Қала ішінде саяхаттаймыз. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
63-сабақ. Координаттар нүктесі және қозғалыс бағыты
Тақырып: Қала ішінде саяхаттаймыз | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Қылышбаева А.Т. | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.3.1 жазық фигурада белгіленген нүктелердің орнын бір-біріне қатысты анықтау. | ||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Геометриялық фигураларды атау. | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
0–3 | Ынталандыру. Картаны қолданып, қалада саяхат жасауды ұсыну. Картаны біліктілігі не үшін қажет болатынын, картаны білу туристік сапарда көмектесетініне тоқталу. Үлкен қалаларда 2 ГИС бағдарламасы арқылы жүруге болатындығын ескерту. Қолданған оқушылар болса, мысалдар келтірту. | 3-слайд Қала картасы | |||||||||
4–6
| Белсендіру. Күнделікті өмірде қандай жағдайларда «нүкте координаталары» деген түсінікпен ұшырасамыз, қай кезде нүкте координаталарын қолдана білу керек? Сондай жағдайларды еске түсіру. (Координаттар– нысанды табуға болатын кейбір мәліметтер). – Координаттардың қалай берілгенін немесе қалай беру керек екенін түсіну маңызды? – Біз нысанды табамыз ба, жоқ па – осыған байланысты. | ||||||||||
7–11 | Мақсат қою (мәселелі жағдаят). Бүгінгі сабақта координаттардың көмегімен нүктелердің (заттардың) орналасуын анықтауды оқып-үйренетін боламыз. Координаттар нүктесін анықтауды үйренесіңдер. | 2-слайд | |||||||||
12–29 | Топтық жұмыс: – Карта бойынша жұмысқа кіріспес бұрын, координаттарды анықтау алгоритмін жасаймыз. Нүктелер координаттарының алгоритмін анықтау. 1. Көлденең ось бойынша бірінші координат нүктелерін табу. 2.Тік ось бойынша екінші координат нүктелерін табу. 3. Қиылысты табу. Топ өкілдері жауаптарымен таныстырады Практикалық жұмыс. Әр оқушыға координаттары бар карталар бейнеленген суреттер таратылады. Балалар алдымен нүктелерді тауып, содан кейін белгілейді. №1 тапсырманы орындау – карта бойынша жұппен жұмыс.Картадағы суреттер бойынша: дүкеннің, саябақтың, мектептің координаттарын ламинатталған парақтарда жазып, жауаптарын келесі жұпқа ауыстыру арқылы текесеру жүргізеді Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. №2 тапсырмада жұптық жұмысты одан әрі орындауды жалғастырады–түсінік бере отырып практикалық жұмысты орындау. Координат нүктелері әріппен белгіленген парақтар таратылады.Көрсетілген суреттен координаттарды анықтауға практикалық жаттығулар жасап жаттығады. Бағалау. Келесі топтың жұмысын жасыл қаламсаппен «келісемін» «+» немесе «келіспеймін» «-» белгілерін қойып шығады. | Оқулық. Координаталары бар карточкалар 4-слайд Координат нүктелері көрсетілген парақтар 5-слайд Координат нүктелері әріппен белгіленген парақтар | |||||||||
30–40 | Жаңаны қолдану. №3 тапсырманы орындауды ұсынады – практикалық жұмыс-ойын. Балалар жоспар құрып, карта бойынша саяхат жасайды. Осыған ұқсас есеп құрастырып және оны шығару үшін дәптердегі немесе оқулықтағы тапсырманы орындауды ұсыну. Өзің жасап көр. №4 тапсырма. Координаттық тор дайындау үшін торкөз дәптер парақтарын тарату. Тапсырмаларға назар аудару. Координаттарын жазу: А,В,С,D төбелерінің; Тіктөртбұрыштан тыс кез келген 5 нүктенің; Тіктөртбұрыштың ішіндегі кез-келген 4 нүктенің координаттарын жазу. Қосымша тапсырма. Қандай да бір фигураны салып, оның координатын жазу. (Т)№6 тапсырма оқушылардың жылдам есептей алу дағдысын қалыптастыру, үш таңбалы сандарды қосып азайтуға мысалдар шығару. Әр топ өкілдері жауаптарын оқиды, келесі топ оқушылары «шапалақтау» әдісі арқылы бағалайды. (Ж) №7 тапсырманы жұпта орындайды. Жұпта өткен материалдарды қайталау мақсатында геометриялық пішіндердің периметрін табуға берілген. Тақтаға геометриялық пішіндер суреті ілінеді. Астына жауаптарын жазады. Тақтадағы жауаптарымен өз жауаптарын салыстырады, қателерін жөндейді. (Ұ) №8 тапсырма ауызша орындауға беру. Құм алаңын қоршау үшін қанша метр ернеу қажет болатынын есептейді. №9 тапсырма жұпта жалғастырады. Алдымен сурет бойынша талқылау жұмысы жүргізіледі. Жолдың сызбанұсқасына сәйкес қанша жолмен жүруге болатынына тоқталу. Ауылдан көпірге дейінгі жолды, содан кейін көпірден қалаға дейінгі жолды анықтау. Егер міндетті түрде көпір арқылы өту керек болса, ауылдан қалаға дейін қанша тәсілмен баруға болатынын есептеп табу. Бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырма бойынша өзін-өзі тексеру жүргізіледі. Мен:
| Координаттарды табу үшін қала картасының суреті 6-слайд Координаттық тор дайындау үшін торкөз дәптер парақтары Дәптер, сызғыш, қалам 7-слайд Кесте жазылған қимақағаздар 8-слайд Геометриялық фигуралар. 9-слайд. Шаршы пішініндегі құм алаңының суреті. 10-слайд. Жолдың сызбанұсқасы. | |||||||||
41–45 | Рефлексия. Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …; «Мен … өзімді мақтан етемін»; «Әсіресе маған ұнағаны …»; «Бүгін … менің қолымнан келді» | 11-слайд Жетістік сызғышы. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?