9-ға көбейту кестесін пайдаланып есептер шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№38 сабақ. Тақырыбы:9-ға көбейту кестесін пайдаланып есептер шығару

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.4 – 8, 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және

қолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, қима қағаздар, таратпа қағаздар, А4 форматты парақ, ламинатталған парақ, маркер

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

1. Бөлудің компоненттерінің арасындағы байланысты қайталау керек.

2. Бөліндінің мәнін бөлгіштің мәніне көбейтсек, бөлінгіштің мәнін аламыз.

3. Бөлінгіштің мәнін бөліндінің мәніне бөлсек, бөлгіштің мәнін аламыз.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Алдын-ала дайындалған гүлдерді таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.

(Ұ.Ж.) Сабақты ұжыммен «Гүл жинау» ойынын ойнатудан бастаңыз. Бұл ойын арқылы оқушылар көбейту кестесін пысықтап, қайталайды. Көбейту кестесі жазылған өрнектерді жауабын оқушылар ауызша шапшаң, жылдам айту керек екендігін ескертіңіз. Әрбір дұрыс жауабы үшін гүлді біртіндеп құмыраға жинайды.

Жауабы:

54, 48, 8 ,36, 9, 18, 4, 21, 81.

Оқушыларға «Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Сәкестендір.

(Т.Ж.) Сабақты әрбір топқа А4 форматты парақта жазылған тапсырма таратып беруден бастаңыз. Оқушылар есептің шартымен танысадыжәне оған сәйкес келетін шешуін сызық арқылы қосады. Есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға болатындығын айтып өтсеңіз де болады. Оқушылар есептің екі тәсілді де табады. Оқушылар алдымен жұбымен, сосын топпен талқылайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарына талдау жасайды.

Жауабы:

І.(36+27):9=7

ІІ. 36:9+27:9=7

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.

(Т.Ж.) Ойлан, топтас, талқыла.

Топтық жұмысты әрі қарай жалғастырыңыз.Оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратып беріңіз. Оқушылар есепке екі амалмен шығарылатын етіп сұрақ қояды, және сол есепті шығарады.Оқушыларға есептің шығару жолдарын алдымен ламинатталған параққа жазып, тапсырманы орындап болған соң, парақтарын бір-бірімен алмастырып, топтар арасында өзара тексеруді ұсыныңыз. Топтар өзара бірін-бірі тексереді.

«Смайликтер» арқылы бағалау жүргізіңіз.

(Т.Ж.) Кесте бойынша есеп құрастыр.

Топтық жұмысты кесте жазылған қағазды таратып беру арқылы жалғастырыңыз.

Оқушылар берілген кесте бойынша есеп құрастырады, оларды шығарады. Есептерді шығаруда бір заттың массасы, саны, жалпы массасы арасындағы тәуелділікті пайдаланып шығаруды үйренеді.Оқушылар өздерінің есебімен таныстырады, шығару жолын көрсетеді.

Жауабы: 5жәшік, бір жәшіктің массасы 9кг

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізуді ұйымдастырыңыз.

(Ж.Ж.) Әрі қарай «Броундық қозғалыс» әдісі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз.

Әрбір жұпқа теңдеудің жауабы берілген таратпа қағаз таратып беріңіз. Сынып ішіне теңдеудің берілгенін әр жерге алдын ала іліп қойыңыз. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, жауабына сәйкес келетін теңдеуді тауып және толықтырып теңдеуді шешеді тапсырыңыз.

Оқушылар «Бағдаршам» түстері арқылы бір- біріне бағалау жүргізеді.

Ойлан, тап.

(Ө.Ж.) Сабақты «Ойлан, тап» ойыны арқылы аяқтауға болады.Оқушылардың санды 9-ға көбейту және бөлу кестесі туралы алған білімдерін бекітуге арналған тапсырма беріледі. Оқушылар дұрыс жауап арқылы өз –өздерін тексеріп, бағалау шкаласы арқылы бағалау жүргізеді.

Жауабы:

1) 4, 18, 34, 85, 76.

2) 4, 3, 8, 7, 9.

Өзін –өзі бағалау

«5» - қате жоқ

«4» -1,2 қате

«3»- 3,4 қате

Кері байланысты гүлдердің түстері бойынша жүргіуге болады.

Қызыл гүл -нашар жұмыс істедім.

Сары гүл –орташа жұмыс істедім.

Ақ гүл -өте жақсы жұмыс істедім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу