Қазақстандағы спорттық ғимараттар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған ұсыныстар

64-сабақ. Есептер шығару

Тақырып: Қазақстандағы спорттық ғимараттар

Оқу мақсаттары3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару

3.5.1.5 тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданын және қабырғаларын табуға берілген есептерді талдау және шығару

Сабаққа қажетті ресурстар:

Кесте; Тапсырмалар жазылған қима қағаздар; Мұзайдынының суреттері;

Сабақты өткізуге арналған ұсыныстар

Қазақстанда өтілетін спорттық іс-шаралар туралы әңгіме жүргізіңіз

Бүгінгі сабақта бірнеше тапсырмаларды сайыс түрінде өткізілетінін хабарлаңыз. Жасанды мұзайдынының суреттерін көрсете отырып,

Қазақстандағы мұзайдындардың суретін таңдау арқылы оқушыларды топтарға біріктіріңіз.Мұзайдындарының жасанды екендігіне тоқталып өтіңіз, аудандарының көлемін салыстырыңыз.

Медеу мұзайдыны- 10 000 м2;

Алау жасанды мұзайдын сарайы- 700 м2;

Алматы Арена жасанды мұзайдын сарайы- 600 м2.

Ауданы жағынан ең үлкені Медеу мұзайдыны, ең кішісі Алматы Арена жасанды мұзайдын сарайы.

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңызда туындаған қандай да бір қиындықты тауып, оны түзейтін боламыз.

Ұжымда кестемен жұмысты талқылаңыз. Кестеде тіктөртбұрыштың ауданы белгілі. Оның ұзындығы мен ені қандай болуы мүмкін? Мүмкін нұсқаларды таңдау. Алдымен ауызша сұрақтар қою арқылы тапсырмаға талдау жүргізіледі.Мысалы:

-Қандай екі санның көбейтіндісі 48-ге тең?

-Қандай екі санның көбейтіндісі 45-ке тең?

-Қандай екі санның көбейтіндісі 18-ге тең?

Тақтаға кесте ілінеді. Оқушылар жауаптарын айтады, мұғалім немесе алғаш жауап берген оқушы жазады.

(Т) №3-4 тапсырма

Тапсырма топта сайыс түрінде өткізіледі. Белгілі уақыт ішінде шамаларға амалдар қолдана отырып, дұрыс мәнін тақтаға жазу. Жауапты бірінші болып жазған топқа ұпай беріледі.Осы санды деректерді пайдаланып есептер құрастырады. Құрастырған есепті келесі топқа ұсынады. Жауаптарын тексеріп, ұпай беріледі. Есептің дұрыс құрылғанына да ұпай берілетінін ескерту.

Жауаптары:

45 кг : 9 = 5 кг; 27 г : 9 = 3 г; 1 дм 2 см : 2 = 6 см;

4 дм 8 см : 8 = 6 см; 6 см 3 мм : 7 = 9 мм; 36 ц : 9 = 4 ц

9 м – 205 см = 695 см; 4 дм - 15 мм = 385 мм; 5 ц – 198 кг = 302 кг;

1 тәул. – 15 сағ. = 9 сағ.; 2 тәул. – 40 сағ = 8 сағ; 1 т – 8 ц = 2 ц

№5 тапсырманы жұпта орындайды. Тапсырманы орындамас бұрын тіктөртбұрыштың ауданын табудағы формулаларды еске түсіру. Кестемен жұмыс жасауда бос орындарды толтыру. Формулаға сәйкес мәндерін қойып, мәнін табу.

Толтырылған кестелерді келесі жұппен ауыстырады, тапсырмалардың орындалуын тексереді.

Жауабы:

№6 тапсырманы Жұпта орындауды жалғастырады. Сызбалар беріледі, есепке сәйкес сызбаны таңдап, есепті шығарады.

Есепті шығару барысында:

-Үлесі бойынша шаманы қалай табады?

-Барлығынан бөлікті қалай табатыны туралы сұрақтар қою арқылы есепті шығаруға көмек беріледі.

Жауабы:

  • 4 = 12 см;

ә) 27 : = 9 м

№7 тапсырма. Әр оқушыға есептің шартын жазуға кесте таратылады. Есепті шығаруда қиындық келтірген тұстарына тоқталу. Жұпта жұмыстарын ауыстыру арқылы бірін-бірі бағалайды.

Жауабы:

а)12 : 6 х 8 = 16 м;

ә) 2 х 3 : 3 = 2 м- әр жейдеге жұмсалған мата

Қиындықтарды түзету

Мұғалім орындалу барысының дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерде қате жібердің?

– Қате кетудің себебі неде?

– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаса, өз іс-әрекетіңнің мақсатын құрастыр.

(Қосымша тапсырма орындау).

– Қиындық туындаған балалардың әрі қарайғы мақсаты қандай? (Қатені түзету).

– Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.

Әркім өз оқу мақсатын айтады.

Бағалау критерийлері бар тапсырманы орындауды ұсыну.

Мен:

– шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығаруды және талдауды;

– шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептердің шешуін жазуды;

– аудан бойынша тіктөртбұрыштың қабырғаларын табуды;

– қабырғалары бойынша тіктөртбұрыштың ауданын табуды білемін.Кестемен жұмыс

Сабақтың соңыРефлексия.

Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?

– Осы мақсаттарға жете алдық па?

– Сіздерде қиындық туындаған ба еді?

– Сіз оларды өте алдыңыз ба?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.Жетістік сызғышы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу