6 санына көбейту кестесі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Кестелік көбейту және бөлу №1 сабақ. Тақырыбы: 6 санына көбейту кестесі | Мектеп: 7 | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Какимбаева Арайлым Каскырбаевна | ||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.2.4. – 6 санына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Жауапкершілік,өмір бойына білім алу | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, көркем еңбек. | ||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көбейту кестесі, бөлудің сәйкес жағдайлары, шамаларды көбейту және бөлу. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Психологиялық дайындық Шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір-біріне жылы тілектерін айтады. Топтастыру. Әр түрлі гүлдің түстері арқылы 3 топқа бөлінеді. Кіріспе тапсырма. (Ұ.Ж.) «Сиқырлы сурет» ойыны. Оқушыларға дәптерлеріне ені 3 см, ұзындығы 5 см болатын тіктөртбұрыш сызғызу. Оның әр торкөзіне 1-ден 15-ке дейінгі сандарды ретімен жазады. Оқушылардың есептеу дағдыларын еске түсіру мақсатында мұғалім мысалдарды оқиды, оқушылар мәнін бояп отырады. 1) 7 : 7 (1) 2) 3 санын 3 есе арттыр (9) 3) 18-ден 3-ті азайт (15) 4) 20 : 5 (4) 5) 3 · 5-2 (13) 6) 15 : 5 (3) 7) 21-ден 14-ті азайт (7) 8) 4·3 (12) 9) 100 санын 50 есе кеміт (2) 10) 4·4-8 (8) 11) 5·2 (10) 12)18: 2+5 (14)
Оқушылардан не шыққанын сұрау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 6 санына қатысты не білетіндеріне шолу жасау (алтыбұрыш, жәндіктердің 6 аяғы, төңкерілген 9 санына ұқсайды, текшенің 6 жағы, алты сезім мүшелері, миллиондағы 6 ноль, 6 құрлық). Оқушылардан 6 құрлықты сұрау.
Сен білесің бе? Еуразия — Жер шарындағы ең үлкен құрлық. Халық саны 4,8 млрд-тан астам, бұл дегеніміз Жер бетіндегі халықтың ¾ бөлігін құрайды. Оқушыларды сөздік бағалау. | Слайд №1 Слайд №2 Түрлі түсті гүлдер Слайд №3, 4. Слайд №5 Слайд № 6 Интербелсенді тақта Слайд №7 Дүниежүзі географиялық картасы | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин | (Т.Ж.) Орнын алмастыр. Әр топқа тапсырма беріледі. Оқушылар көбейту амалының – қосу амалындағы бірдей қосылғыштарды ауыстыратын амал екенін естеріне түсіреді. Тапсырма бірдей қосылғыштар түрінде беріледі. Топ оқушылар оны көбейтумен алмастырып, 6 санының көбейту кестесін құрады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ сағат тілімен бір-бірін тексереді. Бұл тапсырмадан оқушылар өздері қорытынды шығарады: бірінші көбейткіш өзгеріссіз қалады, екінші көбейткіш 1-ге артып, ал көбейтіндінің мәні 6-ға артып отырады. «Бас бармақ» арқылы бағалау. (Ж.Ж.) Теңдеу құр және шеш. Оқушылар жұбының әрқайсысына сөйлем түрінде жазылған теңдеу беріледі. Оқушылар берілген сөйлемді дәптерлеріне өрнек түрінде жазып, оның шешуін табады және орындап болған соң өзара бір-бірін тексеріп, бағдаршам түсімен бағалайды. «Бағдаршам» арқылы бағалау (Т.Ж.) Ойлан, топтас, талқыла. Оқушыларға есептің шығару жолдарын ламинатталған параққа жазып, тапсырманы орындап болған соң, парақтарын бір-бірімен алмастырып, топтар арасында өзара тексеру ұсынылады. Есептің шартын, сұрағын, шешуі мен жауабын сызба бойынша шығару. Орындалған тапсырманы топтар өзара бір-бірін тексеру. «Смайликтер» арқылы бағалау (Ө.Ж.) Ойлан, тап. Өзіндік жұмыс ретінде оқушыларға тапсырма жазылған парақшалар таратылады. Тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Оқушылар А – 4-ке бөлінетін сандар жиыны мен В – 6-ға бөлінетін сандар жиынына тиісті элементтерді анықтайды және жиынның ішіне жазады. Сонымен қатар А және жиынының қиылысуындағы сандарды жазады, яғни 4-ке де , 6-ға бөлінетін сандар. Тапсырманы орындап болған соң, бір оқушы жұмысын оқиды, қалған оқушылар тексереді. Өзін-өзі бағалау. | Слайд №8 Флипчарт, маркер Слайд №9 Қима қағаздар Слайд №10 Ламинатталған парақ, маркер Слайд №11 Тапсырма жазылған парақша | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс Не білдім? «Қар кесегі» әдісі арқылы топ арасында кері байланыс жүреді. Әр топ оқушылары басқа топқа параққа жазылған сұрақ лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.
«Мен журналистпін» ойыны түрінде өткізу. Ол үшін оқушылар өздерін журналист ролінде сезініп, газет бетіне мақала жазар болса, оны қалай жеткізер еді. Ол үшін оқушыларға мынадай үлгіде ауызша айту ұсынылады: - Мен 3-сыныптың математика сабағына қатыстым. - Сабақта маған ... өте қатты ұнады. - Мен .... туралы көп ақпарат алдым. | Слайд №12,13 Қар кесегі іспеттес қағаз Слайд №14 | |||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | «Мен журналистпін» ойыны арқылы бағалау. Білім алушыларды сөздік бағалау «Смайликтер» арқылы бағалау Сөздік бағалау Өзін-өзі бағалау | Өмір қауіпсіздігінің ережелері. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?