Бөлігі бойынша бүтінді табу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі:

№51 сабақ. Тақырыбы:

Бөлігі бойынша бүтінді табу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Каикмбаева Арайлым Каскырбаевна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігібойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • Шаманың бөлігін және бөлік бойынша шаманы табады: жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін таба алады.

Оқушылардың көбі:

  • Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығарады және зерттейді; кері есептерді құрастырады және шеше алады.

Оқушылардың кейбірі:

  • Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығарады және зерттейді; кері есептерді құрастырады және шеше алады.

 Бағалаукритерийлері

-санның жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін таба алады;

-санның үлесін табуға берілген есептерді шығара алады;

-санның үлесін тауға берілген есепке кері есеп құрастырып, шеше алады.

 Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Бөлшек, алым, бөлім.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Санның бөлігін қалай табуға болады?

Бөлік бойынша санды қалай табуға болады?

Бөлшектің алымы нені көрсетеді?

Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

 Құндылықтар

Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

 Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлшектер, бөлшектерді жазу және салыстыру.

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық.. «Ертеңгілік шеңбер» Қайырлы таң!

Қайырлы күн, көздерім!

Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).Қайырлы күн, құлақтарым!

Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).Қайырлы күн, қолдарым!

Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).Қайырлы күн, аяқтарым!

Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).Қайырлы күн, мұғалім!

Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)

Қызығушылықты ояту.

(Ұ.Ж) «Артығын тап» ойыны

Мақсаты: өткен сабақтарды пысықтау, қайталау, жаңа тақырыпқа кіріспе. Интербелсенді тақтадан әрбір қатардағы артық санды табу және неге артық екенін сұрау.

  • 1, 2, 4, 8, 16 .
  • 3, 6, 12, 24, 48 .
  • 5, 10, 20, 40, 80
  • .
  • .

Сөздік бағалау.

(Ж.Ж) Үлесін тап та, боя.

Бөлшек туралы ұғымды бекіту үшін оқушылар жұбына әр түрлі үлестерге бөлінген геометриялық фигуралары бар парақшалар таратылады. Олар екінші парақшадағы бөлшек сандарға тиісті фигураны тауып, тиісті түспен бояйды және оларды өсу ретімен А3 форматты параққа желімдеп, орналастырады.

Тапсырма орындалып болған соң, оқушыларға бөлшектерді ататып, оларды кему ретімен айтқызу.

– «Бүтінді бөлікке бөлу» деген нені білдіреді?(Тең бөліктерге бөлу).

– Бөлшектің бөлімі нені білдіреді? (бүтінді неше бөлікке бөлгенін білдіреді).

– Бөлшектің алымы нені білдіреді? (бүтіннен неше тең бөлікті алғанын білдіреді).

Басбармақ арқылы бағалау.

Слайд №2

Слайд №3

Слайд №4

А3 форматтағы парақша, фигуралар сызылған парақша, желім, маркер.

Сабақтың ортасы

(Т.Ж) Жаңаны тану.

- Оқушылар, біз заттарды, фигураларды мен сандарды бөліктерге бөлуді, ол бөліктің қалай аталатынын білеміз.

Бірақ бір қиындық туып тұр:

  • Менде 8 алма бар. Осы барлық алманың бөлігін табу керек. Қалай табамыз? Сендердің алдарыңда алманың суреті бар парақшалар бар. Партаның бетінде осы 8 алманың бөлігін табыңдар.

Әр топтың орындағанын тексеріп болған соң, қалай тапқанын сұрау, қорытынды жасату.

  • бөлікті басқаша қалай атаймыз?
  • Демек, 8 алманың жартысы 4-ке тең.

Оқушылардан нені тапқанын сұрау (бүтіннің бөлігін). Содан соң тағы проблемалық сұрақ қою.

  • Менде 2 мандарин бар. Ол себеттегі барлық мандариннің бөлігі. Қалай ойлайсыңдар, себетте барлығы қанша мандарин бар?

Оқушыларға мандариннің суреті бар парақшалар таратып беру.

Әр топтың орындағанын тексеріп болған соң, қалай тапқанын сұрау, өздеріне қорытынды жасату.

Қорытынды:

Бөлігі бойынша бүтінді табу үшін, бөлікті алынған бөлік санына көбейту керек.

Смайлик арқылы бағалау.

(Т.Ж) Бүтінді тап.

Оқушыларға А4 форматты парақтағы тапсырманы таратып беру. Тапсырмада көрсетілген үлгі бойынша оқушылар бөлігі бойынша санды табуы қажет. Ол үшін оқушылар алдыңғы білімдеріне сүйене отырып орынайды. Қиындық тудырған жағдайда сыныпқа төмендегідей сұрақтар қою арқылы талқылауға болады:

  • Бүтіннің бөлігін табу үшін не істеу керек?
  • жазуы нені білдіреді?
  • Бөлігі бойынша бүтінді табу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
  • Тапсырмада бүтінді табу керек пе, әлде бөлікті ме?

Сонан соң тапсырманы топ болып орындауға кіріседі. Әр топтан бір оқушы шығып, өз шешімдерін ортаға салады.

Шапалақ арқылы бағалау.

(Т.Ж) Есепте.

Есепті шығармас бұрын, сынып ұжымымен есепке талдау жүргізу. Есепте нені табу керек екенін сұрау. Яғни, есепте бөлік белгілі болса, бүтінді табуды есептеу керек. Есепті шығарып болған соң, осы есептеріне кері есеп құрастыруды сұрау.

1-топ. Самат асханадан 100 теңгеге самса сатып алды. Бұл барлық ақшасының бөлігіне тең. Саматта барлығы неше теңге болды?

2-топ. Айжан асханадан 40 теңгеге бір стақан шырын ішті. Бұл барлық ақшасының бөлігіне тең. Айжанда барлығы неше теңге болды?

3-топ. Асқар асханадан 50 теңгеге бір шоколад сатып алды. Бұл барлық ақшасының бөлігіне тең. Асқарда барлығы неше теңге болды?

Басбармақ арқылы бағалау.

(Ө.Ж) Саңырауқұлақтың өз түбіртегін тап.

Оқушылардың сабақта алған білімдерін пысықтау үшін жеке тапсырма беру. Саңырауқұлақтың түбіртегінде бүтіннің бөлігі жазылған. Ал басында бүтін сан жазылған. Оқушылар саңырауқұлақтың «басы» мен түбіртегіндегі берілген бөлік пен бүтінді сәйкестендіріп, А4 форматты параққа жапсыру керек. Дұрыс жауаппен тексере отырып, өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

Басбармақ арқылы бағалау.

Слайд №5

Алманың суреттері бар қима қағаздар

Слайд №6

Мандариннің суреттері бар қима қағаздар

Слайд №7-8

Тапсырма жазылған А4 форматтағы парақтар

Слайд №9-11

Тапсырма жазылған қима қағаздар,

А4 форматтағы парақтар, маркер

Слайд №12-13

А4 форматтағы парақ, саңырауқұлақтардың бастары мен түбіртектері бар қима қағаздар, желім

Сабақтың соңы

Сабақ рефлексиясы.

Оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде меңгергенін білу үшін БЛИЦ Турнир өткізу:

-Бөлігі бойынша санды қалай табуға болады?

-Егер жартысы 5-ке тең болса, бүтін нешеге тең?

-Санның бөлігі 7-ге тең болса, бүтін сан нешеге тең? Ол қандай сан?- Анасы балаларына 3 алма берді. Бұл себетте жатқан барлық алмалардың . Себетте қанша алма болды?

- Әжесі 16 тоқаш дайындады. Кешкі аста 8 тоқаш желінді. Кешкі аста тоқаштың қай бөлігі желінді?

Өз үлесіңді боя. Әр оқушыға бөліктерге бөлінген және әр бөлікте сабаққа кері байланыс жазылған парақшалар таратып беру. Оқушылар осы сабақта алған әсерлері жазылған бөлікті бояуы қажет.

Слайд №14-15

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларды жұптық тапсырмада өз қабілеттерін көрсету үшін жұпқа қоспай, өз бетінше жұмыс істеуіне жағдай жасадым.

Сабақ бойы алған білімін үлес арқылы көрсету.

Сабақ арасында ұйымдастырылған ойындарда қауіпсіздік техникасын сақтауды сұраймын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу