Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Тақырып: 43-сабақ. . Бөлшектерді оқу, жазу және салыстыру. Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері.
Оқу мақсаттары: 3.1.2.1 бөлшекті – бүтіннің бір не бірнеше бөлігі және екі натурал санның бөліндісі ретінде түсіну
3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру
Тірек сөздер:
- үлес
- бөлшек
- жарты,бүтін
Ресурстар:
- ай,апта,жыл мезгілдері жазылған кеспе қағаздар
- смайликтер
- фишкалар
- шаршы, дөңгелектер
- қарындаш
- оқулық
- кесінді лента
- тапсырманың шаблоны
- Сабаққа қатысты деректі материалдар:
- Бөлшек деген – бұл бүтіннің бір немесе бірнеше бөлігі .
- Бөлшектің алымы, бөлімі
Сабаққа арналған ескертулер
- Бөлшектерді салыстыруды үйренеді.
- Үлеске бөліп, бөлшек түрінде жаза білуге үйренеді
Ынталандыру.
Стол үстіне "Жыл мезгілдері","Айлар","Апта күндері"жазылған қима қағаздарды жайып қойыңыз, оқушылар сол қағаздардың бірін таңдау арқылы топқа бөлінеді.Әрі қарай
топтарға тапсырма беріңіз.."Жыл мезгілдері тобына"(Бір мезгіл жылдың қандай бөлшегі?)"Айлар" тобына (6 ай бір жылдың қандай бөлшегі?)"Апта" тобына(Бір апта айдың қандай бөлшегі?)
Белсендіру.
Практикалық жұмыс.
(Оқушылардың үстелінің үстіне түрлі- түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралар (дөңгелек, шаршы) және қайшы қойыңыз. Жұмыс жасау ретін түсіндіріңіз.
1) Дөңгелекті екі бөлікке кесу.
Бір бөлігін көрсетіп,, оның атын жазу..Шеңбердің екінші бөлігін басқаша қалай атайтынын сұрау. (Жарты)
2) Шаршыны алып, оны 4 бөлікке бөлу. Екі ширек бөлігін көрсетіп, оның атын жазу.. Шаршыда неше ширек бөлік бар екенін сұрау. (4.)
Оқулықтағы №1 тапсырманы жұппен уақытқа орындатыңыз, жұмысты бастар алдында уақыт белгілеңіз. Орындап болған оқушыны смайликтер арқылы жеке-жеке бағалаңыз.
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
№2 тапсырманы өз бетінше уақытқа орындауға ұсыныңыз. Орындап болған соң жұпта бағалатыңыз.
Барлығы тапсырманы дұрыс және жылдам орындай алды ма? Сабақтың мақсаты неде? (Осы сұрақтар бойынша қиындықтарды тауып, болған жағдайда, түсіндірме жұмысын жасаңыз).Бөлшек ұғымын айтып, бірнеше оқушыға қайталатуға болады.
№3 тапсырманы оқушыларға жұппен орындауға беріңіз. Әр оқушы бірнеше фишканы алып, күнтізбеде бірнеше қатарды жабады. Екінші оқушы бөлшекті атайды, мысалы , . Алдымен жабылған күндерді, содан кейін ашық тұрған күндерді бөлшекпен атауды келісіп алуға болады.
Оқушыларға топтық тапсырмаға өз беттерінше күнтізбе бойынша бөлшек жазумен байланысты тапсырма құрастыруды ұсыныңыз.Жұмысты орындап болған соң
"Галереяға саяхат"бойынша бағалатыңыз.. Оқушыларға топ бойынша жазған бөлшектерін сыныптың әр бұрышына ілдіріңіз, сонан соң топ мүшелеріне сол ілінген тапсырмаларды аралап жүріп бағалауды тапсырыңыз.Әр тапсырмада үш бағадан тұру керек.Яғни, әр тапсырманы үш топ та бағалауы тиіс екендігін ескертіңіз.
Оқушыларды сергіту мақсатында "Бөлшекке бөл"қимыл қозғалыс ойынын ойнатыңыз.
Тақтаға 12 оқушы шығады,бастаушыға сұрақ қойыңыз, (осы оқушыларды қандай бөлшекке бөлуге болады?)Бастаушы оқушыларды бөлшектерге бөледі.(,,)
№4 тапсырманы өз бетінше орындатыңыз.Тақтаға тапсырманың шаблонын іліп, шаблон бойынша өздеріне бағалатыңыз.
Қиындықтарға түсінік беру.
Слайдты ашып, бөлшектің алымы, бөлімі туралы түсінік беріп өтіңіз.
Бөлшек сызығының астындағы сан бір бүтіннің неше үлеске бөлінгенін көрсетеді. Оны бөлшектің бөлімі деп атайды. Бөлшек сызығының үстіндегі сан неше үлестің алынғанын көрсетеді. Оны бөлшектің алымы деп атайды.
Қайталау.
№ 5 тапсырманы апта күндеріне бөлінген кесінді лента арқылы орындатыңыз.
Әжей әр күні бірдей ұзындықта тоқи отырып,бөкебайды бір апта тоқыды.Ол бөкебайдың қанша бөлігін тоқығанын көрсететін бөлшекті жаздырыңыз. егер бүгін а) бейсенбі; ә)сәрсенбі; б) сенбі болса, ол әлі қанша бөлігін тоқуы керек?
Жауабы: бүгін бейсенбі болса әлі 3 бөлігін тоқу керек, бүгін сәрсенбі болса, әлі 4 бөлігін тоқу керек, бүгін сенбі болса, әлі 1 бөлігін тоқу керек.
Бөкебай туралы түсіндірме сөздік жұмысын жүргізу.
7-тапсырма өткенді қайталауға арналған.
Өрнектерді баған түрінде жазып, мәнін есептеп, тексеруді орындау.Бұл жұмысты тақтада орындайды.
1000-479=521 372+569=941 929-488=441 479+391= 870
521+479=1000 941-569=372 441+488=929 870-391=479
941-372=569 870-479=391
Әрі қарай дәптерден бағалау критерийлері бар тапсырма беріңіз..
Мен:
- – жай бөлшектерді оқып, жаза аламын;
- – көрнекіліктерді пайдаланып, бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыра аламын;
- – екі натурал санның ширегін бөлшек ретінде жазуды;
- бүтіннің бір не бірнеше бөлігін жазуды білемін.
Үйге тапсырмаға № 8,9 тапсырманы оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріп, нұсқа бойынша беріңіз.
Сабақ соңында кері байланыс алыңыз.
Сыныпты үш топқа бөліңіз.
І топқа:Сабақ тақырыбы бойынша тапсырмалар мен сұрақтар құрастыруды тапсырыңыз.
ІІ топ: Сұрақтарға толық жауап беруін қадағалаңыз.
ІІІ топ: Сұрақтың жүйелілігі мен сұраққа дұрыс жауап берулерін қадағалаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?