Бөлшектермен есептер шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Үлес

№53 сабақ

Тақырыбы: Бөлшектермен есептер шығару

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігібойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару.

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер, түрлі түсті қарындаштар, геометриялық фигуралар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: бұл сабақта «бөлшек» ұғымын бекітіп, соынмен қатар санның бөлігі мен бөлігі бойынша санды табудағы жаңа есептерді шығаруды үйренеді. Санның бөлігін табу үшін санды бөлшектің бөліміне бөліп, алымына көбейтеміз. Бөлігі бойыншасанды табу үшін белгілі бөлікті бөлшектің алымына бөліп, бөліміне көбейтеміз.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Психологиялық дайындық.

Оқушылар қимылмен көрсетіп, сөйлемнің соңғы сөзіне қосылады. Сабақта біздің көздеріміз мұқият қарайды және барлығын … (көреді).Құлақтарымыз мұқият тыңдайды және барлығын … (естиді).Ал, миымыз өте жақсы… (ойлайды) және қандай қиын есеп болса да, шешпей оны қоймайды.

(Ұ.Ж) Белсендіру. Бұл практикалықтапсырманы сынып ұжымымен ұйымдастырыңыз.

Әр оқушыға түрлі-түсті қағаздан қиылған фигура таратып беріңіз. Оқушылардан сұраңыз:

- Бұл фигура қалай аталады? (шаршы)

- Қалай ойлайсыңдар, осы фигурамен қандай тапсырма орындауымыз мүмкін? (периметрін табу, бөліктерге бөлу, т.б.)

- Фигураны бүктеу арқылы төрт тең бөлікке бөліңдер.

- Қайшының көмегімен бөлігін қиып ал. (болған оқушы қиып алған бөлігін көрсетеді)

- Шаршының бөлігінен қандай фигура шықты?

( берілген шаршыдан кіші шаршы, үшбұрыш)

- Қандай қорытынды шығаруға болады? (шаршының бөлігін әр түрлі тәсілмен табуға болады)

Сонан соң әр оқушыға 10 шаршыдан тұратын кестені таратып беріңіз. Оқушыларға өз есімдерін кез келген шаршыға жазуын сұраңыз. Олардың есімдері 10 әріптен аспауын қадағалаңыз. Егер оқушының есімдері ұзақ болса, қысқартуын сұраңыз. Оқушыларға әріп жазылған шаршыларды бояп, бөлшек түрінде жазуды ұсыныңыз. Мысалы, Самат сөзі 5 әріптен тұрады. Бөлшек түрінде жазылады.

Смайлик арқылы бағалау.

) «Ойлан, жұптас, талқыла» Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға есептің қысқаша шартын сызба түрінде параққа жазуды ұсыныңыз. Келесі сұрақтарды қойыңыз:

- Оркестрде барлығы қанша мүше бар?

- Оркестрдің қандай бөлігін домбырашылар құрайды?

- Оркестрдегі домбырашылар санын білуге бола ма? Қалай?

Содан соң жұптарға есепті шығаруды ұсыныңыз.бірнеше жұпқа өз шешімдерін тақтада көрсетуін ұсыныңыз. Оқушылармен бірге есептің сызбасы мен шешуін талқылаңыз. Шешуін салыстырып, жұмыстарын бағалаңыз. Жұптық жұмысты "+" немесе "-" белгісімен бағалау.

Жауабы: оркестрде 12 адам домбыра тартады.

(Т.Ж) Ойлан, бірік, талқыла» . Тапсырманы топпен ұйымдастырыңыз. Оқушыларға есептің қысқаша шартын сызба түрінде жазуды ұсыныңыз. Келесі сұрақтарға жауап алыңыз:

- Ауланың ұзындығы қандай?

- Ені оның қандай бөлігін құрайды?

- Ауланың жалпы ұзындығын қалай білуге болады? Нені табу керек?

-Есеп неше амалмен орындалады? Неге?

-Бірнеше амалмен нені табамыз? Екіншімен ше?

Содан соң оқушыларға есепті топта шығаруды ұсыныңыз. Саралау мақсатында ынтасы жоғары оқушыларды өз бетінше орындауын сұраңыз. Әр топ спикері өз тобының жұмысын тақтада көрсетуді сұраңыз. Есептің шешуіноқушылармен талдаңыз. Топтық жұмысты және өз бетінше шығарған оқушыларды жұлдызша арқылы бағалаңыз.

Жауабы: ауланың жалпы ұзындығы 100 метр.

) Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз.

Жұптық жұмыста оқушыларға есептің шартын сызба арқылы параққа жазуды ұсыныңыз. Келесі сұрақтарды қойыңыз:

- Автобус қанша км жол жүрді?

- Жүрілген жол қандай бөлікті құрайды?

- Жолдың жалпы ұзындығын білуге бола ма? Қалай?

- Автобустың қанша км жол жүргенін анықтауға бола ма? Қалай?

Содан соң оқушыларға есепті шығаруды ұсыныңыз. Бірнеше жұпқа шешімдерін тақтада көрсетуі сұраңыз. Оқушылармен талқылаңыз, шешуін салыстырыңыз. Жұптың жұмысын смайликпен бағалаңыз.

Жауабы:жолдың жалпы ұзындығы 18 км болған.

(Т.Ж) Есепте. Тапсырманы топпен ұйымдастырыңыз.

Оқушыларға есептің шартын сызба арқылы параққа жазуды ұсыныңыз. Келесідегідей сұрақтарға жауап алыңыз:

- Ыдыстағы сүттің көлемі қандай?

- Барлық сүттің қандай бөлігін құрайды?

- Ыдыстағы сүттің жалпы көлемін қалай білуге болады?

- Сатылған сүттің көлемін қалай білуге болады?

- Есеп неше амалмен нені табамыз?

Сонан соң оқушыларға есепті шығаруды ұсыныңыз. Саралау мақсатында ынтасы жоғары оқушыларды өз бетінше орындауын сұраңыз. Әр топ спикеріне өз тобының жұмысын қорғап, қорытынды шығаруды ұсыныңыз. Топтық жұмысты және өз бетінше шығарған оқушыларды жұлдызша арқылы бағалаңыз.

Жауабы: түске дейін 12 литр сүт сатты.

(Ж.Ж) «Теңестір» Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Бұл жұмысты орындауда оқушыларда үлесті табу дағдысы қалыптасады.Фигуралардың неше тең бөлікке бөлінгенін, қаннша бөлігі боялғанын, қанша бөлігі боялмағанын анықтап, тең бөліктерді тауып, теңестіруді ұсыныңыз.

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмыстарымен алмасып, өзара тексеру жүргізуді сұраңыз.

."Шапалақ соғу"арқылы бағалау

Тапсырманы тексеріп, дұрыс орындаса шапалақ соғу арқылы бағалайды.

Жауабы:

Сергіту сәті. Көз жаттығуы.

Оқушыларға бойларын тік ұстап, түзу отыруын сұраңыз. Әр түрлі геометриялық фигураларды атаған кезде, көз арқылы ауада сызуды сұраңыз. (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, трапеция, ромб, шаршы, т.с.с.)

(Т.Ж) "Мозайка" айдарын топта орындатыңыз. Оларға А4 форматтағы парақ пен конвертке салынған қима суреттер таратып беріңіз. А4 форматтағы парақта кесте сызылып, онда шамалар берілген. Оқушылар қима қағазда жазылған шамалардың бөлігін кестеге дұрыс орналастырса, Астана қаласының суреті шығуы керек. "Шапалақ соғу"арқылы бағалаңыз. Топтар орындап болған соң жұмыстары тексеріліп,шапалақ соғу арқылы бағаланады. Қай топтың жұмысы толық орындалса, сол топқа ұзақ шапалақ соғылады.

Жауабы:

1 км = 750 м

10 ц = 100 кг

10 дм = 50 см

2 кг = 800 г

100 л = 30 л

15 кг = 6 кг

(Ө.Ж) "Дұрыс-бұрыс" айдарын жеке жұмыс ретінде жалғастырыңыз. Оқушыларға тапсырма жазылға кесте таратылып беріңіз. Ол кестеде берілген мысалдардың кейбірі қате орындалғанын ескертіңіз. Оқушыға қате орындалғанын тауып, дұрыс жауабын келесі бағанға жазуды тапсырыңыз. Тапсырма орындалып болған соң, оқушыларға өзін-өзі тексеруді ұсыныңыз. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі және жинаған ұпай санына қарай жалаушалар таратылады.

Жауабы:

Оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде меңгергенін білу үшін келесі сұрақтарды қойыңыз:

-Санның бөлігін қалай табуға болады?

-Бөлігі бойынша санды қалай табады?

-18-дің 2/6 бөлігін тап.

-Егер 24 санының 6/8 бөлігі болса, санды тап.

Сабақ рефлексиясы. Өз үлесіңді боя.

Оқушыларға 4 бөлікке бөлінген шеңбер таратып беріңіз. Осы сабақта алған білімдері мен көңіл-күйлерін тиісті үлесте бояуды тапсырыңыз.

« Мен бәрін түсіндім, көңіл-күйім тамаша»

«Мен көп нәрсені түсіндім, көңіл-күйім жақсы»

«Мен түсінбедім, көңіл-күйім жоқ»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу