Бөлігі бойынша бүтінді табу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Үлес

№51 сабақ

Тақырыбы: Бөлігі бойынша бүтінді табу

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігібойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер, түрлі түсті қарындаштар, қайшы, желім, геометриялық фигуралар макеті.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: бұл сабақта бөлігі бойынша санды қалай табу керектігін түсіндіру керек. Бөлігі бойынша санды табу үшін, бөлікті бөліктің санын көрсететін бөлшектің бөліміне көбейтеміз. Егер бөлік( жәнет.б.) белгілі болып,бүтінді табу керек болса, көбейту амалын таңдаймыз.

Сабақ бойынша ұсыныстар: оқушылардың өткен сабақтарды пысықтау, қайталау, жаңа тақырыпқа кіріспе мақсатында сынып ұжымымен «Артығын тап» ойынын ойнаудан бастаңыз. Интербелсенді тақтада берілген әрбір қатардағы артық санды тауып және неге артық екенін сұраңыз. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыны «Жарайсың», «Керемет», т.с.с. сөздермен бағалау жүргізіңіз.

Жауабы:

  • 16
  • 3
  • 5

(Ж.Ж) Үлесін тап та, боя.

Сынып оқушыларымен жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Бөлшек туралы ұғымды бекіту үшін оқушылар жұбына әр түрлі үлестерге бөлінген геометриялық фигуралары бар парақшалар таратып шығыңыз. Олар екінші парақшадағы бөлшек сандарды бірнеше оқушыға оқытыңыз. Сонан соңтиісті фигураны тауып, тиісті түспен бояуды және оларды өсу ретімен А3 форматты параққа желімдеп, орналастыруды тапсырыңыз.

Тапсырма орындалып болған соң, оқушыларға бөлшектерді ататып, оларды кему ретімен айтқызып шығыңыз. Сонан соң мынадай сұрақтарға жауап алыңыз:

– «Бүтінді бөлікке бөлу» деген нені білдіреді?(Тең бөліктерге бөлу).

– Бөлшектің бөлімі нені білдіреді? (бүтінді неше бөлікке бөлгенін білдіреді).

– Бөлшектің алымы нені білдіреді? (бүтіннен неше тең бөлікті алғанын білдіреді).

Басбармақ арқылы бағалау.

(Т.Ж) Жаңаны тану. Топтық жұмыс ұйымдастырып, оқушылардан заттарды, фигураларды мен сандарды бөліктерге бөлуді, ол бөліктің қалай аталатынытуралы не білетіндерін сұрап шығыңыз. Сонан соң проблемалық жағдаят туындап тұрғанын хабарлаңыз. 8 дана алманы көрсетіп, осы барлық алманың бөлігін қалай табу керектігін сұраңыз. Ол үшін әр топқа алманың суреті бар парақшалар таратып шығыңыз. Партаның бетінде осы 8 алманың бөлігін табуды тапсырыңыз.

Әр топтың орындағанын тексеріп болған соң, қалай тапқанын, нені тапқанын сұрап, өздеріне қорытынды жасатыңыз. Сонан соң төмендегідей сұрақтар қойыңыз:

  • бөлікті басқаша қалай атаймыз?
  • 8 алманың жартысы нешеге тең?

Содан соң келесі проблемалық сұраққа көшіңіз. 2 мандаринді көрсетіп, оның себеттегі барлық мандариннің бөлігі екенін хабарлаңыз. Оқушылардан себетте барлығы қанша мандарин барын табуды тапсырыңыз. Қалай табуға болатыны туралы пікірлерін тыңдаңыз. Сонан соң оқушыларға мандариннің суреті бар парақшалар таратып беріп, практикалық жұмысқа көшуді тапсырыңыз..

Әр топтың орындағанын тексеріп болған соң, қалай тапқанын сұрап, өздеріне қорытынды жасатыңыз.

Қорытынды:

Бөлігі бойынша бүтінді табу үшін, бөлікті алынған бөлік санына көбейту керек.

Смайлик арқылы бағалау.

(Т.Ж) Бүтінді тап. Топтық жұмысты жалғастырыңыз. Оқушыларға А4 форматты парақтағы тапсырманы таратып беріңіз. Тапсырмада көрсетілген үлгі бойынша оқушылардан нені табу қажет екенін сұраңыз. Ойлануға уақыт беріңіз. Жұмыстың барысын бақылаңыз. Қиындық тудырған жағдайда сыныпқа төмендегідей сұрақтар қою арқылы талқылауға болады:

  • Бүтіннің бөлігін табу үшін не істеу керек?
  • жазуы нені білдіреді?
  • Бөлігі бойынша бүтінді табу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
  • Тапсырмада бүтінді табу керек пе, әлде бөлікті ме?

Әр топтың біп мүшесіне тақтада өз тобының жұмысымен таныстыруды ұсыныңыз. Егер жауаптары әр түрлі болған жағдайда сынып ұжымымен талқылаңыз. Шапақ арқылы бағалаңыз.

Жауабы:

.

(Т.Ж) Есепте. Топтық жұмысты жалғастырыңыз. Есепті шығармас бұрын, сынып ұжымымен есепке талдау жүргізуден бастаңыз. Есепте нені табу керек, қалай табу керек екенін сұраңыз. Яғни, есепте бөлік белгілі болса, бүтінді табуды есептеу керек. Есепті шығару үшін қандай арифметикалық амалды қолданғанын сұраңыз. Сол орындалған амалға кері амалды сұраңыз. Сонан осы есептеріне кері есеп құрастыруды сұраңыз. Сонан соң топпен есепті шешуді ұсыныңыз. Әр топ мүшесіне өз тобының шешімін тақтада айтуды ұсыныңыз. Оқушылармен бірге есептердің шешуін талқылаңыз. Оқушыларға өз тобының жұмысы бойынша қорытынды жасауын ұсыныңыз. Топтардың жұмысын басбармақпен бағалаңыз.

Жауабы: 200 теңге

(Ө.Ж) Саңырауқұлақтың өз түбіртегін тап.

Бұл тапсырма үлесі бойынша бүтінді табу дағдысын бекітуге бағытталған. Саңырауқұлақтың түбіртегінде бүтіннің бөлігі жазылған. Ал басында бүтін сан жазылған. Оқушыларға саңырауқұлақтың «басы» мен түбіртегіндегі берілген бөлік пен бүтінді сәйкестендіріп, А4 форматты параққа жапсыру керектігін хабарлаңыз. Дұрыс жауаппен тексере отырып, өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

Басбармақ арқылы бағалау.

Жауабы:

Сабақ рефлексиясы.

Оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде меңгергенін білу үшін БЛИЦ Турнир өткізіңіз:

-Бөлігі бойынша санды қалай табуға болады?

-Егер жартысы 5-ке тең болса, бүтін нешеге тең?

-Санның бөлігі 7-ге тең болса, бүтін сан нешеге тең? Ол қандай сан?- Анасы балаларына 3 алма берді. Бұл себетте жатқан барлық алмалардың . Себетте қанша алма болды?

- Әжесі 16 тоқаш дайындады. Кешкі аста 8 тоқаш желінді. Кешкі аста тоқаштың қай бөлігі желінді?

Өз үлесіңді боя. Әр оқушыға бөліктерге бөлінген және әр бөлікте сабаққа кері байланыс жазылған парақшалар таратып беріңіз. Оқушылар осы сабақта алған әсерлері жазылған бөлікті бояуы қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу