Ұжым. Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
№ 32 сабақ. Формулалар
Тақырыбы: Ұжым. Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз. | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
3-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.1.1. Бір/екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу. 3.2.1.7. Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну 3.5.1.2. Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | «Бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» ұғымдары | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Қоры | |||||||||||
0-3 | Ынталандыру. «Күн сәулесі» ойыны арқылы көбейту мен бөлуден тапсырмалар ауызша орындау. | ||||||||||||
4-6 | Өзектендіру. Т.Ж.Оқулықтағы 1- практикалық сабақ топпен орындалады. Оқушылар 6 санына көбейту мен бөлу мысалдары жазылған кесте мен олардың жауаптары бар карточкалар алады. Оқушылар өрнектерді және олардың мәндерін жалғастыру қажет. Ойын.«Мен саған, сен маған» ойыны арқылы 6 санының көбейту кестесін кезектесіп екі бала бір-бірінен сұрау және жауап алу. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» | Оқулық, 6 санының көбейту жағдайлары және олардың жауаптары көрсетілген кестесі бар карточкалар | |||||||||||
7-11 | Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар). Ұ.Ж.Оқулықтағы 2- тапсырманы орындау үшін оқушылар кестені толтырып, әрбір есеп үшін қандай формуланы қолданғанын түсіндірулері қажет. Егер бағасы және саны белгілі болса, қыстырғыштардың құнын қалай білуге болады? Егер бізге барлық сатып алынған заттың және бір өшіргіштің бағасы белгілі болса, сатып алынған өшіргіштердің санын қалай білеміз? Егер сатып алынған заттың және дәптерлердің саны белгілі болса, бір дәптердің бағасын қалай білеміз? «Шапалақ» арқылы бағалау | Оқулық | |||||||||||
12-29 | Жаңаны ашу. Т.Ж.3-тапсырмада оқушылар формулаларға сүйене отырып, өнімді есептеуге көмектесулері қажет. Оқушылар кестені пайдалана отырып, кері есеп құрастырып, оны шығарады. (Топта оқушыларға өз ойларын айтуға мүмкіндік беру) «Смайликтер» арқылы бағалау Ж.Ж. 4-тапсырма топпен орындалады. Оқушылар есепті формулаларды пайдалана отырып шығарады. Берілген есепке кері есеп құрады. «Жалғасын тап» әдісі арқылы 1. Бүкіл сатып алынған затқа жұмсалған ақша сомасы – … (құн). 2. Тауардың бір бірлігіне жұмсалған ақша мөлшері – … (баға). 3. Тауар бірлігінің мөлшері – … (сан). 4. Санды табу үшін … (құнды бағаға бөлу керек). 5. Құнды табу үшін … (бағаны санға көбейту керек). 6. Бағаны табу үшін… (құнды санға бөлу керек). (Қателерін түзеу) «Смайликтер» арқылы бағалау Ж.Ж. 5-тапсырма жұппен «Көршіңмен кеңес» әдісі арқылы амалдардың орындалу реті бойынша өрнектердің мәндерін табады. . «Басбармақ» арқылы бағалау | Оқулық | |||||||||||
30-40 | Өздік жұмыс 6-тапсырманы орындай отырып, оқытушы оқушыларға иллюстрацияны қарап, жағдаятты түсіндіруді ұсынады. Оқушылар формуланы қарап шығып, әрбір әріптің нені білдіретінін пайымдайды. Формулаларды пайдалана отырып, оқушылар есептердің шартын кестеге жазып алып, оларды шығарады. Оқытушы тапсырманы дәптерге немесе өлшемшарттар бойынша формаланған бағалауы бар карточкаларға орындауды ұсынады. Мен:
Өткенді қолдану 7-тапсырма бойынша есептің шартын кестеге жазып, формуланы пайдаланып есепті шығарады. (Формуланы қиналған оқушыларға қолдануды үйрету) «Смайликтер» арқылы бағалау 8-тапсырма үйге беріледі. | Оқулық, дәптер. | |||||||||||
41-45 | Рефлексия. Өзін-өзі бағалау парақшасы арқылы бағалау
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?