Жақсылық пен жамандық туралы халық ертегілері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы:8-ге,9-ға көбейту кестесі

Оқу мақсаттары: 8, 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар: 8-9-ға көбейту мен бөлу кестесі,кестелер

Сабақта қолданатын деректі материалдар: көбейту мен бөлу компоненттерінің арасындағы байланысты қайталау керек.

Оқытушы мақалдарды оқиды.

Ешкімге жақсылық жасай алмайтындар жамандыққа жолығады.Кімде-кім жасаған жақсылығын бұлданса, оның бағасы көк тиын.

Жақсылықты оны түсіне алатын адамға жасау керек.

Жақсылық бірден емес, баяу жасалады.

- Бұл мақалдар несімен ұқсас? Олар не туралы?

Өздеріңе ұнаған мақалдардың мағынасын түсіндіріңдер.

Қандай халықтық шығармалар жақсылыққа үндейді

Өзектендіру.

Ойын. «Бөлісу – бөліспеу».

Балалар топтарға топтау.. Әрбір топ көбейту кестесінің

(3, 4, 5, 6, 7 сандарына) біреуіне жауап береді. Содан кейін оқытушы әртүрлі сандарды көрсетеді, ал оқушылар бұл сандар өздерінің сандарына еселі болса, қолдарын көтереді.

Көбейту кестесін кімнің ойлап тапқаны нақ айқын емес. Тек оның 2200 жыл бұрын Қытайда пайда болғаны ғана белгілі. Бұл игілікті іс адамзатқа мыңдаған жылдар бойы қызмет етіп келеді. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!»,

Жаңаны ашу.

Т.Ж.

  • Оқулықтағы 1-2- тапсырма. 8 және 9 сандарына көбейту және бөлу кестесін құрыңдар. Топпен жұмыс жасау
  • Кестені құруды қандай мысалдан бастауға болады? (Кестені 8-ді 8-ге көбейту мысалынан бастап, 8-ден санап, ережені қолдана отырып, жолдар бойынша толтырады.)
  • Екінші бағанды құру кезінде қандай ережесін қолдандыңдар? Үшінші бағанды құру кезінде қандай ережесін қолдандыңдар? Төртінші бағанды құру кезінде қандай ережесін қолдандыңдар? (Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті, көбейту амалы компоненттерінің өзара қатынасын еске түсіру)(топта қиындық кездессе көмек көрсету)

Тапсырманың орындалу дұрыстығын қалай тексереміз?

(Көбейту кестесін қарау )

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Алғашқы бекіту үшін балалар көбейту мен бөлуге арналған өзара байланысты мысалдардың төрттігін құрып, оларды дауыстап айтады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!»,

«Керемет!»

Ж.Ж.3-тапсырма жұппен орындалады, сурет бойынша есеп құрастырып ,оны шығарады.(түсінбеген оқушыларға түсіндіру)

1 басы -2 бәліш

9 басы -? бәліш

Ж:9 ·2=18(б)

Ж:Тоғыз басты айдаһар түскі асқа 18 бәліш жейді.

«Басбармақ» арқылы кері байланыс беру

Орындап көр.

Ө.Ж.4-тапсырма жұппен орындалады, оқушылар кестені қарап, есептер құрастырып, оларды шығарады.(Қиындық келтірген оқушыларға көмектесу)

-Бір қорапта 4 кг ұн болса, 8 қорапта қанша килограмм ұн бар?

-Бір қораптың массасын 8 қорапқа көбейтеміз,сонда жалпы масса шығады.

1қорапта – 4 кг

8 қорапта -? Кг

Ш:4 ·8=32(кг)

Ж:8 қорапта ұнда 32 килограмм ұн бар.

Кері есеп

1қорапта – ? кг

8 қорапта -32 кг

Ш:32:8=4 (кг)

Ж:1 қорапта 4 килограмм ұн бар.

-8 қорапта 32 кг ұн болса, бір қорапта қанша ұн бар?

-Жалпы массаны санына бөлсек бір қораптың массасы шығады.

«Смайлик» арқылы бағалау

Ж.Ж. 5-тапсырманы жұппен орындайды.Кестені пайдалана отырып,есепті шығарады.

40 л сүт – 8 тобатай

30 л сүт - ? тобатай

Ш:40:8=5 (л) – 1 тобатай сыйымдылығы

30:5=6(т)

Ж:30 л сүт құю үшін 6 тобатай қажет

«Бағдаршам» арқылы бағалау

(Ө.Ж.) Өрнек құр. 6-тапсырмада берілген есеп бойынша өрнек құрады.

1 қойдан - 7 кг жүн

56 кг жүн - ? қой

Ш:56:7=8(кг)

Ж:56 килограмм жүнді 8 қойдан қырықты.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

Есепте. 7-тапсырмада амалдардың орындалу тәртібі бойынша орындайды. (кеткен қателерді түзету)

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау

8-тапсырма зерттеушілік сипатта болып келеді, оқушылар орындалған амалдар бойынша өрнек құрауы қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу