Амалдардың орындалу тәртібі. Жақшасыз өрнектер. Математика, 3 сынып, қосымша материл.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

Тақырыбы: Амалдардың орындалу тәртібі. Жақшасыз өрнектер

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.2.1.6 – төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу.

Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:Егер жақшасыз өрнекте тек қосу және азайту амалдары ғана болса, онда бұл амалдар жазылу ретімен солдан оңға қарай орындалады.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. «Гүлмен тілек» Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіру. «Қосу», «Азайту», «Көбейту» , «Бөлу».

(Ұ.Ж.) Жасырынған сөзді тап. Сабақты ұжымдық жұмыстан бастаңыз.Оқушыларға өрнек жазылған тапсырманы таратып беріңіз. Оқушыларға берілген тапсырманы орындайды. Әрбір тапсырманың тұсында әріптер бар. Шыққан нәтижесін кестеге өсу ретімен орналастырады және әріптерді жазады. Оқушылар алынған сөзді оқиды. Шешуі: өрнек. Оқушыларға мынадай сұрақ қою арқыла сабақты жалғастырасыз.

- Өрнек дегеніміз не?

Жауабы: өрнек

«Жарайсың», «Бәрекелді», «Ақылдым сол». т.с.с. сөздік бағалау жүргізіңіз.

(Т.Ж.) Дұрыс жауабын тап. Топтық жұмысты әрбір топқа әртүрлі тапсырма беруден бастаңыз. Оқушылар берілген өрнекті талдап, қай өрнекте амалдардың орындалу реті дұрыс көрсетілгенін анықтайды. Содан кейін оқушылар қай өрнектің мәні дұрыс екені туралы қорытынды жасай алады.Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, әрбір топ өз мысалын тақтаға шығып көрсетеді. Өрнектегі амалдардың орындалу ретін түсіндіреді. Егер жақшасыз амалдарды орындау тәртібінде +; -; : ; ∙ ; амалдары кездессе, онда алдымен көбейту мен бөлу содан кейін қосу мен азайту амалдары солдан оңға қарай орындалады.

Егер тек қосу мен азайту амалдарынан немесе көбейту мен бөлу амалдарынан болса, онда солдан оңға қарай амалдар ретімен орындалады. Оқушылар жақшасыз берілген амалдар-дың орындалу тәртібінде бірнеше арифметикалық амалдардан тұратын өрнектерді орындауды үйренеді.

Жауабы:

  • топ 3-топ

32 28

  • топ 4- топ

36 428

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Амалдарды орында.

(Ж.Ж.). Сабақты «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы жалғастырыңыз.Оқушылар берілген тапсырманы алдымен өзі жек орындайды.Содан кейін жұбымен талқылап пікірлеседі.Жұптағы оқушылар өздерінің ортақ шешімін ламинатталған параққа жазуды ұсыныңыз. Олар өрнектің мәнін тауып, амалдардың орындалу тәртібін жазып көрсетеді.Содан кейін бірнеше оқушыдан сыныпқа өз мысалдарын түсіндіруді сұраңыз, ал қалған оқушылар жауаптарын онымен салыстырады. Оқушылар жақшасыз амалдардың орындалу реті туралы алған білімдерін тиянақтайды.

Жауабы:18; 96; 1; 34.

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Ойлан, тап!

(Т.Ж.) Топтарға тапсырма таратып беруден бастаңыз. Оқушылар алдымен жұпта, содан кейін топта орындайды. Оқушылар берілген сандардың арасына теңдік тура шығатындай етіп амал таңбасын қояды. Мүмкін жағдайдың барлығы қарастырылады. Оларға өрнектердегі арифметикалық амалдардың үстіне оның орындалу ретін жазып көрсетуді тапсырыңыз. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарының дұрыстығын дәлелдеп береді. Тапсырма сабақта меңгерген дағдыларды бекітуге арналады.

Жауабы:

  • - ; - 3) : ; +

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз.

Қатесін тап!

(Д.Ж) Сабақ соңынды оқушылырмен өзіндік жұмыс істеуді ұйымдастырыңыз. Оқушылар берілген өрнектердің қатесін тауып, мәнін есептейді және амалдардың орындалу ретін көрсетеді. Өз шешімін түсіндіреді. Қате жіберген оқушыларға жеке көмек көрсету.Оқушылар қатемен жұмыс жасау арқылы алған білімдерін тиянақтай түседі.

Жауабы:

60: 6∙3 -18 =12

72 : 9 + 36 – 13 =31

Геометриялық фигуралар арқылы бағалауды ұйымдастырыңыз.

«Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жүргізіңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу