Жақсылық пен жамандық. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
34-сабақ. Есептер шығару. Білімді бекіту
Оқу мақсаттары:Есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы өзара тәуелділікті пайдалану.
Формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну
Төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу.
Сабаққа қажетті ресурстар: қима қағаздар,формула жазылған қағаздар,маркер,ақ қағаздар,конверт
Сабақта қолданатын деректі материалдар:сабақта әртүрлі кестелер арқылы және қысқаша жазуды қолданып есептер шығаруды қайталайды.Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығаруды және талдай білуді бекітеді.
Ынталандыру.
Ұ.Ж.Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 1-тапсырмадағы мақалды құрап, оқып шығуды ұсынады. Мақалды дұрыс құрғандарына сенімді болу үшін оқушылар мәндерді арту ретімен есептеп шығарып, орналастыра отырып, өздерін тексереді.
- «Жақсы өз басынан көреді, жаман жолдасынан көреді» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Жақсы адам қандай болуға тиіс?
Жақсылық қалай жасалады?
Қандай адамдарды жақсы адам деп айтамыз?
Жақсы адам деп біз қандай адамдар екеніне қарамастан, жақындарына, достарына, таныстарына және бейтаныс адамдарға – жалпы басқа адамдарға жақсы ізгі істер жасайтын адамдарды айтамыз. Сондай-ақ жақсы қарым-қатынасқа шақыратын адамды да айтамыз.
Ж.Ж.2-тапсырманы орындау кезінде оқушылар есепте қандай шамалар туралы айтылғанын анықтап алып, қажетті формуланы жазып, есепті шығарулары қажет.Бұл есептерді шығару үшін оқушылар бір заттың массасын табу қағидасын пайдалануы қажет: бір жәшіктің массасын табу үшін жалпы массаны жәшіктер санына бөлу қажет.
«Басбармақ» арқылы бағалау
Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).
Бүгін сендердің әрқайсысыларыңның неден қиналатындарыңды анықтап, қателерді түзейміз.
«Ақиқат немесе жалған» әдісі бойынша көбейту және бөлу кестесін сұрау.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»
Ө.Ж.Оқушылар 3-тапсырманы кесте бойынша есеп құрастырады,шешеді.Тапсырмалардың орындалу нәтижелерін салыстырады.
Тапсырмалардың орындалу дұрыстығын тексеру.
(Қателерді түзеу).
– Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын айтады.:
«Басбармақ» арқылы кері байланыс беру
Шығарып көр.
Ұ.Ж.4-тапсырманы «Хат келді» әдісі бойынша орындайды және нәтижесін салыстырады.
7·6 > 5·6 3·7 * 6·6
6·8 = 8·6 48:6=2·4
5·7 > 7·3 54:6 =18:2
«Шапалақ» арқылы бағалау
Өткенді қолдану
Ж.Ж. 5-тапсырма математикалық есептеу жылдамдығын дамытуға бағытталған. Тапсырма
орындалғаннан кейін оқушылардың жұппен өзара тексереді.
6 жәшік -42 кг алма
9 жәшік -? кг алма
Ш:42:6=7(кг) – (1 жәшік массасы)
9·7=63 (кг) -(9 жәшік массасы)
Ж:9 жәшік алма 63 килограмм
Кері есеп
9 жәшік -63 кг алма
6 жәшік - ? кг алма
Ж:63:9=7(кг) – (1 жәшік массасы)
6·7=42 (кг) -(7 жәшік массасы)
Ж: 7 жәшік алма 42 килограмм
«Смайлик» арқылы кері байланыс беру
«Домино» әдісі .6-тапсырмада алдын-ала кеспе қағаздарға тапсырмалар дайындайды. Кеспе қағаздың оң жақ бөлігіне өрнектер,сұрақтар, пікір, түсінік, ал, сол жағына-берілген өрнектің мәні, сұрақтардың жауабы жазылады.Оқушылар кеспе қағаздарды таратып алады.Бірінші оқушы тақтаға шығып, жауабын ауызша хабарлайды.Қолдарындағы жауап сәйкес келген жағдайда тақтаға сәйкестендіріп іледі
0·6=0 6:1=6
36:6=6 6:6=1
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»
Өздік жұмыс
7-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді. Оқушылар қай қорапқа не салынғанын анықтаулары тиіс.
К Р Ф
Р Ф К
Ф К Р
Оқушылар ықтимал 2 нұсқа бар деген қорытындыға келуге тиіс: «қаларындаш» деп жазылған қорапта қаламдар жатады, «қаламдар» деп жазылған қорапта фломастерлер жатады, «фломастерлер» деп жазылған қорапта қаларындаш жатады. Егер «қарындаш» деп жазылған қорапта фломастерлер жатса, онда «қаламдар» деп жазылған қорапта қарындаш жатады, «фломастерлер» деп жазылған қорапта қаламдар жатады.
«Басбармақ» арқылы бағалау
Рефлексия.
«Алма ағашы» әдісі
- мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын,көңіл-күйім көтеріңкі.
-мен бүгін тапсырманы орындай алмадым,көңіл-күйім жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?