «монумент» сөзі таныс па деп сұраңыз.Оқушылардың жауаптарынан кейін монумент жайлы ақпарат беріңіз.

Монуме́нт (лат. monumentum – «естелік; ескерткіш», monere – «еске салу, жандандыру») — ескерткіштің өлшеміне қарай мәнді өнер туындысы.

Архитектуралық жоспар бойынша ескерткіш кеңістік жасайды, көбіне алаң орталықтарында немесе қоғамдық кеңістікте визуалдды рөл атқарады.

+ Монументті мүсін ( монумент), өз заманы мен уақытының қандай да бір маңызды оқиғаларының куәсі ретінде, әлеуметтік-қоғамдық оқиғаны шын мәнінде дәл бірдей сияқты етіп қабылдатады.

Негізі "монументті" мүсін өз уақытындағы шындықты суреттейді.

"Монументті" мүсінді көбіне маңызды, ерлік оқиғалар кезінде өз уақытында адамдардың қабылдауы үшін көп күш жұмсалған оқиғаларға қойылады. [https://ru.wikipedia.org/wiki/монумент]

Суреттерді немесе интерактивті тақтадағы слайдты, теледидардан «Алтын адам», «Байтерек», «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы және т.б. монументтерді көрсетіңіз және олардың маңызын түсіндіріңіз. «Дүниетанудан» олар туралы ақпарат жингауға алдын ала тапсырма беріп қоюға да болады. Монументтер жайлы ролик көрсетіңіз.

№1 тапсырманы орындамас бұрын санның квадратын табуды еске түсіріңіз.Суреттердегі монументтер қандай мағына береді? Әрқайсысының атауын білу үшін суреттің астындағы санның квадратын тапқызыңыз.

82 -"Бәйтерек"монументі (64)

92-"Мәңгілік ел" салтанатты қақпасы (81)

72- "Тәуелсіздік" монументі (49)

Белсендіру.

№1 тапсырманы "Сәйкестендір" әдісі бойынша орындатыңыз.. Әрқайсысының атауын білу үшін санның квадратын тауып, суретпен сәйкестендіруді ұсыныңыз.

82 -"Бәйтерек"монументі (64)

92-"Мәңгілік ел" салтанатты қақпасы (81)

72- "Тәуелсіздік" монументі (49)

№2 тапсырма санның квадратын табуды пысықтауға арналған.

а) Қай сандарды бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде беруге болады? Алдымен сандарды ататыңыз..

4,16,49,25,36,81,64,9.

ә) Әрі қарай бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін сандардың

квадратына алмастыра отырып қалай жазуға болатынын сұрап, жаздырыңыз.

Сандарды жазу.

2х2=22, 4х4=42 ,7х7=72,5х5=52,6х6=62,9х9=92,8х8=82,3х3=32

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Оқушыларға монументтен басқа да ескерткіштер орнатылуы мүмкін. екенін айта отырып, оқулықтағы №3 тапсырманы орындатыңыз.

Санжар Венгрияның Будапешт қаласында болды және сол жерден «Кубик Рубиктің» ескерткішін көрді. Ол сыныптастарына сыйлық әкелуді ұйғарды. Ол бір қорап кәдесый текшелер сатып алды және оларды текше пішінді қораптарға салды.Сендер Санжарға оларды санауға көмектесіңдер. Текше пішіндес қораптарға төртбұрыштарды сал және қорапқа қаншасы сыйғанын сана.

Жаңаны ашу.

а)Жаңаны ашу үшін оқушыларға қораптар мен текшелер беріп,тәжірибелік жұмыс жасатыңыз.

Балалар тәжірибелік жұмыс орындайды. Төртбұрыштарды қорапқа суретте көрсетілгендей, шетінен бастап қатарынан қалап салу керек.

Осылай, оқушыларға текшелерді үш қатарға бірдей қылып тізіп санауға болатынын түсіндіріңіз. 3х3- бұл текшенің бір қабатының саны. Ал мұндай қабаттан үшеу шықты. Онда мынадай өрнек шығады:

3х3х3=27 Яғни, 27=33

Санның квадратын жаңаша жазуда тиімді жолын ойын арқылы табуды ұсыныңыз.

Осылай оқушылар шешіммен танысады: Санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісімен атауға болады. Жоғарғы жағындағы 3 деген индекс санның кубы екенін білдіреді.

Көбейтіндіні санау үшін балалар алған білімдерін пайдаланады{\displaystyle x^{3}=x\cdot x\cdot x}. Бұл тақырып берілген мысалдардан бұрынырақ игерілгендіктен 1, 2, 3 сандарының кубын табуды ұсынуға болады.

111=13 =1 222=23 =8 333=33=27

Оқушыларды сергіту үшін «Айна» ойынын ойнатыңыз.

 Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

( ә) Оқушыларға тапсырманы түсінік бере отырып орындатыңыз..Бұл тапсырманы орындауда оқушылар санның кубын табуға дағдыланады.Үш көбейткіштің көбейтіндісін кубпен алмастырады. 3 деген индексті жазады және есептеп көреді.

64=4∙4∙4=43 8=2∙2∙2=23

Ережені бірнеше рет айтқызып, есте сақтау керек екенін айтыңыз.

Бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісін көбейткіштің кубымен алмастыруға болады

4∙4∙4=43 4∙4∙4=16∙4=(10+6)∙4=40+24=64

43=64 а∙а∙а=а3

б) Көбейтіндіні көбейткіштің квадратына немесе кубына алмастыру, есептеу. Бұл тапсырманы орындатуда оқушылар санның квадраты мен кубын есептеуде қателеспеуін қадағалаңыз.

3∙3=32 =9 9∙9=92=81 2∙2∙2=23=8

6∙6 =62=36 7∙7=72=49 5∙5∙5=53=125

"Мұқият бол!"

Ойынның шартында тапсырмадағы көбейткіштерді оқушылардың кеуделеріне ,бейджге тағып қойыңыз.. Ортаға сусын бөтелкесі қойылады.Бір ойыншы бөтелкені айналдырады, бөтелкенің аузы қай оқушыға қарап тоқтаса, сол оқушы өзіндегі көбейтіндіні көбейткіштердің кубына немесе квадратына алмастырады. Әрбір дұрыс жауап үшін ойыншы өзіне түскен 5 ұпай алады. Ойын үш рет қайталанады, яғни әр ойыншы үш жүріс жасайды. Жұпта кім көп ұпай жинаса, сол жеңімпаз атанады.

Дәптердегі тапсырмада санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде ойлап,.есептеуді орындайды.

Ары қарай үлестірмелі карточка бойынша жауаптарын тексеру үшін салыстырады:

13= 1х1х1=1х1=1

23= 2х2х2=4х2=8

33= 3х3х3=9х3=27

Жетістік критерииі:

Мен:

  • Санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде көрсете аламын;

Санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептей аламын;

Жаңаны қолдану.

№4 тапсырманы орындауда оқушылар санның кубын көбейтіндімен алмастырып есептеу керек.

43,53,83,23,93

Үлгі: 777=497=(40+9)7=407+97=280+63=343

43=4∙4∙4= (10+6)∙4=40+24=64

53=5∙5∙5=(20+5)∙5=100+25=125

83=8∙8∙8=(60+4)∙8=480+32=512

93=9∙9∙9=(80+1)∙9=720+9=729

Егер сыныптың дайындығы жеткілікті болса, барлық бір таңбалы сандардың кубын табуды тапсырыңыз..

Бұрынғы өтілген материалдармен жұмыс.

№5 тапсырманы нұсқа бойынша орындатуыңызға болады, алдымен амалдардың орындалу тәртібін анықтап, өрнектің мәнін табады.Ол үшін амалдарды орындау ережесін еске алып, бірнеше оқушыға айтқызыңыз.

Тапсырманы орындап болған соң жұбына беріп, бір-біріне дәптерін алмастырып, жұмыстарын тексереді.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр."Веер" әдісі

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқушыларға оқулықта берілген сөздермен. "Веер" әдісі бойынша сұрақтар құрастыртыңыз. Оқушыларға ақ парақ таратып беріңіз, парақты алып, бүктеу арқылы веер жасайды.Ең бірінші оқушы тақырып бойынша бір сұрақ жазады да,парақты бір бүктеп, келесі оқушыға береді. Ол оқушы сұрақты ашпаған күйі өз сұрағын жазады да келесі оқушыға береді Осылай жалғасып,барлық оқушы сұрақ жазады.Сұрақтарды сабақ соңында оқытып, жауап айтқызыңыз.

«Броундық қозғалыс»

Сынып ішіне текшелерге, гүл суреттеріне, геометриялық фигураларға, жеміс суреттеріне сандардың кубын немесе квадратын, көбейткіштерді жазып орналастырыңыз. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, сол тапсырмаларды алып орындайды.

1)Текшелерге жазылған сандар кубы

2) Гүлдерге жазылған көбейткіштер

3) Геометриялық фигураларға жазылған сандар квадраты

4) Жеміс суреттеріне жазылған көбейткіщтер

Рефлексия

"Бес саусақ" әдісі арқылы кері байланыс алыңыз.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу