7-ге көбейту және бөлу кестесі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу кестесі

33-сабақ

Тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу кестесі

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.2.4. – 7 санына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану;

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Санды 7-ге көбейту кестесі:

7 ∙ 1 = 7 7 ∙ 6 = 42

7 ∙ 2 = 14 7 ∙ 7 = 49

7 ∙ 3 = 21 7 ∙ 8 = 54

7 ∙ 4 = 28 7 ∙ 9 = 63

7 ∙ 5 = 35 7 ∙ 10 = 70

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе. Жан-жануарлардың дыбысын салу арқылы топқа бөліну.Оқушыларға бұл жұмыста жауапты болуды ескертіңіз, яғни көп дыбыстың ішінен өзіне қажетті жануардың дыбысын тыңдай білуді тапсырыңыз.Балалар көздерін жұмып, өздеріне берілген жануардың дыбысын салады. Сол дыбыс арқылы бір-бірін тауып, топтасады.

Ұжымдаса білуге үйрету,яғни, әр жануар өз туысын тауып, ұжымдаса білу.

"Мысық","Ит","Жылқы"

Жүгірме диктант"

Есте сақтау қабілетін арттыру,көбейту кестесін меңгерту.

3 топқа арнап 6-ның көбейту және бөлу кестесі жазылған өрнектерді сыныптың әр бұрышына іліп қойыңыз..Белгі бойынша 3 топ бірге бастайды , топтағы 1 бала жүгіріп барып,1-ші өрнекті оқып, орнына келіп, жауабын жазады, келесі бала әрі қарай жалғастырады.Соңында әр топтың жұмысы тақтаға ілінеді.Оқушыларға бұл жерде өте жауапты болуды ескертіңіз.

Ой қозғау.

Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру мақсатында жұмбақ жасырыңыз. Жауабы болатын сөздерді не байланыстырып тұрғанын сұраңыз. Оқушылар 7 саны деп жауап берген соң, 7 санына қатысты қандай ұғымдарды білетінін сұраңыз. Оқушылардың жауаптарына қанағаттанбаған жағдайда толықтыру жүргізіңіз.

(Т.Ж.) Әр топқа тапсырма жазылған парақтар таратып беріңізу. Оқушыларға алдымен теңдіктің оң жағы мен сол жағын салыстыруды ұсыныңыз. Оң жағында көбейтінді, сол жағында қосынды екенін оқушылар айтуы тиіс. Тапсырма орындау барысында оқушылар әрбір өрнектің мәні жетіге артып отырғанын түсінулері тиіс және мынадай қорытынды жасаулары керек:

Көбейту дегеніміз – бірдей қосылғыштардың қосындысы. Ендеше бірдей қосылғыштарды көбейтумен алмастыруға болады деген ережені пайдаланамыз.

(Т.Ж.) Есепті шығар.

Оқушыларға алдымен есепті топта талдап, дәптерге шығару керек екенін айтыңыз. Тапсыраны орындауға уақыт берілетінін ескертіңіз. Есептерді шығарып болған соң, топтың өкілі басқа топқа барып, жауаптарын салыстырады. Соңында сөздік бағалау жүргізіңіз.

Түсіндіру:"есе артық","есе кем" ұғымдарын пайдаланып шығару. Бір секіргенде 7 бірлік болса, 3секіргенде 3 есе артық бірлік болады,есе артық болса, не істейміз?(көбейтеміз), есе кем десе не істейміз?(бөлеміз)

Жауабы:

1-топ. 3 · 7 = 21 6 · 7 = 42 8 · 7 = 56

2-топ. 63 : 7 = 9 Әр қорапта 9 килограмм өрік бар.

3-топ. 6 · 7 = 42 6 қойдан 42 килограмм жүн қырқып алуға болады.

(Ж.Ж.) Жұптас, ойлан.

Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға жұптаса отырып, берілген есептің қысқаша жазуын толықтырып, оны шығаруды ұсыныңыз. Толықтыруды өз қалауларынша жүргізуге болады. Есепті шығарып болған соң жұптардың өзара тексеруі жүргізіледі.

(Ж.Ж.) Бұл тапсырманы жұптық жұмыс түрінде жалғастырыңыз. Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттерін пысықтау мақсатында тапсырма беріңіз. Жұптағы бірінші оқушыға көбейту амалына байланысты, екінші жұпқа бөлу амалына байланысты кесте беріледі. Амалдарды орындап, нәтижесін жазып болған соң, өзара тексереді. Бұдан оқушылар көбейту мен бөлу өзара кері амалдар деген қорытынды жасауы керек.

Жауабы:

а

7

7

7

7

7

7

b

2

4

5

8

6

9

a · b

14

28

35

56

42

63

а

14

28

35

56

42

63

b

7

7

7

7

7

7

a : b

2

4

5

8

6

9

(Ө.Ж.) Теңдеу құр және оны шеш.

Тапсырма оқушылардың санды 7-ге көбейту кестесін қолдануға қатысты білімін бекітуге мүмкіндік береді. Оқушылар көбейтуге және бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді шешеді. Бұл мысал 7-ге көбейту кестесін қолдану дағдысын бекітуге көмектеседі. Оқушыларға қима қағазға жазылған тапсырмалар таратылып беріңіз. Сөйлеммен берілген тапсырмадан теңдеу құрады және шешеді. Тапсырманы орындап болған соң, бір оқушы тақтада орындайды, қалған оқушылар өзін-өзі тексереді. Егер ешқандай қате болмаса + таңбасын, қате болса – таңбасын қояды. Оқушылар түсінбеген жағдайда анықтап түсіндіру.

Жауабы:

Х · 7 = 42 21 : y = 3

Х = 42 : 7 y = 21 : 3

X = 6 y = 7

6 · 7 = 42 21 : 7 = 3

42 = 42 3 = 3

Рефлексия. «Өзара түсіністік шыңы» Көңіл-күй баспалдақ түрінде кескінделеді. Бірінші баспалдақ – өте жаман көңіл күй. Екінші баспалдақ – жаман көңіл күй. Үшінші баспалдақ – жақсы көңіл күй. Төртінші баспалдақ – күшіне сенімді. Бесінші баспалдақ – тамаша көңіл күй. Сабықтың, күннің соңында оқушы өзінің көңіл күйінің қандай екендігін көрсететін баспалдаққа қояды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу