Санның квадраты. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
1-бөлім. Кестеден тыс көбейту және бөлу
№ 81- сабақ. Тақырыбы: Санның квадраты
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну
Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, формулалар, смайликтер
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Оқушылар бірдей көбейткіштердің көбейтіндісін көбейткіштердің квадратымен ауыстыруға болатындығын біледі
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Белсендіру. Сабақты ұжыммен « Ойға шабуыл» ойыны арқылы ауызша сұрақтарға тез жауап алумен бастаңыз.
(Ұ.Ж) «Ойға шабуыл» ойыны
1.Білім ордасы не? (Мектеп)
2. Тәуліктің үштен бір бөлігі неше сағатқа тең? (8)
3. Оңынан да, солынан да бірдей оқылатын, жазылатын сандар қайсы?(11,22,33,44,55,66,77,88,99)
4. 9-дан 100-ге дейінгі сандарда қанша 9 саны кездеседі? ( 11 )
5. Ойлаған санға 119-ды қосқанда 800 шықты. Ойлаған санды тап.(681)
6. 5 тоннаның екіден бір бөлігінде қанша килограмм бар? (2500 кг )
7. 1000теңгенің 711 теңгесіне сауда жасасаң, қанша теңгең қалады? (289)
8. 1килограмм алма 360 теңге тұрса, 3кг алма қанша тұрады? (1080тг)
9. Ұшақтың жылдамдығы 850км. Ол 3сағатта неше км ұшады? 5 сағатта ше?(2550км, 4250км)
Әр жауап сайын «шапалақ» арқылы бағалау жүргізіңіз.
Балалардың назарын шахмет тақтасына аударыңыз . Онда 8 қатар көлденең және 8 баған тігінен торкөздер бар. Барлық торкөздер қанша? Сұрағына жауап іздеуді тапсырыңыз.
Жауап : 64. Қалай табуға болады 8х8. Осы көбейтіндіде 8 саны көбейткіш ретінде неше рет алынды?
Жауап: 2 рет
Олай болса
Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін көбейткіштің квадратымен алмастыруға болады. Мысалы, 8х8=82 және 8х8=64, 82=64
Оқылуы: «8-дің квадраты»
Ж.Ж. «Ойлан, талқыла, тап» Теңдеудің түбірі нешеге тең екенін табуға тапсырыңыз. .
Жұптық жұмыс, шешуі дұрыс болу үшін айнымалылардың мәні нешеге тең болуы мүмкін екенін талқылаға тапсырыңыз . Жұптың жауабын тыңдаңыз. Егер жауап дұрыс болмаған жағдайда таңдау әдісін ұсыныңыз және қолдаңыз, бағыттаңыз.
х*х=25 у*у=81 а*а=1 в*в*в=0
Жауабы: а) х=5 б) у=9 в) а=1 г) в=0
«Смайлик» арқылы бағалау
Сергіту сәті(интербелсенді тақта арқылы)
(Т. Ж) Ауданын тап. Оқушыларға топтық жұмыс ұсыныңыз. Оқушыларға геометриялық фигуралардың ауданын табу ережесін міндетті түрде естеріне түсіру қажет. Фигураны, парақшаларды таратып фигура ауданын табады түсіндіре отырып жауапты ламинатталған параққа жазады. . «Әткеншек» әдісі арқылы жауаптарды топтар арасында ауыстырыңыз. Әр топтың жауабын тыңдап, бағалаңыз. Егер оқушылар шаршының ауданы оның жақтарының квадратына тең деген ойды айтпаса, көмектесуге тырысыңыз.
(Ж.Ж) Жұппен «Мұғалім-оқушы» ойынын ойнау. Жұптар көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету үшін мұғалім роліндегі оқушы сандар жасырады, егер оқушы роліндегі бала екі бірдей көбейткіштерді атаса, онда санның квадраты ретінде атауға болады. Мысалы:мұғалім роліндегі оқушы 12 санын атайды. Оқушы роліндегі бала барлық көбейтінділерді атайды: 3∙4; 4∙3; 6∙2. Егер барлық көбейтінділер дұрыс аталса, онда келесі санды атайды. Егер 36 саны аталса, онда 6∙6 көбейтіндісі немесе 62 (алтының квадраты) деп атайды. Ойын бірнеше мәрте қайталанады, мұғалім мен оқушы ролі ауысады.
Қалыптастырушы бағалау
Ө.Ж. «Есепте, тап» Көбейтіндінің мәні бойынша көбейткішті табуға тапсырыңыз.
Ары қарай өзін-өзі тексеру үшін үлгі беріледі, үлгі бойынша өзін-өзі тексеріп, бағалайды.
______2 = 100
______2 = 49
______2 = 0
_____2 = 64
_____ 2 = 4
_____2 = 1
______2 = 36
______2 = 81
10, 7,0, 8, 2, 1, 6, 9
Бұлай әр оқушы жаңа тақырыпты түсінгенін не түсінбегенін анықтайды.
Ұ.Ж. Өткенді қайталау. Амалдарды орындау дағдыларын дамыту мақсатында орындатыңыз.
+9
:3
+12
-15
:2
*12
Мен:
- Санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде көрсету;
- Санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептей аламын.
Қорытынды. Не үйреніп,не білдік?
- Сабақта не қызық болды?
- Қандай қиындықтар кездесті?
- Не маңызды болды деп ойлайсыңдар?
Келесі сабақта қандай жұмыс түрімен жұмыс жасау
Кері байланыс
Өзін-өзі «Пайыздық көрсеткіш» арқылы бағалау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?