Бағасы,саны , құны. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспарының үлгісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

1C бөлімі: Бас қатырғыштар және есептер

Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Омарова А.Е.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бағасы,саны , құны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.5.1.1 2-3 амалмен шешілетін есепті кестелер, сызықты/бағанды диагармма, сызбалар, қысқаша жазбалар түрінде модельдеу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

құн үшін қолданған бірліктеріне мысалдар келтіру;

жол,құн баға үшін іс жүзіндегі құралды пайдалануы керек.

Оқушылардың көпшілігі

тиісті бірліктердің көмегімен, бағаны бағалау;

тиісті бірліктер және өлшеулер үшін басқа обьектілер ұсынуы керек.

Кейбір оқушылар:

жол,құн,баға ұғымдарына ұсынылған есептерді диаграмма түрінде ұсына алады.

 Жетістік критерилері

Бағасы құн санының қатынасына қарай анықтай алады.,

Саны мен құнын бағасына тәуелді таба алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Баға,құн және санының өзара қатынасына қарай есептерді есептей алады.

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері:

баға,құн,саны

формула

...қарағанда артық, ...қарағанда кем, тең, шамамен, дәл

Диалог / жазу үшін қолданылатынсөз тіркестері :

Талқылауға арналған сұрақтар :

Қайсысы (бағасы,құны,саны.) үлкен?

Мынаны (...) қалай салыстырамыз ?

Сіз қандай қай формуланы қолданар едіңіз?

Сіз неге .. екенін айта аласыз ба?

…біз бағаны саны мен құнына байланысты таба аламыз ба ?

 Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік , өзін-өзіне қызмет көрсетуге баулу

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Ұзындықты сантиметрлік лентамен, өлшеу таспасының көмегімен, өлшей білу; қосу және азайту дағдыларының көмегімен шамаларды салыстыра білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(0-10 мин)

(Ұ) Балалар, күнделікті сендер дүкенге барасыңдар ма?

Азық-түлік дүкенінен не сатып аласыңдар?

(нан, балмұздақ, сары май т.б)

Енді өздеріңе сұрақ:

  • Дүкенде нанның бағасы қанша?
  • Бір нанның бағасы 60 теңге тұрса, 3 нанның құны қанша болады? (180теңге)
  • Балмұздақтың бағасы қанша? (70 теңге)
  • Балмұздақтың бағасы 70 теңге тұрса, 4 балмұздақтың құны қанша?
  • Жұмыртқаның бағасы қанша тұрады?
  • Бір жұмыртқаның бағасы 25 теңге болса, 10 жұмыртқаның құны қанша болғаны?

Балалар, мұғалімнен қандай жаңа сөздер естідіңдер?

БАҒАСЫ, САНЫ, ҚҰНЫ.

Олай болса, біз сіздермен сауда жасағанда қолданатын заттың бағасы, саны, құнына байланысты тапсырмалар орындаймыз.

Азық-түлік макеттері

Сабақ ортасы

(10-30 мин)

) Тақтаға кесте сызып қою

1 Слайдпен жұмыс.

- Бір самсаның бағасы қандай? (100 теңге)

-Бала қанша самса сатып алыпты? (3)

- 3 самсаның құны қанша тұрады?

2 Слайдпен жұмыс.

(тақтадағы кесте)

Бағасы

Саны

Құны

100 теңге

3

?

Тауардың құнын анықтау үшін, бағасын оның санына көбейту керек.

3 Слайдпен жұмыс.

Өшіргіштің бағасы 8 теңге, мен 24 теңгеге қанша өшіргіш аламын?

Бағасы

Саны

Құны

8 теңге

?

24

Сатып алынған тауардың САНЫН анықтау үшін, тауардың ҚҰНЫН оның БАҒАСЫНА бөлу керек.

С = Қ : Б

4 Слайдпен жұмыс.

Бағасы

Саны

Құны

?

8

24

Сатып алынған тауардың БАҒАСЫН анықтау үшін тауардың ҚҰНЫН оның САНЫНА бөлу керек.

Б = Қ : С

(Ұ) Бұл кезеңді ұйымдастыру үшін оқылатын есептер түрін құрастыруға және шығаруға арналған слайд ұсынылады.

Бағасы

Саны

Құны

5 теңге

?

30 теңге

? теңге

6

48 теңге

9 теңге

3

? теңге

(Т) Топтарды алдын-ала әртүрлі деңгейдегі оқушыларға жіктеп қоюды ұсынамын.

1-топ

2-топ

3-топ

Өшіргіш бағасы-5тг

Құны-30тг

Саны-?

30/5=6

Жауабы саны 6

Қарындаштың саны-6

Құны-48тг

Бағасы-?

48/6=8

Жауабы: бағасы 8тг

Сызғыш бағасы-9тг

Саны-3

Құны-?

9*3=27

Жауабы: құны 27тг

С = Қ : Б

Б = Қ : С

Қ = Б С

Жұмысты/ құнды табу түріндегі сияқты стандартты есептер:

Шамалар (баға, саны, құны, бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса, бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын) арасындағы тәуелділікке берілген есептерді қамтыңыз.

(Ж,Қ) Оқушыларға жұпта талқылау және шешуге тапсырма беріңіз. Оларға кейбір шамаларды өзгертіп және есепті шешуде дәл сол тәсілді олар тағы қалай пайдалана алатынын зерттеуді ұсыныңыз.

(Ұ) Бұл есептеулерде стандартты тәсілдің қолданылу жолын талқылаңыз және оқушыларға өздерінің ұсыныстары мен идеяларын енгізуді ұсыныңыз.

Презентация

Сабақтың соңы

(30-40 мин)

(Ұ) Математикалық диктант

1. «Нан пісіруші бір сағатта 50 бәліш пісіреді. Нан пісіруші 3 сағатта қанша бәліш пісіреді?»

2. «Жеңіл машинамен 1 сағатта 70 км жол жүруге болады. Ал 4 сағатта неше км жол жүруге болады?»

3.«Дүкенде 1 балмұздақтың бағасы 150 теңге тұрады. Егер 5 балмұздақ сатып алатын болсақ, неше теңге төлеу керекпіз?

Тапсырманы орындап болған соң дәптерлерді алмастырып оқушыларға бірін-бірі бағалауды дұрыс жауаптарға ұсынып бағалауларын сұраңыздар.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті төмен оқушыларға жақсы үлгі боларлықтай етіп топтарды мұқият таңдау,
  • Қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін, топтарда бірігіп жұмыс жасау және талқылау.
  • Негізгі мәселелер бойынша қалыптастырушы бағалау бойынша оқу жоспарына қараңыз.
  • жеке оқушыларға сұрақ қою мүмкіндігі
  • «Топтар үшін өмір қауіпсіздік ережесінде» қарастырылатын қауіпсіздік сұрақтары.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу